Мерекелер №8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (ОМЖ)
8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер
8-сабақ «Мерекелер»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Суреттер» арқылы ой шақыру;
- Оқушылар не көріп тұрғанын, болатын мезгілін, нақты атауын атайды;
- Мұғалім оқушыларды сұрақтармен бағыттайды. Мысалы: Суретте не бейнеленген? Отшашу қашан болады? Аспанға шарларды не себепті ұшарады? Осы суреттерге қарап қандай меркелерді атауға болады?
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
- Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
- Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Сергіту сәті:
- https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y «Бала, бала, балапан» атты бейнеклипті көрсетіңіз;
- Ұзақтығы – 2 мин, 32 сек.;
- Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады;
- Қазақ халқының әнімен танысысады, жазуды оқып бірге орындайды;
- Оқушылар ән арқылы қимылдарды, әрекеттерді үйренеді, көңілдерін көтереді.
Грамматикалық қоржын:
- Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
- Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
- Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
- Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.
Тыңдалым тапсырмасы:
- Мұғалім оқушыларға мәтінді өзі оқиды немесе аудио құралға арнайы жазады;
- Оқуы баяу және анық болуы қажет;
- Бірінші тыңдаған соң оқушылардың түсінігін сұраңыз;
- Жаңа сөздерге және тақырыпқа назар аудартыңыз;
- Тыңдалым тапсырмасын түсіндіріңіз;
- Түсінбеген сөздерге тоқталыңыз, талқылаңыз;
- Оқушы екінші рет тыңдалымды тыңдап отырып «ия» немесе «жоқ» ақпаратты белгілейді.
- Бағалауы:
- Оқушыларды бір-бірінің жұмысын тексертуге немесе оқушыларға тізбекпен сөйлемдерді дауыстап оқытуға болады.
Тыңламнан кейінгі тапсырмасы:
- Бұл тапсырманы оқушы жеке орындайды;
- Тыңдалымдағы мәтінді кесте арқылы саралап, әңгімелейді;
- Кестедегі тапсырманы талқылатыңыз,
- Оқушыны өз өмірінен мысал келтіріп әңгімелеуге бағыттаңыз.
Бағалау:
- Мұғалім оқушының тақырып бойынша тірек сөздерді қаншалықты қолдана алуын;
- Сөйлемдердің орын тәртібінің сақталуын;
- Өмірмен байланыс жасай алуын бағалайды.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
«Бағдаршам» тәсілі оқушылар өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру