Мерекелер №8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мерекелер №8

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

3.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын мұғалімнің қолдауымен түсінеді және берілген тірек сөздер негізінде сөйледі.

Оқушылардың көпшілігі:

шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді және үлгі бойынша

берілген тірек сөздер негізінде сөйледі.

Оқушылардың кейбірі:

шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді және тірек сөздерге сүйеніп, өз ойын жеткізеді.

Бағалау критерийлері

  • Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады;
  • тірек сөздерге сүйеніп, өз ойын жеткізеді.

Лексикалық минимум

Жаңалық, мәлімет

Грамматикалық минимум

Үстеу

Қашан? (басында, ортасында, аяғында)

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Демалыс мәдениеті №7

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.

Ой шақыру

(Ұ) Суретке қарап сұрақтарға жауап бер.

  • Екі суреттің айырмашылығын қандай?
  • Екі суретті не біріктіреді?

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратамын;
  • тірек сөздерге сүйеніп, өз ойын жеткіземін.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Тыңдалым алды тапсырмасы:

(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Жаңалық – оқу, көру, ашу

мәлімет – ақпарат, мағлұмат

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын.

Тақтада уақыттың мезгіліні білдіретін сөздерді жазып басында, ортасында, соңында көрсету. Оқушылар шеңберге тұрып, сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын. Мысалы, айдың басында

Тыңдалым тапсырмасы:

(Ұ) Мәтінді мұқият тыңда (2 рет тыңдайды).

Менің Отаным – Қазақстан. Мереке туралы мәліметті газет, журнал, теледидар жаңалығынан танып білемін. Мысалы, 1 қыркүйек – Білім күні. Бұл күні алғашқы қоңырау мерекесі өтеді. 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні. Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді білу – міндет. 1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі. Бұл күн – қуанышты күн. Мерекеге арнап шырша орнатамыз. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Аналар мен әжелерді құттықтаймыз.

(Ж) Берілген сөйлемдерге «иә»() немесе «жоқ»(×) деп жауап бер.

ия

жоқ

Алғашқы қоңырау мерекесі қыркүйектің басында болады.

Тілдер күнін қыркүйектің ортасында тойлайды.

Жаңа жылды қаңтардың басында қарсы алады.

Аналарды наурыз айынын соңында құттықтайды.

Кері байланыс

Тыңдалым тапсырмасы ұнады ма?

Сергіту сәті

Оқушылар «Бала, бала, балапан» әнін орындап, би билейді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(Ж) Кестені толтыр. Кестедегі ақпаратқа сүйеніп, өзіңе ұнаған мереке туралы айт.

Мерекенің түрлері

Маған ұнаған мереке

Себебі,

неге ұнайды

Мысалы:

сен қалай тойлайсың?

Дескриптор:

  • кестені сәйкес ақпараттармен толтырады;
  • кестедегі ақпарат бойынша баяндайды;
  • өмірден дәлел келтіреді.

 Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Бағдаршам»

Қызыл түс - бүгінгі сабақты мүлдем түсінбедім.

Сары түс - бүгінгі сабақты орташа түсіндім.

Жасыл түс - бүгінгі сабақты түсіндім.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Өзіне ұнайтын мереке жайлы мәлімет дайында.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу