№ 3 сабақ. Інім ән айтады. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 3-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Інім ән айтады

 Сабақтың мақсаты:

 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

 3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау

 

 4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту

 3.​4.​4.​1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

Сабаққа қажетті ресурстар: үлестірме карточка, интербелсендітақта, таныстырылым.

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •   мәтін мазмұнын түсінеді;
  •   мәтін жанрын ажыратады;
  •   көркемдеп жазады.

 Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:

  •  Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
  •  Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы қу сөзін сурет пен сұрақ-жауап арқылы меңгертіңіз.

 2. «Қу» сөзін дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін сұрақ-жауап арқылы пысықтаңыз:

Бұл не?

Түлкі қандай жанур?

 3. Оқушыларға интербелсенді тақтаға аңдардың суреттерін көрсетіп, астына оларды сипаттайтын сөздерді жазып қойыңыз. Мысалы, қасқыр озбыр, түлкі қу, қоян қорқақ, т.б. Оқушыларға қу, озбыр, қорқақ сөздерін бірнеше рет қайталатып, жаттықтырыңыз.

 4. Жаңа сөзді сөздік дәптерге жаздырыңыз.

  Тыңдалым. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз.

Менің атым – Нұрай. Мен музыка өнерін қатты жақсы көремін. Менің ән қоржынымда балалар әндері көп. Менің сүйікті әнім – «Менің шөжелерім». Бұл әнді «Бала дауысы» байқауында айттым. Болашақта әнші болғым келеді

Мәтіндегі түсінбеген сөздерді сұраңыз. Мағынасын синоним, антоним сөздер арқылы түсіндіріңіз.

  Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз:

 А) Мәтін не туралы?

  •  Шөжелер туралы
  •  Ән туралы
  •  Би туралы
  •  Қоржын туралы

  Ә) Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегі сұрақтарға назарларын аудартыңыз.

  • Нұрай қандай өнерді жақсы көреді?

  • Нұрайдың ән қоржынында қандай әндер бар?

  • Нұрайдың сүйікті әні қандай?

  • Нұрай қандай байқауға қатысты?

  • Нұрай болашақта кім болғысы келеді?

Б) Мәтінді 3-4 сөйлем көлемінде мазмұндатыңыз. Одан соң келесі сқрақтарды қойыңыз.

 Ал сенің ән қоржының бар ма?

 Ән қоржыныңда қандай әндер бар?

 Қабілеті жоғары оқушылардың ой-пікірлерін тыңдаңыз.

Оқылым тапсырмасы. Мәтінді мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетіңіз. Мәтінді меңгертуде орфоэпиялық норманы сақтап оқытуды назардан тыс қалдырмаңыз. Мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсігендерін пысықтау үшін келесі сұрақтарға жауаптарын алыңыз:

  • Нартай нешінші сыныпта оқиды?
  • Нартай нені жақсы көреді?
  • Нартайдың даусы қандай?
  • Нартайға қандай ертегі ұнайды?

Оқушылар мәтінді оқып, мәтін жанрын ажыратады. Жаңа сөздерді белгілейді.

Айтылым. Оқушылар суреттер арқылы Нартайдың нені жақсы көретінін айтады. Дұрыс жауабын интербелсенді тақтадан көрсетіңіз.

 1. Нартай ән айтқанды жақсы көреді.

 2. Нартай сурет салғанды жақсы көреді.

 3. Нартай қу түлкі туралы ертегіні жақсы көреді.

 4. Нартай қу түлкі туралы тақпақты жақсы көреді.

 Грамматикалық қоржын

 Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беріңіз. Оқушыларға қандай сұрағына жауап беретін басқа мысалдарды айтқызыңыз.

 

Қандай?

қу

Түлкінің суреті

қорқақ

Қоянның суреті

Сергіту сәтін ұйымдасытырыңыз. Тақтаға берілген өлең шұмағын көрсетіп қойыңыз. Оқушыларға өлеңді оқытып тұрып, қимылдарды жасатыңыз.

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

Жазылым. Ұсынылған тапсырма оқушылардың әріптердің көлбеулігін сақтап жазуына арналған. Тапсырманы оқушылар топқа бөлініп, «Кім жылдам?» ойыны арқылы орындайды. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көркемдеп жазады. Қабылдау қабілеті жоғары оқушылар бұл тапсырманы қатесіз орындаған жағдайда «Қатесін тап» ойынын ойнатады. Оларға басқа оқушылардың қатесін тексеру жұмыстары тапсырылады

Тапсырма төмендегідей дескрипторлар арқылы бағаланады:

  •  сөздердің орнын дұрыс табуы;
  •  сөйлемдерді қатесіз жазуы;
  •  көркем жазу нормасының сақталуы.

  Бұл тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалайды.

Айтылым. Берілген ақпараттың дұрыс-бұрыстығын белгілеп, себебін үлгі бойынша дәлелдеп айтады.

Менің атым – Нартай. Иә, менің атым – Нартай.

Менің атым – Нұркен. Жоқ, Нұркен – менің ағам.

Айтылым. Оқушылар диалогтегі сұрақтармен танысып болған соң, жұпқа бөліп, «Сұхбат жүргізу» ойынын ойнатыңыз. Оқушының біреуі – тілші, екіншісі – қонақ. Оларға ойыншықтан немесе қағаздан жасалған микрофонды ұсынуға болады. Тапсырмада берілген сұрақтарға, алдымен, қабылдау деңгейі жоғары оқушы жауап береді.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты жетістік баспалдағы арқылы бағалатыңыз.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу