8 сынып геометриясын қайталау. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 сынып геометриясын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

8 сынып геометриясын қайталау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8 сыныпта өткен тарауларды қайталау: көпбұрыштар, аудандар.

 Сабақ мақсаттары

  • Параллелограмның, ромбтың, трапецияның қасиеттерін қолданып, есеп шығарады.
  • Параллелограммның, ромбтың, үшбұрыштың (, және Герон формуласы), трапецияның аудандарының формулаларын біледі және есеп шығарғанда қолданады
  • Көпбұрыштардың анықтамасын, қасиеттерін, аудандарының формуласын біледі және қолданады

 Бағалау критерийлері

  • Формулаларды қолданып, көпбұрыштың белгісіз бұрыштарын табады
  • Параллелограмның қасиеттерін қолданып, есеп шығарады
  • Трапецияның қасиеттерін қолданып, есеп шығарады
  • Берілген шарттары бойынша, параллелограмның ауданын табады
  • Трапецияның ауданын табады
  • Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар :

– есеп шығарғанда әртүрлі төртбұрыштардың қасиеттерін қолданады және дәл айтады;

– Есеп шығарғанда фигура аудандарына түсініктеме береді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш;

- дұрыс көпбұрыш;

- дөңес, дөңес емес көпбұрыш;

- көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар;

- параллелограмм,

- үшбұрыш, ромб, трапеция, биіктік, аудан, синус, іргелес қабырғалар, медиана, тік бұрышты үшбұрыш, теңқабырғалы, теңбүйірлі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Үшбұрыштың/квадраттың/тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін қандай формула қолданылады?

.......... биіктігі, табаны дегеніміз не?

Трепция/квадрат/үшбұрыш үшін қандай формуланы қолданамын?

Қай формуланы трапеция, шаршы үшін қолданамын?

 Құндылықтарды дарыту

Жұппен, топпен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Халықаралық әртүрлі дерек көздерінен алынған тапсырмаларды салыстыру арқылы аудан тақырыбының жан-жақтылығын түсіну.

 АКТ қолдану дағдылары

интернет ресурстары

 Бастапқы білім

Өмірде әртүрлі бағыттардағы есептеулерде қолданылуын тапсырмаларда көрсету.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

5 мин

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерің анықтау.
  • Көпбұрыштардың қасиеттерін формулаларын қайталау

Сабақтың ортасы

35 мин

  • Алғашқы білімдерін жалпылау және жүйелеу

Жұптық жұмыс

Іскерлік кездесу (оқушы әр сағатта өзіне жұп құрады және белгілі уақытта сағатпен есеп шығару)

3 cағатта кездесу тапсырмалары

  • АВСD ромбтың периметрін табыңыз, егер және AC=10,5 см

Жауабы: 42см

  • АВСD трапециясында , АD үлкен табаны, АС диагоналі СD қабырғасына перпендикулярлы, . Егер трапецияның периметрі 20 см, ал болса, АD- табыңыз.

Жауабы: 8 см

6 сағатта кездесу тапсырмалары

  • Бөлменің еденінің, қабырғалары 5,5 м және 6 м болатын, тіктөртбұрышты паркетпен жабу қажет, паркет тақтайшасының ұзындығы 30 см, ені 5 см. Еденді жабу үшін неше осындай тақтайша қажет?

Жауабы: 2200

  • Ромбтың қабырғасы 6 см , ал бір бұрышы 150 . Ромтың ауданың табыңыз.

Жауабы: 18см2

9 сағатта кездесу тапсырмалары

АВС үшбұрышының АС және ВС қабырғалары сәйкесінше 16 см және 22 см, ал АВ қабырғасына жүргізілген биіктігі 11 см тең. ВС қабырғасына жүргізілген биіктікті табыңыз.

Жауабы: 8см

12 сағатта кездесу тапсырмалары

Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышы 135 тең, ал биіктігі осы бұрыштан жүргізілген табанын 1,4 см және 3,4 см кесінділерге бөледі. Трапецияның ауданын табыңыз.

Жауабы: 4, 76 см2

https://ege-ok.ru/wp-content/uploads/2014/01/59_2-Geometriya.-7-9-kl.-Uchebnik_Atanasyan-L.S.-i-dr_2010-384s.pdf

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Ұй жұмысы

Ромбтың диагональдарын табыңыз, егер бір диагоналі екіншіге қарағанда 1,5 есе үлкен, ал ромбтың ауданы 27

Жауабы: 6см, 9 см

Параллелограмм диагоналі оның қабырғасына тең. Параллелограмм ауданын табыңыз, егер үлкен қабырғасы 15,2 см, ал бір бұрышы 45 тең болса.

Жауабы: 115,52см2

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу