Тәулік. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып

3-бөлім: Уақыт

10-сабақ «Тәулік»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым, айтылым, тыңдалым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабаққа қажетті құралдар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады.

«Көңіл-күй неге ұқсас?» Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды мұғалім бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

  • Оқушылар назарына келесі үлгідегі сөздер тізбегі беріледі. КЕШКЕТАҢЕРТЕҢТҮНДЕКҮНДІЗ бұл сөздер тізбегінен тәулік мезгілдерінің атауын тауып оқиды және ретімен орналастырады. Сөздерді негізге алып, сабақтың тақырыбын болжайды. Оқушылардың назарын сабаққа аудару..
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту мақсатында 2-тапсырма беріледі. 1-тапсырмада сыни ойлау қабілетін жетілдіру бағытында сөздер мен суретті сәйкестендіру тапсырмасын ұсынып, 2-тапсырмада үлгі бойынша сөздерді қатыстыру арқылы сөйлем құрастыру. Тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс беруді ескеріңіз.

Оқылым, айтылым, тыңдалым мен жазылым

  • Сыныпты төрт топқа бөліп, әр топқа бір-бір тәулік мезгілі бар сурет ұсынылады. Әр топ өз суретіне тақырып қояды. Топтар өз тақырыптарын неге қойғандығын, тәулік мезгілдерінің ерекшеліктерін 2-3 сөйлеммен айтып береді. Сосын, тақтаға өз суреттерін мезгіл ретімен орналастырады. Тақырыптарын жанына желімдейді. Соңында бір-бірін комментарий арқылы бағалайды.

Белсенді болайық. Суретпен жұмыс түрі жүзеге асырылады.

Бір тәулікте неше мезгіл бар? (төрт мезгіл)

Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

Екі тәулікте неше сағат болады? деген сұрақтар қамтылады. Суретке қарап, әр

тәулік мезгілінің неше сағат болатынын анықтайды.

  • Сынып оқушыларына тыңдалым тапсырмасы үлестірме қағаз беруден басталады. Тыңдаған мәтіні негізінде кестедегі сұрақтарға жауап береді.
  • Сынып оқушыларының қатысуымен «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 
  • Келесі кезекте әр қатардағы артық сөзді анықтап және қарындашпен бояу тапсырмасын ұсына аласыз.
  • Жазылым дағдысын ұштау мақсатында берілген «Тәулік» сөзіне қатысты сөздерді тауып, сол сөздерден сөйлем құрастырады.
  • Сыни ойлау қабілетіне байланысты жұмбақ жасырып, сабаққа деген белсенділігін арттыра аласыз.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштай алуына бағыт-бағдар беріңіз.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу