Стереометрия аксиомалары. Геометрия, 10 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


Теориялық материал

Планиметрия

Стереометрия

Жақықтықтағы геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейді.

Кеңістіктегі геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейді.

«Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда «жерді өлшеу» дегенді білдіреді.

«гео» - грек тілінен аударғанда «жер», « метрео» - «өлшеу».

«Стереометрия» сөзі гректің «стерео» - кеңістік, « метрео» - «өлшеу» сөздерінен туындаған.

Негізгі фигуралар: нүкте, түзу.

Негізгі фигуралар: нүкте, түзу, жазықтық.

Басқа фигуралар: кеснді, сәуле, үшбұрыш, квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция, тіктөртбұрыш, дөңес және ойыс n-бұрыш, шеңбер, дөңгелек, доға және т.б.

Стереометрияда планиметрия денелерімен қатар геометриялық денелер мен олардың беттері мен қасиеттерін қарастырамыз.

Мысалы, көпжақтар, куб, параллелепипед, призма, пирамида.

Айналу денелері, шар, сфера, цилиндр, конус.

Кеңістіктегі негізгі фигуралар

Нүкте

Түзу

Жазықтық

Белгіленуі: А; В; С; …; М;…

Белгіленуі:a, b, с, d…, m, n,…(немесе латынның екі бас әрпімен)

Белгіленуі:: α, β, γ…

Стереометрия аксиомалары

Кеңістіктегі кез-келген екі нүкте арқылы жалғыз түзу өтеді.

Кеңістіктегі, бір түзудің бойында жатпайтын, кез-келген үш нүкте арқылы жалғыз жазықтық өтеді.

Егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда бұл екі жазықтық осы ортақ нүктесі арқылы өтетін түзу бойымен қиылысады.

Әрбір жазықтықтың бойында жататын және оның бойында жатпайтын нүтелер табылады.

Кез-келген жазықтықта планиметрия аксиомалары орындалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу