Жаз. Жаз келбеті. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлімі. Табиғат құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

45 минут

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жаз. Жаз келбеті

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну.

4.1.2.1 жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсіну.

4.3 Пунктуация-лық нормаларды сақтау.

4.4.3.1 сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану.

 Сабақтың мақсаттары

Барлығы: жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсінеді; сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тиісті тыныс белгісін сөйлемде орынды қолданады.

Көпшілігі: жаз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды.

Кейбірі: жаз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

Бағалау критерийлері

  • Жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсінеді.
  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тиісті тыныс белгісін сөйлемде орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: жайдары, жайқалады, жарқырайды

Сұрақ құрастыруда:

Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше ....

Құндылықтарды дарыту

  • Ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;
  • Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру

Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапты

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын пайдалану

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақтың мақсаты:

  • Жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсінемін.
  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тиісті тыныс белгісін сөйлемде орынды қолданамын.

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

10 минут

Тыңдалымалды тапсырма

Суреттер сөйлейді

Сөздікпен жұмыс

Сөздерді меңгерту

Жайдары – көңілді, жайма шуақ, жайдары жаз, жайдары мезгіл, жайдары адам

жайқалады – құлпырады, жердің беті құлпырады, көк кілемдей жайқалады

жарқырайды – өте жарық болады, күннің көзі жарқырайды

(Ж)

- Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

Сергіту сәті. «Шаттық шеңбер»

Жазғы ойын түрлерін қимыл арқылы көрсетіп, оларды табу.

Тыңдалым

Жаз келбеті

Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жаз – жылдың ең ыстық әрі жайдары мезгілі. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында қысқы ұйқысынан оянған табиғат құлпырады. Бақтарда әр түрлі құстар ән салады. Жаз айының ауасы да ерекше. Жердің беті кілем сияқты жайқалады. Күннің көзі ерекше жарқырайды.

Балалар демалысқа шығып, достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады, өйткені бұл кезде жұмыс көп болады. Далада көптеген шыбын-шіркейлер, көбелек, инеліктер шығады. Жаз мезгілінде алыстан ұшып келген құстар ұя салып, балапан шығарады. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар – осының бәрі жаздың сәні емес пе?! Төрт түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота, күшіктермен күні-түні  қызық көріп ойнайды. Бақшамызда бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ сияқты гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашады. Жаздан кейін желді, жаңбырлы күз келеді.

Мұғалім тыңдалым тапсырмасын түсіндіріп, мәтінді екі рет оқиды.

) Әр оқушы мәтінді екі рет мұқият тыңдайды. Мәтінді тыңдай отырып таныс емес сөздерді жазып отырады. Тыңдап болған соң білетін оқушылар сыныптастарының білмейтін сөздеріне түсінік береді.

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, таныс емес/түсінбеген сөздерді дәптерге жазып отырыңыз. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қойылатын тиісті тыныс белгісін қолданыңыз.

2-тапсырма. Cөйлемдерді қажетті сөздерді қойып толықтырыңыз.

Қажетті сөздер: жайдары, жайқалады, жарқырайды

Жаз – жылдың ең ыстық әрі .......................... мезгілі.

Жердің беті кілемдей .......................... .

Күннің көзі ерекше ..................................... .

Бағалау

Оқушылар қол шапалақтау арқылы дұрыс жауап нұсқаларын көрсетеді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Жеке жұмыс

Тапсырма. берілген сөйлемдердегі қарамен белгіленген сөздердің орнына бірыңғай мүше болатын сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз, тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.

Үлгі:

Жаздың үш айы бар. – Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз.

Бақтар мен ормандағыда әртүрлі құстар жаздың сәні келтіреді. Далада көптеген жәндіктер шығады. Бақшамызда саналуан гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашады. Балалар үй жануарларының төлімен күні-түні  қызық көріп ойнайды.

Кері байланыс. Оқушылар жазған сөйлем нұсқаларын оқиды.

Сабақтың соңы

2минут

Рефлексия

Мен ... туралы білгенмін.

Мен үшін ... қызық болды.

Мен ... таңғалдым.

Мен үшін ... қиын болды.

Үйге тапсырма: «Менің жазғы демалысым» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу