Шартты бағдарламалау. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.


План урока

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5. 2D ойындарды жасау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Шартты бағдарламалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.9 дайын сценарий бойынша ойын жасау

9.3.3.10 ойын нәтижесін есептейтін алгоритмді жүзеге асыру

Сабақ мақсаты

дайын сценарий бойынша ойын жасау

Жетістік критерийлері

  • бағдарламалау тілінде шартты оператордың жазылу форматын біледі;
  • дайын сценарий бойынша бағдарлама кодын жазады;
  • бағдарламаны орындауға жіберу үшін Python тілінің интерпретаторые қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ойынның алгоритмін жүзеге асыру әрекеттерін сипаттай алады.

Пәндік лексика және терминалогия:

  • Бағдарламалау тілі
  • Шартты оператор
  • Сценарий, PyGame кітапханасы
  • Спрайт, сурет, анимация
  • оқиға

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер:

  • Не болады, егер …
  • Ойын жасау үшін келесі әрекеттер …

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика, орыс және ағылшын тілі (стилистика және сөз мәдениеті).

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырады, жетістік критерийлерін атап өтеді.

Презентация

Слайд 1-2

4-10 мин

Проблемалық жағдай қою:

Учитель предлагает рассмотреть проблемную ситуацию «Что произойдет?..»: Вы разработали игру «Пинбол».

  • Не болады, егер ойын аяқталмайды, бірақ ойын нәтижесі (балл) экранда шығып отырады?
  • Ойын нәтижесін экранға шығарып және ойынды аяқтау үшін программа алгоритміне қандай өзгеріс енгіземіз?

Сабақтың ортасы

11-40 мин

Жұптық жұмыс. Практикалық жұмыс (Компьютерде)

Тапсырма: Дайын сценарий бойынша құрылған ойынды экранға ойын нәтижесі шығатындай етіп толықтырыңыз. (Таратпа материал 3.doc)

*Ойын нәтижесі 100 баллдан асқанда ойын аяқталады.

Критерий

Дескриптор

Дайын сценарий бойынша ойын жасау

  • 2 ойыншы үшін ракетканы басқару үшін шартты операторын қолданады
  • Допты ракеткамен қайтару үшін шартты операторды қолданады
  • Қосымшаны (приложение) орындалуға жібереді
  • 1 ойыншының нәтижелерін шығарады
  • 2 ойыншының нәтижелерін шығарады
  • Нәтиженің дұрыстығын тексереді 

Python орнатылған

Таратпа материал

Есеп 1.docx

Мұғалімге арналған материалБағдарлама коды, видеоресурс

Сабақтың соңы

41-45 мин

Рефлексия:

Мұғалім оқушыларға өткен сабақ бойынша көңіл-күйлерін көрсететін жапырақ пішініне стикер жапсыруды ұсынады.

Презентация

Слайд 5

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Сұрақтарға жауап беру. Тапсырмаларды орындау барысында сұрақтарға жауап беру. Сабақтың әр сатысында оқушылардың оқу жетістіктерін/нәтижелерін түсіну үшін негізгі сұрақтарды қолдану. Өздік бағалау және өзара бағалауды қолдану.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егер жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу