Тетраэдр және параллелепипед. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

10.1А

Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тетраэдр және параллелепипед

Сабақтың түрі

Жаңа материалды оқыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

10.1.1 - тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу; 

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

- тетраэдрдің анықтамасын біледі;

- жазықтықта тетраэдрді және оның элементтерін кескіндейді.

 Жетістік

 критерийлері

Оқушы:

- тетраэдрдің анықтамасын бере алады;

- тетраэдрді кескіндейді және оның элементтерін сызба бойынша айтып береді

- тетраэдр тақырыбы бойынша қарапайым есептерді шешеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс қолданады

Пәндік лексика және терминология

Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, көпжақ, пирамида, тетраэдр, параллелепипед, тік/тікбұрышты/көлбеу параллелепипед, куб, төбе, қыр, жақ, диагональ

Диалог/хат үшін пайдалы фразалар сериясы

Төрт үшбұрыштан тұратын бет ……аталады.

Параллелепипедтің жақтары....болады.

Тікбұрышты параллелепипед – бұл ..... параллелепипед.

Куб – бұл тікбұрышты параллелепипед, оның …

 Құндылықтарды

  дарыту

 

Қызметтестік, өзіңе және айналадағыларға құрмет, академиялық адалдық және тазалық

 Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, физика

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндігі

 Бастапқы білім

Планиметрия аксиомаларын, жазықтықтағы түзулердің өзара орналасуын, көпбұрыштардың ауданын білу

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

2 мин

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысы бойынша сұрақтар қою. Көпжақ ұғымын беру. Оқушыларға белгілі көпжақтың түрлеріне тоқталу, олардың элементтерін білу. Кескіндей білу.

Білімді өзектілендіру

Пирамида туралы бұрынғы түсініктеріне тоқталу. Пирамиданың түрлеріне тоқталу, кескіндей білу.

Оқушылармен бірге сабақ мақсатын және жетістік критерийлерін талқылау

10 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз және оларға тетраэдрдің моделін ұсыныңыз. Презентация арқылы оқушыларды тетраэдрдің элементтерімен таныстырыңыз. Бүйір жағы, табаны ұғымдарын енгізіңіз.

Тетраэдр түсінігін қалыптастыру үшін оқушыларға практикалық тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:

1. Ұсынылған сызба бойынша жазыңыз:

    • көпжақтың төбелерін;
    • көпжақтың қырларын;
    • көпжақтың жақтарын;
    • көпжақтың диагональдарын (егер бар болса) және т.с.с.

2. КАВС тетраэдрін бейнелеңіз. Салынған көпжақ бойынша көрсетіңіз:

    • көпжақтың (екі-екіден) төбелерін қамтитын қиылысатын түзулерді;
    • көпжақтың (екі-екіден) төбелерін қамтитын айқас түзулерді;

 

Презентациялар

1-7 слайд

http://bilimland.kz/index.php/ru/catalog/structure/876-math

20 мин

Есептер шешу

№1 есепті бірге талдау. №2 есепті өздеріне шығаруға ұсыну, бірге талдау. №3 есепті тақтада орындату. №4 есепті жұппен орындап, бір-бірін тексеруді ұйымдастыру. №7 есепті жоғары деңгейдегі есептерді орындай алатын оқушыларға ұсыну.

№1 п-бұрышты пирамиданың неше төбесі, неше қыры, неше жақтары болады? n=3, n=4, n=5 жағдайларын қарастыру.

№2 DABC тетраэдрінде барлық қырларының ұзындығы 8 см-ге тең. АК=КВ. DKC үшбұрышының периметрін табыңдар.

Жауабы: см

№3 DABC тетраэдрінде , . BCD жағының ауданын табыңдар.

Жауабы: 21

№4. МАВС тетраэдріні әрбір қыры 6 см-ге тең. СҒ-кесіндісінің ұзындығын және АВС үшбұрышының ауданын табыңдар.

№5. DABC тетраэдрінде см, АВ=АС=14 см, , BC=16 см. BDC жағының ауданын табыңдар.

Жауабы: 48 см2

№6. АBCD тетраэдрінде М нүктесі АВ-ның ортасы, NВС-ның, К- AD-ның, Р CD-ның ортасы. АС=10 см, BD=12 см. MKPN төртбұрышының периметрін табыңдар.

№7. Тетраэдрдің қырларының квадраттарының қосындысы қарама-қарсы қырларының ортасын қосатын кесінділердің квадраттарының қосындысынан төрт есе үлкен болатынын дәлелдеңдер.

Үй жұмысына оқушыларға тетраэдрді кескіндеуді және оның элементтерін көрсетуін ұсыныңыз.№5-6 есеп.

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

Оқушылар өз пікірлерін карточкаға жазады:

  • Бүгін мен мынаны білдім…
  • Қызық болы…
  • Мен мынаны түсіндім…
  • Мен мынаны түсінбедім …
  • Мен тырысамын…
  • Мен мынаны үйрендім…
  • Енді мен мынаны істей аламын…
  • Маған ұнаған жоқ…

Карточканың екінші жағына оқушылар сабақтың мақсатын және жеке пікірін (жеттім, тырысамын).

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Өзіндік бағалау, өзара бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу