8 сынып геометриясын қайталау. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 сынып геометриясын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

8 сынып геометриясын қайталау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Тарауларды қайталау: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатынасы» , «Жазықтықтағы тікбұрышты декарттық координаталар жүйесі»

 Сабақ мақсаттары

  • Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;
  • тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдейді және қолданады;
  • Жазықтықтағы ТДКЖ нүктенің координаталарын анықтай алады
  • түзудің жалпы теңдеуін жазады, берілген екі нүктеден өтетін

 Бағалау критерийлері

  • Пифагор теоремасының дәлелденуінің кем дегенде екі тәсілін біледі ;
  • берілген тапсырмаларда Пифагор теоремасын пайдаланып белгісіз қабырғаны дұрыс есептейді;
  • Екі нүктеден өтетін түзудің теңдеуін жазады;
  • ТДКЖ нүктенің координаталарын анықтайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;
  • есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;
  • берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады
  • кесінді ортасының координаталарын және екі нүктенің арақашықтығын анықтауды түсіндіреді;
  • кесіндіні берілген қатнасқа бөлетін нүктенің координатасын табу туралы талқылауды дәйектейді;
  • түзудің координата жазықтығында орналасуы бұрыштық коэффициентке тәуелділігі туралы талқылайды.

Бөлім бойынша лексика және терминология:

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;
  • берілген бұрышқа іргелес жатқан катет;
  • берілген бұрышқа қарсы жатқан катет;
  • катеттердің квадраттарының қосындысы;
  • Египет үшбұрышы
  • жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі;
  • фигураның теңдеуі;
  • кесінді ортасының координаталары;
  • екі нүктенің арақашықтығының формуласы;
  • шеңбердің теңдеуі;
  • түзудің теңдеуі;
  • шеңбер центрі;
  • түзудің бұрыштық коэффициенті.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;
  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
  • Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;
  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...;
  • катеттің квадраты ... тең.
  • А(х;у) нүктесінің координаталарын табамыз …;
  • ... нүктесі .... кесіндісінің ортасы болып табылады, сондықтан ....;
  • ... нүктесінің координаталарын біле отырып, ... координаталарын табамыз;
  • осыдан ...дейінгі қашықтықтарын теңестіргенде ... аламыз;
  • ... нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрамыз;
  • нүкте түзуде жатыр, яғни оның координаталары ... теңдеуін қанағаттандырады.

 Құндылықтарды дарыту

Өздігінен жұмыс істеуіне ықпал ету, шапшаңдылыққа, жылдамдыққа баулу, көпшіл, ұйымшыл болуға баулу

 Пәнаралық байланыстар

Халықаралық әртүрлі дереккөздерінен алынған тапсырмаларды салыстыру және жан-жақтылығын түсіну.

 АКТ қолдану дағдылары

GeoGebra бағдарламасында жұмыс істеу

 Бастапқы білім

Өмірде әртүрлі бағыттардағы қашықтыққа байланысты есептеулерде практикалық қолданылуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

5 мин

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерің анықтау.
  • Көпбұрыштардың қасиеттерін формулаларын қайталау

Сабақтың ортасы

30 мин

  • Алғашқы білімдерін жалпылау және жүйелеу

Жұптық жұмыс

Іскерлік кездесу (оқушы әр сағатта өзіне жұп құрады және белгілі уақытта сағатпен есеп шығару)

3 cағатта кездесетін тапсырмалар

  • Параллелограммның бір диагоналі биіктік болады. Осы диагоналды табыңыз, егер параллелограммның периметрі 50 см, ал іргелес жатқан қабырғаларының айырымы 1 см болса.

Жауабы: 5см

  • Ромбтың ауданы 540 , және бір диагоналі 4,5 дм тең. Диагоналдарының қиылысу нүктесінен ромбтың қабырғасына дейінгі арақашықты табыңыз.

Жауабы: 180/17см

6 сағатта кездесетін тапсырмалар

  • АВСD теңбүйрлі трапецияның табандары АD=17 см, ВС= 5 см және бүйір қабырғасы АВ =10 см. В төбесі арқылы АС диагоналін қаққа бөлетін және АD табанын М нүктесінде қиятын түзу жүргізілген. ВDМ үшбұрышының ауданын табыңыз.

Жауабы: 48 см2

9 сағатта кездесетін тапсырмалар

  • АВС үшбұрышының координаталары берілген А(4;6), B (-4;0), C(-1;-4). СМ медианасын құрайтын түзудің теңдеуін жазыңыз.

Жауабы: 7х-у+3=0

  • АВ түзуінде жататын М нүктесінің ординатасын табыңыз, егер А(-8;-6), B (-3;-1) және М нүктесінің ординатасы 5 тең екені белгілі болса.

Жауабы: 7

12 сағатта кездесетін тапсырмалар

а кесіндісі берілген. Ұзындығы тең кесінділер салыңыз.

Жауабы: Геогебрада тексеру (мысалы )

https://ege-ok.ru/wp-content/uploads/2014/01/59_2-Geometriya.-7-9-kl.-Uchebnik_Atanasyan-L.S.-i-dr_2010-384s.pdf

https://www.geogebra.org/

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Ұй жұмысы

  • 4x+3y-6=0 және 2x+y-4=0 түзулердің қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңыз.

Жауабы: (3,-2)

  • АВСD трапецияның төбелерінің координаталары берілген A(-2;-2), B(-3;1),C(7;7), D(3;1).АС, ВD диагоналдарын және трапецияның орта сызығын құрайтын түзулердің теңдеуін табыңыз:

Жауабы: х-у=0, у-1=0, 3х-5у+5=0

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу