Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.13 - координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау | |||||
Сабақ мақсаттары | кеңістіктегі векторлардың координаталарын табады, координаталарымен берілген векторларға амалдар қолданады | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - векторларға амалдарды қолдануды сипаттайды; Пәнге тән лексика мен терминология:
векторды үш компланар емес векторлар арқылы жіктеу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | сызу | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті құралдарды, интернет ресурстар қолдану | |||||
Бастапқы білім | Вектор түсінігі, векторлардың коллинеарлығы, скалярлық көбейтіндісі, векторларға амалдар қолдана білу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 мин 5 мин 5 мин |
1) Үшбұрыш ережесі; 2) Параллелограмм ережесі; 3) Көпбұрыштар ережесі 4) Векторды санға көбейту 4. Жаңа тақырып меңгеру Координаталары берілген векторларға амалдар қолдану
| Геометрия 7-11 класс Погорелов А.В. Геометрия 10-11 класс Атанасян Л.С. | ||||
Сабақтың ортасы 15 мин
15 мин
| Тапсырма Суретті қолданып, векторлардың координаталарын және модулін табыңдар. 5. Жұппен жұмыс (бірі-бірін бағалау) 1) Егер және болса, онда векторының модулін табыңдар. 2) және векторлары берілген. векторының координатасын есептеңдер. 3) a⃗ (-1;2;0), b⃗ (0;-5;−2) және c⃗ (2;1;-3) векторлары берілген. = 3 -2 + және = 3 2 векторларының координаталарын табыңдар. 4) n- нің қандай мәндерінде векторлар коллинеар болады: а) (2; -1; 3), (1; 3; n); ә) (n; -2; 1), (n; -n; 1) 5) Егер: а) А(-1; 0; 2), B(1; -2; 3), б) А(-35; -17; 20), B(-34; -5; 8) болса, онда векторының ұзындығы неге тең? 6. Жеке жұмыс (өзін-өз бағалау) Төрт нүктенің координаталары берілген:
Мына тапсырмаларды орындаңдар: 1. , векторларының координаталарын табыңдар: 2. Осы векторлардың ұзыңдығын (абсолют шамасын) табыңдар. 3. қосындысын табыңдар. 4. қосындысының абсолют шамасын табыңдар. 5. айырымын табыңдар. 6. айырымының абсолют шамасын табыңдар. 7. векторының координаталарын және абсолют шамасын табыңдар. 8. және векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар. | Геометрия 7-11класс ПогореловА.В. Геометрия 10-11класс ПогореловА.В. | ||||
Сабақтың соңы 2 мин | 7. Үй тапсырмасы А(, В(2; 2; -3) және С(2; 0; -1) нүктелері берілген. а) АВС үшбұрышының периметрін; б) АВС үшбұрышының медианаларының ұзындығын табыңдар. 8. Рефлексия. | Геометрия 7-11 класс Погорелов А.В. Геометрия 10-11 класс Атанасян Л.С. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды. Фронтальды жұмыста оқушыларға базалық деңгей беріледі. Есептер шығару барысында жеке-дара оқыту ұйымдастырылады. Мұғалім қабілеті жоғары және төмен оқушыларға көмек көрсетеді, ал орта деңгейдегі оқушылар қабілеті жоғары оқушылардың өзара көмегі арқылы ілгері жылжи бастайды. | Жеке жұмыста өзін-өзі, бірін-бірі бағалау түрлері қолданылады. Сабақта оқушылардың теориялық материалды меңгеруі фронтальды презентациямен жұмыс істеу арқылы жасалады. | Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. Сергіту сәті жүргізіледі. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру