Біздің мереке №8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Көкжиек» оқулығы бойынша)

8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

8-сабақ «Біздің мереке»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Суретке қара, сұрақтарға жауап бер» әдісі арқылы сөздік қорды белсендіру көзделеді. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суретті көрсетіңіз. Оқушылар суретке қарап, сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбын болжайды;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздерді суреттер арқылы ой шақыртылып дамытылады. Сөздерді балама сөздер келтіріп түсіндіріңіз.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Теориялық бөлім:

Алдымен жіктік жалғаудың жекеше және көпше түрлерін қайталатыңыз, оқушылар ауызша немесе жазбаша талдайды.

Практикалық бөлім:

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • Бірінші тапсырмада оқушыларға оқылым мәтіні арқылы білім жинақтайды. Оқушы алдымен мәтінді мұқият оқиды, тірек сөздерді белгілеп, мазмұнын талқылайды. Сұрақ қою арқылы бағыт беріп отырыңыз;
  • Екінші тапсырманы жұптасып орындайды. Берілген сұрақтар арқылы жауап береді. Оқушылардың сұрақ қою интонациясына назар аударыңыз;
  • Үшінші тапсырманы оқушылар топпен (үш сурет – үш топ) орындайды. Әр топқа сурет таратылады. Сурет желісі бойынша сипаттайды. Саябақтан алған әсерін, оларды не қызықтарғаны жайлы әңгімелейді. Топтағы әр оқушының сөйлетінін ескертіңіз. Топтар жауаптарын өз ара бағалайды.
  • Соңғы тапсырманы оқушы жеке орындайды. Тапсырманы орындатпас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Мұғалім оқушының жұмысын бағалайды. Оқушы тірек сөздерді қолданып, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.
  • Қосымша ақпарат:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарында тапсырмалардың реттілігі оқулықтағы реттілікпен (кейібірі) сәйкес келмейді, сондықтан «ресурс» бөлігіне назар аударыңыз, ол жерде «Көкжиек» оқулығы, беті, тапсырмасы деп нақты көрсетілген.

  • Шартты белгілер:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарында «қанат білгісі тапсырманы орындаған кезде оқушыға көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.

  • Бағалау:

Мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

  • Кері байланыс

Оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

  • Рефлексия

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

Оқушылар өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төртбұрыш-стикеріне жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу