Жалқау болмаймын №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жалқау болмаймын №3

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Сөздерді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, аудио материалдың мазмұнын мұғалімнің көмегімен жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес нұсқауларды орындайды, аудио материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтін бойынша нұсқауларды өз бетінше орындайды, аудио материалдың мазмұнын жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Бағалау критерийлері

- сөздерді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды;

- аудио материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.

Лексикалық минимум

Бөліс, жалқау, өз, әрқашан

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау

Мен өзім, мен бөлісемін, мен жалқау емес+пін

Құндылықтарды дарыту

Жалқаулыққа, еріншектікке жол бермеу керектігін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

ІІ бөлім. Жақсы және жаман мінез № 2

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер: «Жылы жүрек!»

Оқушылар шеңбер құрып, тұрады. Бір-бірімен амандасып, жақсы қасиеттерін айтады.

- Сәлеметсің бе, Ақниет, сен сүйкімдісің.

- Сәлеметсің бе, Дастан, сен қайырымдысың.

- Сәлеметсің бе, Жаннұр, сен ақылдысың.

- Сәлеметсің бе, Нұржан, сен мейірімдісің.

Үй жұмысын тексеру:

Оқушылар пазл әдісімен 2 топқа бөлінеді. «Мың бір мақал» сайысы жүргізіледі. Оқушылар өз мақал-мәтелдерін айтып, жарысады. Мағынасын ашуға тырысады.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жақсылыққа ұмтыл, жамандықты ұмыт.

Жақсы болсаң - озарсың, жаман болсаң - азарсың. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.

☺Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа, жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- сөздерді тыңдап, қарапайым нұсқауларды орындаймын;

- аудио материалдың мазмұнын жазамын.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2

Таныстырылым № 3-4

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: жалқау, бөліс, өз.

1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту

Жалқау – еріншек. Жалқау бала, жалқау мысық. Жалқау болма.

Мен жалқау емес+пін, сен жалқау емес+сің, сіз жалқау емес+сіз, ол жалқау емес

Бөлісу – үлесу. Ойыншығымен бөліседі, ойымен бөліседі.

Мен бөлісе+мін, сен бөлісе+сің, сіз бөлісе+сіз, ол бөлісе+ді.

Өз – мен өзім, өзіме бер, өзім ойнаймын.

Мен өзі+м, сен өзі+ң, сіз өзі+ңіз, ол өзі.

Әрқашан – үнемі. Әрқашан бірге.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Сөйлемдер құрастыру.

Жалқау түске дейін ұйықтайды. Мен ойыншығыммен бөлісемін. Мен өзім киінемін.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Тыңдалым алды тапсырмасы.

(Ұ) Оқушылар суреттер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды.

Таныс емес сөздермен жұмыс жүргізіледі: қонаққа келеді, шашылып жатыр, жиналмаған, лас, алдымен жина, денсаулық кепілі.

Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

(Ұ) Мәтінді мұқият екі рет тыңдайды.

Берік пен Арман достар. Олар әрқашан бірге ойнайды. Ойыншықтарымен бөліседі.

Бір күні Арман Берікке қонаққа келеді. Беріктің бөлмесінде ойыншықтары, киімдері шашылып жатыр екен. Төсегі жиналмаған. Бөлмесі лас.

Арман:

Берік, бөлмеңді неге жинамайсың? – деді.

Берік:

Кейін жинаймын, жүр ойнайық, – деді.

– Жоқ, алдымен бөлмеңді жина. Жалқау болма. Тазалық – денсаулық кепілі! деді Арман.

Берік Арманның сөзіне ойланды. Өз бөлмесін жинады.

(Ұ) Сұрақтарға жауап береді.

  • Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
  • Неліктен Арман Берікпен ойнағысы келмеді?
  • Берік қандай бала деп ойлайсыңдар? Неге?

Кері байланыс: оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, мұғалім мадақтау сөздерін айтады.

(Ө) Тыңдаған мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін суреттерді таңдайды.

(Ж) Жұптар бірбіріне таңдап алған суреттерін сипаттап айтады.

Дескриптор:

  • мәтіннің мазмұнына сәйкес суреттерді таңдайды;
  • жұбына бір суретті сипаттайды.

(Ө) «Иә/жоқ» әдісі бойынша ұсынылған сөйлемдерді белгілейді, сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды, дәлелдеп айтады.

Сөйлемдер

Иә +

Жоқ -

Берік пен Арман достар.

Олар ойыншықтарымен бөліспейді.

Арман Берікке қонаққа келеді.

Беріктің бөлмесі таза екен.

Арман: «Бөлмеңді неге жинамайсың?» деді.

Берік өз бөлмесін жинады.

Кері байланыс. Оқушылар өз жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен сәйкестендіріп, смайликтер арқылы бағалайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,Солға, солға түзу тұр.Артқа қарай бір адымАлға қарай бір адымЖоғары төмен қарайықОрнымызды табайық.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

(Ж) Берілген тірек сөздерді суреттің әр бөлігіне сәйкестендіріп жазады. Оларды толықтырады.

Тірек сөздер: Алдымен жина, қонаққа келеді, достар, шашылып жатыр, тазалық денсаулық кепілі, жинайды, лас.

Оқушылар жазған жұмыстарын қорғайды. Бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.

Дескриптор:

  • тірек сөздерді суреттің бөліктеріне сәйкес орналастырады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес тірек сөздерді анықтайды;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

(Ө) Ой толғаныс. «Бес жолды өлең» құрастырады.1. Жалқау.2. Жаман, еріншек.3. Ұйықтайды, ойнайды, шаршайды.4. Жалқаулық - жаман әдет.5. Еріншек.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен? Не жеңіл болды?

Таныстырылым № 5

Жалқау

Бөлісу

Мен өзім

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7-8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13

Таныстырылым № 14

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия:

Қызыл қоржын – өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды

Көк қоржын – Мен сабақты жақсы түсіндім

Қоңыр қоржын – Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек

Үй жұмысы: Өлең жаттайды.

Гүл өсірсең, терлеп, Сабағыңды жөндеп,Мұның аты – еңбек. Әзірленсең – еңбек.Кесте тіксең зерлеп, Қиындықтың бәрін,Мұның аты – еңбек. Еңбек қана жеңбек.

Таныстырылым № 15

Таныстырылым № 16

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу