Балаларға арналған тақпақтар оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Балаларға арналған тақпақтар оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді

2.2.1.1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: оқыған өлеңнің мазмұнын түсінеді. Тақырып бойынша сөйлемдер құрайды.

Көбі: оқыған өлеңдегі бейнелі сөздерді пайдаланып, әңгіме құрап айтады.

Кейбірі: өлеңнің идеясын анықтайды, анасы туралы өлең жазады.

Жетістік критерийлері

Өлеңнің сөздерін пайдаланып, әңгіме құрап айта алады.

Сөздік қор

Мейірлі, жүзі, жомарт, жан, балаймыз, құшақ ашу, елжіреп қарау

Құндылықтарды дарыту

Ананы құрметтеу

Пәнаралық байланыс

ана тілі

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Қуыршақ көріністерін қою

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

Балалар мен қазір не оқыдым?

Тақпақ кім туралы? Сонымен бүгінгі сабағымызда не оқимыз?

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқыған өлеңнің мазмұнын түсінемін.

Өлеңдегі бейнелі сөздерді әңгімемде пайдаланамын.

balakai.kz/leder_tapatar/tuan_tuystar.../514-anamyz-ba-mey-l.html

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

5 минут

10 минут

«Бірлесіп оқу» әдісі

Ана

Анамыздың мейірліЖүзіне біз қараймыз.Анамызды пейілдіЖомарт жанға балаймыз.Бізге қарап елжіреп, ...Сүйсе беттен күнім деп,Құшақ ашса келші деп,Жүгіреміз күлімдеп.Анамызға еркелеп,Қуантуды қалаймыз.Өссек егер ертерекСый берер ек талай біз.

Өлеңдегі сөздердің мағынасын мағынасы ұқсас сөздермен, сурет арқылы меңгерту

  • Мейірлі- мейірімді
  • Жүзіне-бетіне
  • Жомарт- бізге бәрін береді
  • Жанға- адамға
  • Балаймыз-ұқсатамыз
  • Елжіреп қарайды- жақсы көріп қарайды
  • Құшақ ашса- құшақтаса
  • Сый – сыйлық
  • Талай –көп рет
  • Тақпақ кім туралы?
  • Анамыздың жүзі қандай?
  • Ана қандай адам?
  • Бетімізден сүйіп, қандай сөз айтып еркелетеді?
  • Тақпақ саған ұнады ма? Не себепті?

Өлеңді тізбек бойымен бір шумақтан оқу

Оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалау:

  • балаларға арналған жеңіл өлеңдерді оқу және түсіну;
  • мәтінге қатысты қарапайым сұрақтарға жауап беру;
  • мәтін туралы басқалардың ойын тыңдау;
  • қарапайым сөздер/тіркестерді түсіну.

Сергіту сәті

Әр қадам жасаған сайын анасы туралы бір жақсы сөз айтады. Барлығы 7 қадам жасайды. Ең көп айтқан бала жеңімпаз болады.

, Қ) Анасының суретін салып, анасы туралы айтып береді (сырт келбеті, мінезі, еркелететін сөздері).

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өлең туралы пікірін айтады, өз анасы туралы әңгіме құрап айтады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Жетістік баспалдағы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу