Конустың және қиық конустың көлемі. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4А Денелер көлемдері (7 сағ) | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-ж Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Конустың және қиық конустың көлемі. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар: 11.3.13 - конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Конустың, қиық конустың көлемін табады | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді: -конустың, қиық конустың көлемін табу формуласын біледі; -тапсырмаларды орындағанда қолданады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық және топтық жұмыс барысында ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту: Мәселені шешу барысында әр оқушының жауабы тыңдалады, оның дұрыстығы талқыланады, құрметпен жауап қайтарылады. Әрбір оқушы қатені көрген жағдайда, оны негіздеу арқылы айта алады, оқушылар сынды дұрыс қабылдай алады. Оқушылар бір-біріне көмектеседі, бағалайды. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (жалпы негізгі дағдыларды дамыту арқылы) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, Интернет ресурстар | |||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет. | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1-3 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал жасау. Оқушыларды жұптарға біріктіру. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау. | https://castlots.org/razdelit-na-gruppy | ||||||||
Сабақтың ортасы 4-19 мин 20 -30 мин
31-37 мин | ІІ. Жаңа материал. Теорема. Конустың көлемі табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең. V = SH Дәлелдеуі: Табанының ауданы S, биіктігі һ болатын конус берілген. Оған іштей n-бұрышты пирамида және сырттай n-бұрышты пирамида саламыз. Егер осы прирамидалардың табан аудандары болса, онда олардың көлемі және -қа тең болады. Іштей сызылған пирамида цконустың ішінде, ал конус сырттай сызылған пирамиданың ішінде болғандықтан конустың көлемі -тан үлкен, бірақ -тан кіші: V . және -тің мәндері S-тен өте аз айырмашылығы. Осыдан, қос теңсіздіктің оң жағы, сол жағы және арасында жатқан V-ның мәні Sh-тан өте аз өзгешелігі бар. Мұндай жағдай тек V= Sh болғанда ғана мүмкін. Салдар. Конустың көлемі табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең. V = Қиық конустың көлемі Табандарының радиустары және ( ), ал биіктігі һ болатын қиық конустың көлемін табыңдар. Шешуі: Берілген қиық конусты толық конусқа дейін толықтырамыз. x-оның биіктігі болсын. Қиық конустың көлемі толчық екі конустың көлемдерінің айырмасына тең: біреуінің табан радиусы және биіктігі х, екіншісінің табан радиусы және биіктігі х-һ. Конустардың ұқсастығынан x-ті табамыз: , Қиық конустың көлемі мынаған тең: = Бекіту. Сыныппен жұмыс. №1706. Конустың осьтік қимасы қабырғалары 40, 40 және 48 болатын үшбұрыш. Конустың көлемін табыңдар. Жауабы:6144 см3 №1707. Конустың жасаушысы табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды.Табанының радиусы 18 см. Конустың көлемін табыңдар. Жауабы:1944 см3 №1713. Дұрыс үшбұрышты пирамидаға іштей сызылған конустың көлемі сырттай сызылған конустың көлемінен 4 есе кіші екендігін дәлелдеңдер. №17. Қиық конустың табандарының радиустары R және r, жасаушысы табан жазықтығына 450 бұрышпен көлбеген. Көлемін табыңдар. №18. Қиық конустың осьтік қимасының ауданы табандары аудандарының айырмасына иең, ал табандарының радиустары R және r. Конустың көлемін табыңдар. №20. Табандарының берілген R және r радиустары бойынша қиық конус пен толық конустың көлемдерінің қатынасын анықтаңдар. Жұппен жұмыс. Өзара талдау. 1. «Бәйтерек» монументінің төменгі деңгейінде аквариум орналасқан, оның табаны радиустары 10 м және 9,3 м болатын концентрлі шеңберлерден жасалған сақина бөлігі болып табылады. Кіші шеңбер доғасының ұзындығы 8 м, ал аквариум биіктігі 1,86 м. Аквариумның көлемін табыңдар. Жауабы: 10,8 м. 2.Бидайдың үйіндісі биіктігі 2,4 м, ал табандағы шеңбердің ұзындығы 20 м. Егер 1м³ бидайдың массасы 750 кг тең болса, онда бидайдың үйіндісі неше тонна болады? Жауабы: 19 т. 3.Балмұздақ конусының жасаушысы 16 см-ге, ал өстік қимасының төбесіндегі бұрышы 30° тең. Конус пішінді қабықшаның ішіндегі балмұздақтың көлемін табыңыз. Жауабы: 278 |
«Геометрия» пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқу жоспары Геометрия: Учебник для 7-11 кл. общеобразоват. Учреждений Г.П.Бевз, В.Г.Бевз, Н.Г.Владимирова Погорелов А.В. Геометрия 7-11 | ||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия:
Үй жұмысы. № 1711. Конустың бүйір бетінің жазбасы-жарты дөңгелек, радиусы 12 см. Конустың көлемін табыңдар. Жауабы: 392 см3 №19. Табандарының радиустары 4 см және 22 см болатын қиық конусты биіктігі дәл осындай тең шамалы цилиндрге айналдыру қажет. Осы цилиндр табанының радиусы неге тең болады? №3. Қиыршық тас үйіндісі жасаушы 4 м болатын конус пішіндес. Егер қиыршық тас үйіндісінің көлбеу бұрышы (жасаушы мен табанының арасындағы бұрыш) 30° болса, онда оның көлемі қанша болады? Жауабы: 25 м3. | |||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау оқушылардың Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру