Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру. Информатика, 6 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
«Векторлық бейнелерді құру» сабағына әдістемелік нұсқаулық. Сабақ 1
Сабақтың мақсаты: векторлық бейнелерді құру және редактілеу.
Осы сабақты оқу үшін қажетті білімдер: компьютерлік графиканың түрлері, графикалық редакторлер, растрлық графикалық редакторде жұмыс істеу дағдылары.
Осы сабақ жаңа тақырыпты оқу сабағы және жаңа дағдыларды қалыптастыру сабағы болып табылады.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдер.
Векторлық графикалық редакторлер қолданушыға компьютер экранында векторлық суреттерді құруға және редактілеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оны әртүрлі векторлық форматтарда сақтауға мүмкіндік береді, мысалы: CDR, AI, EPS, WMF немесе SVG.
Расторлық суреттер жеке пиксельдерден тұрады. Векторлық сурет геометриялық примитивтерден (нүкте, сызық, төртбұрыш, сплайн).
Векторлық суретті масштабқа келтірген кезде сапасы өзгермейді.
Қарапайым немесе градиентті құю қолданылуы мүмкін.
Расторлық графикалық редакторлерге жатады: Paint, PhotoShop. GIMP.
Векторлық редакторлерге жатады: CorelDraw, Adobe Illustrator, Inkscape.
Векторлық суреттерді құру үшін келесі құралдар қолданылады; Линия, Кривая, Овал, Прямоугольник, Многоугольник. Құрылған примитивтерді көшіруге, айналдыруға, олардың өлшемдерін өзгертуге болады.
Әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың тақырыбы мен графика түрін анықтау үшін сұрақтарды қолданыңыз, ол сұрақтар оқушыларға бағалауға арналған кестені толтыруға көмектеседі. Мысалы:
- Масштабтау кезінде сурет қалай өзгереді?
- Сурет неден құралады?
- Осы суретті құру үшін қандай қарапайым фигуралар қолданылды?
- Құюдың осындай типі қалай аталады?
Әртүрлі логотип мысалдарын қарастырып, олардың қалай құрылғанына сараптама жүргізіңіз (қандай командалар және құралдар қолданылды). Бұл үлгерімі төмен оқушыларға берілген тапсрыманы орындауға көмек болады.
Рекдактор құралдарын жеке оқығаны үшін оқушыларды мадақтаңыз. Қажет болған жағдайда жеке көмек көрсетіңіз.
Егер уақыт болса, шығармашылық тапсырманы орындау үшін оқушылармен бірге критерийлер құрастырыңыз, немесе қажетті шарттарды айтыңыз. Мысалы:
- Кем дегенде үш геометриялық примитивтер қолданылған.
- Құю қолданылған.
-Көшіру және/немесе өзгерту командалары қолданылған (айналу, масштабтау).
Сабақ тапсырмаларына шешім
Растрлық сурет | Векторлық сурет | |
Қалай құрылады? | Пиксельдерден | Геометриялық примитивтерден |
Масштабтау кезінде қалай өзгереді? | Сапасы нашарлайды | Сапа өзгермейді |
Бояу принципі | Біртүсті құю | Құюдың әртүрлі типтері |
Графикалық редактордың атауы | Paint, PhotoShop. GIMP | CorelDraw, Adobe Illustrator, Inkscape |
Векторлық суретті құру үшін примитивтер қолданылды | Логотип құрылды |
Оқушылардың жауаптары өзгеше болуы мүмкін.
Әдебиет пен ресурстар:
https://bilimland.kz/ru/courses/informatika-ru/7-klass/lesson/programmy-po-sozdaniyu-i-obrabotke-vektornoj-grafiki - векторлық суреттерді құру және өңдеу бойынша бағдарламалар
https://youtu.be/MFBW8MZF_NM - қарапайым векторлық суреттерді құру әдістері
http://www.interface.ru/home.asp?artId=17619 – Corel Draw құралдары
http://inkscape.paint-net.ru/ - тегін графикалық редактор туралы сайт (нұсқаулықтар бар қалыптастырылған сабақтар)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру