10 сынып IV тоқсан геометрия курсын қайталау. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Асетов А.А., Саткаримов А.А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10 сынып IV тоқсан геометрия курсын қайталау

Сабақтың түрі

Өткенді қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

10.4.4 кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы мен қасиеттерін біледі;

10.4.16 векторлардың скалярлық көбейтіндісінің координаталық түрдегі формуласын біледі және есептер шешуде қолданады;

10.4.17 кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты есептейді;

10.4.18 кеңістіктегі векторлардың перпендикулярлық шартын біледі және қолданады;

Сабақ мақсаты

10 сыныптағы геометрия курсының теориялық материалдарын қайталау және осы курс бойынша есеп шығару біліктіліктерін бекіту

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • Геометрия курсының 10 сыныптағы теориялық материалды біледі;
  • Курс материалын есептер шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

векторларға амалдар қолдануды сипаттау үшін үш өлшемді кеңістіктің терминдерін пайдаланады.Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • вектор
  • жазықтық
  • компланар векторлар
  • жіктеу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

векторды жіктеу

Құндылықтарды дарыту

Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады.

Пәнаралық байланыстар

Векторлармен амалдар орындауды оқушылар физика курсында қолданады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану, интернеттен ақпараттар іздестіру.

Бастапқы білім

Геометрия курсының 10 сыныптағы теориялық материалын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

    • мин

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылардың назарын жинақтау;
  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.
  • оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Слайд 1-3

2-5 мин

5-19 мин

19-27 мин

27-37 мин

ІІ. Білімді өзектендіру. Сабақ басында мұғалім оқушыларға «Сұрақ – жауап» стратегиясын пайдаланып геометрия курсының 10 сыныптағы теориялық материалын қайталауды ұсынады.

1. Бірдей бағытталған векторлар арасындағы бұрыш нешеге тең?

2. Қарама-қарсы бағытталған векторлар арасындағы бұрыш нешеге тең?

3. Коллинеар емес векторлар арасындағы бұрыш нешеге тең?

4. Векторлардың скаляр көбейтіндісі қалай анықталады?

5. Векторлардың скаляр көбейтіндісі 0-ге тең болса? 0-ден үлкен болса? 0-ден кіші болса?

6. Егер векторлардың координаталары белгілі болса, онда скаляр көбейтінді қалай табылады?

7. Егер векторлардың координаталары белгілі болса, онда вектордың ұзындығы қалай табылады?

III. Өзіндік жұмыс. Таратпа.

Оқушыларға тест ұсынылады.

IV. Топтық жұмыс. «Тарсия» ойыны.

Оқушылар топқа бөлініп, «Тарсия» ойынының карточкаларын жинайды.

V. Жұптық жұмыс. Есептер шығару.

Оқушылар жұппен 10 сыныптағы геометрия курсының материалдарын қайталауға есептер шығарады.

Қиындық тудырған есептерді оқушылар тақтада бірге талдайды.

Мұғалім оқушыларға жұмыс барысында консултация жасайды (тапсырмалар саны білімі жоғары оқушылардың есебімен алынған).

Слайд 4

Қосымша 1

Слайд 5

Қосымша 2

Слайд 6

Қосымша 3

Сабақтың соң

37-40 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Слайд 7

Стикерлар

Саралау

Саралау оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу материалын және ресурстарды (көптеген түрлері Гарднер теориясы интеллекті) іріктеу жеке қолдау, оқушыны қамтамасыз ету, жұмыс орындарын іріктеу, нақты оқушыға күтілетін нәтиже көрсетілген болады.Саралау арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға екінші деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады

Бағалау

Осы бөлімді оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай бағалауды қолданғаныңызды және пайдаланылған әдістерді жазу үшін қолданыңыз.

Оқушылардың өзіндік бағалануы. Мұғалімнің сабақ бойы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау – формативтік бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Денсаулық сақтау технологиясы. Осы сабақта техника қауіпсіздігі ережесін қолдану пункті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылар проблемалық жағдай туғызу арқылы сабақ мақсатын және оқу мақсатын ашты. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Барлық оқушының өзін толғандырған сұрақты талдап және түсінуге мүмкіндігі болды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Оқушылар бастапқыда практикалық тапрсырмалар орындады, сосын тапсырмаларды өз беттерімен орындады.

Мұғалім тарапынан саралауға сәйкес сұрақтар қойылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Бұл бөлімді сабақ бойынша өз пікіріңізді жазуға пайдаланыңыз. Сол жоқ бағандағы өз сабағыңыз туралы негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың нақты, қол жеткізуге мақсаттары, оқушыға түсінікті тұжырымдалған анық тілдік алдын-ала жоспарлау оқыту нәтижелері болып табылады.

Бұл сабақта орындалған тапсырмалар оқушыларды салыстыруға, себептері мен салдары іздеуге, сол арқылы ғылыми-зерттеу дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға үйренеді.

Бұл сабақтың жақсы сәттері оқушыларды сабақта белсенді жұмысы үшін мадақтау маңызды - бұл сыртқы ынталандыру негізгі жақтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ келешектегі жұмысын жоспарлауда оқушыларға көмектесу - кеңестер, ескертулер, ұсыныстар болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу