Ақпаратты өлшеу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ақпаратты өлшеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану

Сабақ мақсаты

Алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану арқылы ақпарат көлемін анықтай алады

Бағалау критерийлері

- алфавиттік (әліпби) тәсілінің қажеттілігін түсіндіре алады;

- таңбаның ақпараттық салмағы, алфавиттің құаттылығы деген негізгі ұғымдарды түсіндіре алады;

- ақпарат көлемін алфавиттік (әліпби) тәсілімен өлшей алады .

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ақпарат көлемін анықтауда сәйкес ұғымдарды қолданады.

Пәндік лексика және терминалогия

Алфавиттің қуаттылығы, таңбаның ақпараттық салмағы, ақпарат көлемі, бит, байт, килобайт, мегабайт, ASCII, UniCode, алфавиттік тәсіл, мазмұндық тәсіл, ықтималдылық тәсіл

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

Ақпаратты өлшеу үшін …….. және ………. өлшеуге болады

Бірінші тәсіл әрдәйім объективті емес ………

Ақпарат көлемін санау үшін келесі формула қолданылады ………

Таңбаның ақпарат салмағын …….. санауға болады

Алфавиттік қуаттылығы деп ……… айтады

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Топтық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: ақпарат өлшеу түрлері, ақпаратты ауыстыру тәсілдерін білу

Бастапқы білім

Файлдармен жұмыс, мәтіндік редактормен жұмыс істеу, арифметикалық операцияларды қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

  • Негізгі түсініктерді жандандыру. Сыныппен жұмыс.

Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде сұрақтар тізімін ұсынады.

Өзара бағалауды ұйымдастырады.

Оқушылармен өзіндік бағалау ретінде әрбір сұрақтың талдауын жасайды.

Келесі қадамда компьютерлік алфавит пен компьютерлік таңбаның ақпарат салмақ ұғымдарын енгізеді.

Презентация, Слайд 2-3

Сабақтың ортасы

11-21 мин

  • Негізгі түсініктерді жандандыру.

Практикалық жұмысты орындауды сұрайды.

Жұптық жұмыс ұйымдастырып, есептермен алмасуды сұрайды.

Бағалау кезінде критерийлерді қолданады.

Презентация,

Слайд 4-7

22-34 мин

  • Негізгі түсініктерді жандандыру. Өзіндік жұмыс.

ASCII, Unicode стандарттарымен таныстырады, қолдану нұсқаларын көсетеді:

Ағылшын мәлімет – ASCII

Орыс тілінде – кеңейтілген ASCII

Қазақ тіліндегі мәлімет – Unicode

Дифференциация:

Жоғары деңгей дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырма береді: практикалық жұмыс арқылы талдау.

Презентация,

Слайд 8-11

Сабақтың соңы

35-40 мин

  • Сабақты қорытындылау.

Екі шығу сұрағын қояды.

Презентация,

Слайд 12-14

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу