Ландшафт элементтері интерьерде /экстерьерде. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, дидактикалық материал., 2 сабақ.


Сандық — киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады. Қазақ шеберлері Сандықты қайың, қара тал ағаштарының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темір, мыс жапсырмамен, қатырма ою өрнектермен безендіріледі. Сандықтардың тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де әр түрлі. Кіші сандықтар 30-60 сантиметр болса, үлкендері 60-120 сантиметрге дейін жетеді. Сандықтар кілттенеді не сыртынан құлып салынатын етіп жасалады.

Сандық — киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым. Сандық — халықтар тұрмысында ерте кездей пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Көшпенді халықтар үшін ол өте-мөте қолайлы болған. Сандықтың аузына көбінесе ішкі құлып, кейде аспа құлып орнатылады. Сандықты жерге қойғанда түбі дым тартпау үшін, оның астыңғы төрт бұрышымен үйлестіре тақтайдан бұрыштан аяқ орнатады. Сандықтың беті әр түрлі бояумен сырланып, өрнектеледі не айшықты қаңылтырмен, кейде өрнекті сүйекпен қапталады. Сандықтың екі бүйіріне тұтқа орнатылады.[1][2][3]

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ - агаш тақтайдан киыстырып жасалган, биіктігі екі-үш қарыс шамасындагы аласа үстел. Терт аяқты болып келеді. Көшпелі ортада беті дөңгелек пішінді етіп жасалуына байланысты осылай

аталган. Д. ү. қазақтардың жартылай отырықшылыққа көше бастаган кезеңінде басқа халықтармен этномәдени байланыстар аясында пайда болып, жаппай таралган. Қазақ жерінің оңтүстік-шыгыс өңірлерінде оны жозы деп атайды (қ. Жозы). Д. ү. киіз үйдің ортасына ең қүрметті орынға санала- тын торге жақын қойылады. Оның бетіне кестеленген дастарқан жабылып, айналасына көрпешелер төселеді.[1]

https://www.youtube.com/watch?v=djZlPwQiQGA

Кебеже — тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Оның қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де асадал сияқты кейде сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі.[1][2

Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері – 1885 жылы Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы тапсырған заттардың бірі, Абай үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі:  биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см. Кебеже – қазақ халқының қол өнері ішінде өнер туындыларына жататын бұйымдардың бірі. Бізге келіп жеткен, қазіргі мұражай қорында сақтаулы кебежелердің, өте әсем көркемделген, көлемдері жағынан да, сыртқы сәнділік жағынан да бірін-бірі қайталамайтын сан-түрлі кебежелер бар. Кебеже – тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Қазақ ежелден азық-түлік сақтауға кебежені пайдаланған. Көшпелі заманда сүр ет, құрт-май салып сақтауға да, түйеге теңдеп алып жүруге де ыңғайлы, кімге болса да тұрмысқа өте қажет бұйым болған.Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/koloner/36834/Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу