№ 3 сабақ. Інім ән айтады. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
3-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Інім ән айтады
№1. Сөйлеу қабырғалары
Бұл не? | Қандай? |
ҚУ |
№2. Тыңдалым тапсырмасы.
А) Мәтін не туралы?
- Шөжелер туралы
- Ән туралы
- Би туралы
- Қоржын туралы
Ә) Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегі сұрақтарға назарларын аудартады.
• Нұрай қандай өнерді жақсы көреді?
• Нұрайдың ән қоржынында қандай әндер бар?
• Нұрайдың сүйікті әні қандай?
• Нұрай қандай байқауға қатысты?
• Нұрай болашақта кім болғысы келеді?
Ал сенің ән қоржының бар ма?
Ән қоржыныңда қандай әндер бар?
№2. Оқылым тапсырмасы. Нартай өлең, ал Нұркен мәтін жазды. Берілген мәтіннің қайсысын Нартай, қайсысын Нұркен жазды.
Мен үшінші сыныпта оқимын. Інімнің аты – Нартай. Ол бірінші сыныпта оқиды. Нартай ән айтқанды жақсы көреді. Нартайдың даусы әдемі. Ол ән үйірмесіне барады. Ініме ертегі ұнайды. Мен оған «Қу түлкі» ертегісін айтамын. | Түлкі деген қу ғой, Жүрген жері шу ғой. Жатып алып жағада, Іздегені ду ғой. |
№3. Айтылым. Оқушылар сурет арқылы Нартайдың нені жақсы көретінін айтады.
Нартай нені жақсы көреді?
ТАҚПАҚ Түлкі деген қу ғой, Жүрген жері шу ғой. Жатып алып жағада, Іздегені ду ғой. |
№4. Айтылым. Берілген ақпараттың дұрыс-бұрыстығын белгілеп, себебін үлгі бойынша дәлелдеп айтады.
Менің атым – Нартай. | Иә, менің атым – Нартай. |
Менің атым – Нұркен. | Жоқ, Нұркен – менің ағам. |
Мен бірінші сыныпта оқимын. | |
Нартай үшінші сыныпта оқиды. | |
Ол ән айтады. | |
Ол сурет үйірмесіне барады. | |
Нартайды дауысы әдемі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру