Демалысты қалай өткіздім? №4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

4-сабақ «Демалысты қалай өткіздім?»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Кластер» әдісі арқылы «Демалыс орындарын» тізбектеуге шақырыңыз;
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
  • Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Сергіту сәті:

  • https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk «Қуыр-қуыр, қуырмаш» атты бейнеклипті көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 2 мин, 48 сек.;
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады;
  • Қазақ халқының әнімен танысысады, жазуды оқып бірге орындайды;
  • Оқушылар ән арқылы саусақтар жайлы мәлімет, саусақтардың қандай қызмет атқаратынын білетін болады.

Берілген тапсырмалар бір-бірімен тығыз айланысты. Оқушылар айтылым арқылы алдынғы білімді жинақтаса, жазылым арқылы бекітеді, нәтижелерін көрсетеді.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

Айтылым тапсырмасы:

  • Мұғалім оқушылардың жауабында қазақ тілінде сұрау есімдіктері мен сұраулық шылауларды сөйлемде дұрыс пайдалану тәртібіне көңіл бөлу керек;
  • Сұхбат тақырыпқа қатысты лексикаға негізделіп құрастырылады.

Бағалауы:

  • Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгергенін;
  • Сөздерді орынды қолдана білуін;
  • Сөйлесімде қолдана алуын бағалайды.

Жазылым тапсырмасы:

  • Бұл тапсырма алдымен топпен орындалады (мысалы, оқушылар екі топқа бөлініп жоспар құрады), содан кейін оқушылар жекеленіп дәптерлеріне шағын эссе жазады.

Дескрипторын оқушыларға оқытып, түсінігін сұраңыз:

    • берілген тақырып бойынша жоспар құрастырады;
    • 5 cөйлемнен тұратын эссе жазады;
    • өз ойын жүйелі жеткізеді.

Бағалау:

  • Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгеруін;
  • Сөйлемдердің орын тәртібінің сақтауын;
  • Орфографиялық жазуын бағалайды.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Бір ауыз сөз» тәсілі арқылы оқушылар өзі үшін маңызды болған өзгерістерді атап көрсетеді, пайдалы кеңестермен бөліседі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу