Тетраэдр және параллелепипед. Геометрия, 10 сынып, презентация.
Тетраэдр
Параллелепипед
Оқыту мақсаты: 10.1.1 тетраэдр мен параллелепипедтің анықтамасын білу; тетраэдрді, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей білу
Жетістік критерийлері :
- тетраэдр мен параллелепипедтің анықтамасын беру;
- тетраэдр мен параллелепипедті кескіндеу және сызба бойынша оның элементтерін атау
Тетраэдр.
Тетраэдр- бұл төрт үшбұрыштан тұратын көпжақ.
Тетраэдрді құрайтын үшбұрыштар оның жақтары деп аталады.
Осы үшбұрыштардың қабырғалары тетраэдрдің қырлары деп аталады
Осы үшбұрыштардың төбелері тетраэдрдің төбелері деп аталады.
Тетраэдрдің төрт жағы, алты қыры және төрт төбесі болады.
Ортақ төбелері жоқ екі қыры қарама-қарсы қырлары деп аталады.
Берілгені:
ABCD-тетраэдр
AM=MB
AN=CN
Дәлелдеу керек:
MN//(BCD)
Дәлелдеуі:
1)N нүктесі- AB-ның
ортасы, M- AC-ның
ортасы
(берілгені бойынша)
=> MN кесіндісі - ABC-ның орта сызығы
2)BC//MN(үшбұрыштың орта сызығының қасиеті бойынша),
BC є (BCD)=>MN//(BCD), дәлелдеу керегі осы
Параллелепипед
Қос-қостан өзара тең алты жұп параллелограмдардан тұратын көпжақ параллелепипед деп аталады.
Параллелепипедті құрайтын параллелограмдар оның жақтары, ал оның қабырғалары қырлары деп, ал параллелограмның төбелері параллелепипедтің төбелері деп аталады .
Ортақ қыры бар жақтар көршілес, ал ортақ қырлары жоқ жақтары қарама-қарсы деп аталады.
Параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары параллель және тең болады.
Параллелепипедтің диагоналдары бір нүктеде қиылысады және қиылысу нүктесінде қаққа бөлінеді.
Берілгені:
Параллелепипед
ABCDA1B1C1D1
Дәлелдеу керек:
(A1DB)//(D1CB1)
Дәлелдеуі:
1)(AA1B)//(D1DC),
(A1B1C1)//(ABC)(беріл
гені бойынша) =>A1B//D1C, B1D1//BD
2) A1B ∩ BD = B,
B1D1 ∩ D1C = D1 =>(A1DB)//(D1CB1)
(параллель жазықтықтардың қасиеті бойынша)
РЕФЛЕКСИЯ
Мен білемін...
Менің білгім келеді...
Менің әлі де жұмыс жасауым керек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру