Тәулік. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Күні:

Сынып: 3

10-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тәулік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4. Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

1.3. Тыңдаған аудио/ бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді, сөйлемді дұрыс интонациямен оқиды, сөйлемді дұрыс құрайды.

Оқушылардың кейбірі:

иллюстрация бойынша мәтін құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
  • Тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады.
  • Сан есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырады.

Лексикалық минимум

тәулік

Грамматикалық минимум

Етістіктің ауыспалы осы шақ формасы;

Есептік сан есім.

Құндылықтарды дарыту

Уақыттың құндылығын ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

2-бөлім:

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Көңіл-күй неге ұқсас?» Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

Ой шақыру

КЕШКЕТАҢЕРТЕҢТҮНДЕКҮНДІЗ

Сөздер тізбегінен тәулік мезгілдерінің атауын тауып оқиды және ретімен орналастырады.

Сөздерді негізге алып, сабақтың тақырыбын болжайды.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Уақытты білдіретін сөздерді табамын.
  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
  • Уақытты білдіретін сөздерді сөйлемде қолданамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 слайд

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Оқушылар назарына сөздер мен суреттер беріледі, мағынасына қарай сурет пен сөзді сәйкестендіру қажет.

№1 тапсырма. Сурет пен сөзді сәйкестендір.

А

САҒАТ

1

Ә

УАҚЫТ

2

Дұрыс жауабы:

А- 2

Ә-1

№2 –тапсырма. Сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрастыр.

Мысалы: Ертең мектепке сағат сегізде келіңіз.

Қазіргі заманда уақыт тапшы.

ТЖ. Айтылым.

Сыныпты төрт топқа бөліп, әр топқа бір-бір тәулік мезгілі бар сурет ұсынылады. Әр топ өз суретіне тақырып қояды. Топтар өз тақырыптарын неге қойғандығын, тәулік мезгілдерінің ерекшеліктерін 2-3 сөйлеммен айтып береді. Сосын, тақтаға өз суреттерін мезгіл ретімен орналастырады. Тақырыптарын жанына желімдейді. Соңында бір-бірін комментарий арқылы бағалайды.

Комментарий үлгісі: 1 немесе 2 ерекшелігін тапты.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Айтылым. Белсенді болайық. Суретпен жұмыс.

* Бір тәулікте неше мезгіл бар? (төрт мезгіл)

* Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

* Екі тәулікте неше сағат болады?

Суретке қарап, әр тәулік мезгілінің неше сағат болатынын анықтаңдар.

Тыңдалым.

Бір тәулікте Қазақстанда бір тәулікте 150 мәшине шығарылады. Бұзау бір тәулікте 4-5 литр сүт ішеді. Атырау мұнай өңдеу зауыты бір тәулікте 7 мың тонна мұнай өңдейді. Су шүмектен тамшылап ақса, бір тәулікте 150 литр су ағады. Мысық бір тәулікте 17-18 сағат ұйықтайды.

Тапсырма.

Оқушылар мәтінді тыңдап, алдын ала таратылған үлестірме қағаздрға сызылған кестені толтырады.

Не?

Қашан?

Қайда?

Не істейді?

Дескриптор:

  • Кестеге қажетті ақпаратты орналастырады;
  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

Кері байланыс: «Тосын сұрақ» әдісі арқылы жүргізіледі. Мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.

Сергіту кезеңі:

«Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 

Тапсырма:

Әр қатардағы артық сөзді анықта және қарындашпен боя.

Ақ кешке мың

Таңертен кітап орындық

Гүл түсте қалам

Жеті тәулік уақыт

Жазылым. «Тәулік» сөзіне қатысты сөздерді тап. Сол сөзбен сөйлем құра.

Айтылым. Жұмбақты шеш.

Аспанда екі дос бар:

Біреуі күндіз демалады,

Біреуі түнде демалады.

Олар нелер?

Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі

Слайд

Таратпа қағаз

Таратпа қағаз

таратпа қағаз

слайд

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Сұрағым бар...

Есімде қалды....

Түсіндім ...

Түсінбедім .....

Үй жұмысы

Тәулікке қатысты 2 сөйлем жазып келу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу