Сынып бөлмесінің үлгісі №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сынып бөлмесінің үлгісі №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну

1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

3.1 Зейін қойып оқу

1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Дыбыстарды дұрыс айтады. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.

Көбі: Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді

Кейбірі: Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және жазады.

Сөздермен сөйлем құрастыра алады.

Жетістік критерийлері

Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айта алады.

Өзіне таныс сөздерді буынға бөліп оқи алады және сөздердің мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мектеп, сынып, зат(-тар), бар, қара, аш, ал, жап, айт, көрсет, жаз,

тұр,отыр, жатыр, жүр, сен, мен

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар№2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ертеңгілік шеңбері

Шеңберде тұрған оқушылардан көңіл-күйлерін сұрау.

  • Сенің көңіл-күйің қандай?
  • Мен көңілдімін (қуаныштымын, көңілсізбін, бақыттымын), себебі ... .

Ойын ойнау. Бас мүшелерін керсінше көрсету арқылы оқушылардың білімін анықтау. Қателескен оқушы ойыннан шығады.

Фонетикалық жаттығу.

Бұл сөздерде қандай дыбыс анық естілді?

1. Тақта, парта қалам, қағаз, сағат

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен таныс сөздерді буынға бөліп оқимын және сөздердің мағынасын түсінемін»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

5 минут

1 минут

10 минут

10 минут

Мынау не?

Қарындашпен не істейді?

Қарындашпен сурет салғанда қандай дыбыс естіледі?

Мынау не?

Қаламмен не істейді?

Қаламмен жазғанда қандай дыбыс естіледі?

Мынау не?

Тақтада не істейді?

СЕРГІТУ СӘТІ.

«Жақсы оқушы боламын»

Үлкендерді сыйлайтын,

Сыйлайтын да тыңдайтын.

Кішілерге тимейтін,

Тентектікті сүймейтін

Жақсы оқушы боламын!

( Н. Жанаев)

(К) Мұғалім істеген үлгіге қарап, сынып үлгісін істеуге үйрету. Мысалы:парталар, орындықтар, кітаптар. Сөздерді дауыстап айта отырып, үлгіге заттардың аттары жазылған қағаздарды қадайды.

(МК) Оқушыларға берілген жаңа сөздермен қарапайым сөйлемдер құрастырып айту.

МЫСАЛЫ: Мұғалімге қара, сөздік дәптерін аш, қаламды қолыңа ал, дәптерді жап, сөзді айт, суретті көрсет, әріпті жаз, орныңнан тұр, орындыққа отыр, төсекте жатыр, сыныпта жүр.

Жетістік критерийі:

  • Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айта алады.
  • Өзіне таныс сөздерді буынға бөліп оқи алады және сөздердің мағынасын түсінеді.

Дифференцация.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: сынып бөлмесі туралы жай сөйлемдер айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: сынып бөлмесіне қатысты заттарды атайды.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Үстелдің үстінде түрлі – түсті қалпақтар тұрады. Оқушылар көңіл – күйлері мен алған біліміне қарай өздеріне қалпақ таңдап киеді.

Қызыл - қобалжу, түсінген жоқпын. Сары – сабырлы, жартылай түсіндім. Жасыл – жақсы, бәрін түсіндім.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар сынып бөлмесі туралы жай сөйлемдер айтады.

Мұғалім істеген үлгіге қарап, сынып үлгісін істеуге үйрету. Мысалы:парталар, орындықтар, кітаптар. Сөздерді дауыстап айта отырып, үлгіге заттардың аттары жазылған қағаздарды қадайды.

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу