Cілтемелер. Информатика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Мәтіндік құжаттарда сілтемелерді ұйымдастыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы

Cілтемелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1– сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме)

Сабақтың мақсаты

- сілтемелерді жасауды үйрену және құжат форматының мысалдарын бекіту

Бағалау критерийлері

Оқушылар құжаттарға сілтемелер қосу командаларын қолданады.

Тілдік мақсаты

Оқушылар:

- суретті қолдану барысында түрлендіруді анықтауда сөйлеуді қалыптастыру

- берілген тақырып бойынша өзекті терминологияны оқу қабілетін дамыту

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сілтемелер , сілтемелер

Диалог пен хаттарға арналған пайдалы сөйлемдер:

Сілтемені құжатқа қосу үшін…қажет

Аталған жағдайда нұсқама…

Меніңше, сілтемені қолдану…қол жеткізеді

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, тиімді байланысқа түсу дағдыларын білім беру, нақтылап айтқанда, жұптық және топтық жұмыс арқылы дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Практикалық тапсырманы орындаған кезде әдебиетпен байланысты: мәтінмен жұмыс.

Бастапқы білім

Word тексттік құжатта жұмыс жасай алады

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Миға шабуыл:

 Оқушылармен амандасу. Жұмыс ырғағына ыңғайлау.

Мұғалім оқушыларға мәтіндік процессор байланысты негізгі ұғымдарды қайталау үшін сұрақтар қояды:

  • Қандай программада мәтінді теруге болады?
  • Қалай жаңа файл құруға болады?
  • Файлды қалай сақтауға болады?
  • Қандай тағыда іс-әрекеттер файлмен жасауға болады?

Презентация. Слайд 1 - 5

Сабақтың ортасы

6-15 мин

16-20 мин

21-35 мин

Жаңа тақырыпты оқу.

Мұғалім оқушыларға сілтемелерді бар мәтіндерді ұсынады, құжатты өңдеудің қандай элементтерін байқағанын сұрайды.

Зерттеу жұмыс

Мұғалім топтық жұмысты ұйымдастырады. Әрбір топқа өз беттерімен оқу үшін келесі ұғымдар беріледі:

  • Сілтеме неліктен пайдаланамыз?
  • Сілтеме деген не?
  • Сілтемелердің түрлері

Әрбір топтың спикері басқа топтың алдында жұмыстарын қорғайды. Мұғалім оқушылардың ойларын қорытындылап, оқушылардың практикалық тапсырманы орындауға дайын екеніне көз жеткізеді.

 

 

Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Мәтінді ашып, оған сілтемені қосу (үлгі бойынша).

2 тапсырма. Өзіңіз үшін бір белгісіз сөзді анықтаңыз, олардың мағынасын табыңыз және сөздерге нұсқама жасаңыз.

3 тапсырма. Тапсырманы орындаған күнді, өзіңіздің аты-жөнін жазатын ақырғы сілтемені жасаңыз.

Презентация. Слайд 6

Қосымша 1.1

Қосымша 1.2

36-40 мин

Рефлексия: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өтілген тақырыпты пысықтайды.

Осы сабақта не үйрендіңіз ?

Сіз үшін не түсініксіз ?

Келешекте нені білгіңіз келеді ?

Презентация. Слайд 7

Дифференциация – Сіз қандай әдіспен көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Дарынды оқушылар алдына қандай мақсаттар қоюды жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды ұғыну деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бағалау әр оқушының орындаған тапсырмалары бойынша жүргізіледі.

Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау

ЕТ, эргономика кабинеттерінде ТҚ ескерту

Сабақ барысында оқытудың белсенді әдісін пайдалану.

 Дифференциация тапсырмаларда көрініс табады.

 АКТ-нің дамыған дағдылары бар оқушыға бағытталған бағдар бар.

 

Өзін-өзі бағалау, бірін-бір бағалау.

Мұғалім бағалайды

 ӘК-мен жұмыс.

 ТБ негізгі ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты/оқыту мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқыту мақсатына жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытша кезеңдері көтерілді ме?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Бұл бөлімді сабақ барысында оқушылардың ойлануы үшін пайдаланыңыз. Сабағыңыз туралы ең қажетті сұрақтарға сол бағанада жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспекті жақсы өтті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысы жақсартуға не мүмкіндік берер еді (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып туралы, олардың жетістіктері туралы не анықтадым/келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек, жеке оқушылардың қиыншылықтары?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу