Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Көкжиек» оқулығы бойынша)

8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

9-сабақ « Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Суретке қара, сипатта» тапсырмасы арқылы сөздік қорды белсендіру көзделеді. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суретті көрсетіңіз. Оқушылар суретке қарап, өз ойларын немесе осы суреттегі жағдай бастарынан кешкенін баяндайды. Сабақтың тақырыбын болжайды;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздерді суреттер арқылы ой шақыртылып дамытылады. Сөздерді балама сөздер келтіріп түсіндіріңіз.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Теориялық бөлім:

Алдымен жіктік жалғаудың жекеше және көпше түрлерін қайталатыңыз, оқушылар ауызша немесе жазбаша талдайды.

Практикалық бөлім:

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • Тыңдалым тапсырмасында оқушылар аудионы екі рет тыңдайды. Бірінші рет тыңдаған кезде түсінбеген сөздерді түртіп алады. Екінші рет тыңдағанда, оқушы нақты тапсырманы орындауға кіріседі. Оқушының тыңдалым мәтінін түсінуіне назар аударып, өз сөзімен түсіндіре алуын қадағалаңыз;
  • Тыңдалымнан кейін оқушы мәтін мазмұнына сай суреттерді орналастырады. Орналасу реттілігін өз сөзімен түсіндіреді. «Менің ойымша ...» сөзін қолдануына назар аудартыңыз;
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырмада оқушы оқылым арқылы білімін жинақтайды. Түсінігін сұрақ қою арқылы бекітеді. Сұраулы шылауларды қолдана алуына назар аударыңыз;
  • Соңғы тапсырманы оқушы жұптасып орындайды. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Оқушы сөйлемді жалғастырып, жазда не істейтінің туралы мәтін құрастырады. Мұғалім оқушының сөйлемді жалғастырып, ойын жеткізе алуын бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мәтінді таратып, өз сөзімен айтқызуға болады.
  • Шартты белгілер:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарында «қанат білгісі тапсырманы орындаған кезде оқушыға көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.

  • Бағалау:

Мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

  • Кері байланыс

Оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

  • Рефлексия

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Табыс сатысы» тәсілі арқылы оқушылар өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу