Қалаға саяхат (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні:

Сынып: 1 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қалаға саяхат (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолданады

Көптеген оқушылар: сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолданады

Кейбір оқушылар: сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс еркін қолданады

Бағалау критерийлері

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Субұрқақ, қала, Көкшетау, дәмхана, аурухана, мектеп, дүкен, саябақ, қайда, биік, әсем

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Қалада не бар екенін айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Ертеңгілік шеңбер.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

7 мин

2 мин

10 мин

(Ұ) «Сауаттылық сәті»

Оқушылар берілген сөздерді бірнеше рет дауыстап оқиды. Дәптерлеріне қатесіз көшіріп жазады.

Қала, мектеп, дәмхана, дүкен, аурухана, субұрқақ, саябақ.

(МК) «Суреттер сөйлейді»

Оқушылар мұғалімнің көмегімен «қасында» сөзін пайдаланып, сөйлемдер айтады.

Мынау - менің үйім. Үйімнің қасында дүкен бар. Үйімнің қасында саябақ бар. Үйімнің қасында аурухана бар.

(Ж) «Кел, сөлесейік!»

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Презентацияда берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерін жұптарда айтады.

Сергіту сәті

«Қуыр-қуыр-қуырмаш» өлеңін бірге айтады.

(Ө) «Жұлдызды сәт»

Оқушылар берілген сызбаны толықтырып жазады. Өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Бірін-бірі бағалайды.

Мынау –мектеп. Мектептің қасында үйлер бар. Мектептің қасында аурухана бар. Мектептің қасында саябақ бар.

Мынау –. Саябақтың қасында бар. Саябақтың қасында бар. Мектептің қасында бар.

Дескриптор:

  • Сөздерді дұрыс қолданады;
  • Сөйлемдерді түсінеді.

https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk

Сабақтың соңы

4 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу