Суды ластамау. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

6-сабақ «Суды ластамау»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Сабақ психологиялық жағымды ахуал қалыптастырудан басталады. Сынып оқушыларының белсенді қатысуымен «Есімдер» жаттығуы ұйымдастырылады. Қатысушылар өз есімдерін айтып, өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады. Жаттығудан кейін сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? деген сұрақтарға жауап ала аласыз.
  • Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойынынан бастаңыз. «Төрт құбылыс» балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады. Ойын соңында жеңімпазды «Ең зерек», «Ең алғыр», «Ең ұғымтал» т.б. мадақтаңыз;
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Сабақ барысында тірек болатын сөздерді (иіс, лас) іс-әрекетпен көрсету арқылы меңгертіңіз, түсінбеген оқушыларға суретін көрсету арқылы түсінгенін сұрап, мысалдармен бекітіңіз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.

Айтылым:

  • Тапсырма суреттер арқылы әңгіме құрастыруды көздейді.
  • Оқушыларға тапсырманың ережесін түсіндіріңіз.
  • Суреттерді таратып оның бір-бірімен байланысын ескертіңіз.
  • Оқушылар жауаптарын бағалайды: әңгіме сәтті шықты, әңгіме түсінікті болды, әңгімеде ауытқу болды.

Жазылым:

Тапсырманы орындатпас бұрын оқушы түсінгеніне көз жеткізіңіз, ол үшін «Сендер не істейсіңдер?» сұрағы арқылы оқушы тапсырманың орындау нұсқаулығын айтады.

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазуын;
  • жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтауын;

Сергіту сәті:

https://www.youtube.com/watch?v=Wm9XPTLZ_g4

  • «Аю әні» атты бейнеклипін көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 2 мин.;
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу