Материалдар мен құрал-жабдықтар дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Материалдар мен құрал-жабдықтар дайындау

Оқу мақсаты:

8.1.6.3 табиғи және жасанды тері мен былғарының түрлері мен қасиеттерін анықтау, салыстыру және зерделеу;8.2.2.1 тігін машинасына қажетті құрылғыларды (түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу) таңдау және қолдану;8.2.6.2 құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы ескертпе парағын құру

 Сабақ мақсаты: оқушылар табиғи және жасанды былғары мен терінің әртүрлі үлгілерін зерттейді және салыстырады. Тәжірибелік жұмыс кезінде қажетті құрал-жабдықтарды қолданады, сонымен қатар қажетті материалдар және құрал-жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша ескертпе парағын құрастырады.

 

  • Ұйымдастыру кезеңі:

 Бұл үшінші тоқсанның үшінші сабағы. Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Сипатта» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды, ынталандыру шарасын өткізу үшін алдын-ала қазақтың ұлттық аспаптары орындауындағы музыкалық композиция дайындау қажет. Оқушыларды топтарға бірігуде оларға еркін және кез келген таңдау жасау ұсынылады, ол үшін оқушылар шеңбер жасап тұрады. Музыка қосылғанда оқушылар бір-біріне қарай еркін қозғалады. Музыка тоқтағанда бір біріне жақын оқушылар жұптасады. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындау, суретті сипаттау кезінде бір-біріне көмектесудің, топта жұмыс жасаудың, сабақта өзара көмек пен қолдаудың қаншалықты маңыздылығын түсінеді.

  • Мақсатты тұжырымдау.

 Мұғалім тігін жабдықтары бейнеленген әртүрлі суреттерді, сонымен бірге тоқыма материалдар, тері мен былғары үлгілерін алдын ала дайындап, сынып тақтасына орналастырады. Оқушылар сынып тақтасында орналасқан суреттер мен бұйымдардың қандай ортақ ұқсастығы барын қарастырып, талқылайды. Бірлескен талқылауда сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтайды. Мұндай көрнекі үлгілерді сабақтың кез келген кезеңінде көрсету оқушыларға сабақ тақырыбын жақсы түсінуге әсер етеді.

  • Бірлескен әңгіме. Сұрақтармен жұмыс.

 Оқушылар алдыңғы сабақтағыдай жұп құрамымен мұғалімнің алдын ала дайындаған, әртүрлі әшекейлеу түрімен, табиғи және жасанды тері және былғарымен өңделген қазақтың ұлттық қамзолының суреті мен үлгісін қарастыра отырып, келесі сұрақтарды талқылайды:

  • Осы материалдың сәндеуде қолданылу ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
  • Қолданылған материалдың қандай артықшылығы мен кемшіліктері бар?
  • Тері және былғары материалдарын өңдеудің әдіс-тәсілдері мен ерекшелігін сипаттап бере аласыңдар ма?

Бұл сұрақтар оқушылар үшін біршама күрделі және қажетті білімі болуы керек, сондықтан мұғалім жауап беруге қиналған оқушыларға өткен сабақтардағы дидактикалық және слайд материалдарын қолдана отырып, қосымша ақпараттар беруіне болады.

  • Шығармашылық жұмыс

Бұл жұмыстың түрі екі кезеңнен тұрады:

1 кезең

 Мұғалім оқушылардан өткен сабақта орындаған өз эскиздерін алдын ала дайындауды, және жобалық бұйымды дайындау және сәндеу үшін қандай материалдарды қолдануға болатынын ойластырып, қарастыруды сұрайды. Ары қарай – оқушылар жобалық бұйымды жасау, өңдеу, сәндеу үшін материал таңдауы қажет. Ол үшін оларға әртүрлі тері, былғары, мата, сәндік жіптер үзінділері, әртүрлі фунитура түрлерін қарастыру ұсынылады. Бұл жобалық жұмысқа қолданылатын нұсқаларын таңдауға көмектеседі.

  2 кезең

 Оқушылар әртүрлі материалдардың функционалдық ерекшелігі мен қасиетін ескере отырып, алдыңғы сабақта дайындаған өз эскиздеріне қажетті өзгерістер енгізеді.

  • Жаңа ақпарат (мұғалімнің көрсетілімі)

1 кезең

 Бұл кезеңде оқушылар тері мен былғары материалдарымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен, арнайы құралдар туралы жаңа ақпаратпен танысады.

 Тапсырма: оқушылар мұғалім ұсынған кестені қарастырып, тері және былғарымен жұмыс істеу реттілігін анықтайды.

2 кезең

Мұғалім тігін машинасының құрылғыларын көрсетеді (тігіске арналған магнитті шектеуіш, сыдырманы қосып тігуге арналған табан, тілік түймелікті торлауға арналған табан) http://tehnika.expert/dlya-chistoty-i-poryadka/shveinaya-mashina/lapki.htme#i/

Электронды ақпаратты қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, мұғалім тігін машинасына қажетті құрылғылардың қағазға басып шығарылған немесе фотосуреттерін, сонымен қатар – сабаққа қатысты дидактикалық материалдарды көрсетуіне болады.

  • Бірлескен әңгіме. Техника қуіпсіздігі ережелерін құру.

 Бұл әңгіме өткен айдарды жалғастырады, оқушылар мұғаліммен бірлескен әңгімеде материалдар мен құрал-жабдықтарды жұмысқа қолданудың әртүрлі тәсілдері мен функциональдық ерекшеліктерін ескере отырып, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін құрады.

 

  • Тәжірибелік жұмыс

1 кезең

Оқушылар тігін машинасының құрылғыларын қолданып жаттығу орындау үшін (таңдау бойынша) кез келген әдіспен топтарға бірігеді. Әр топқа тігін машинасы құрылғысының түрі мен материал түрін таңдау ұсынылады.

2 кезең

Оқушылар дидактикалық материалдар ақпаратымен танысады (3 қосымша). Одан соң топта ұсынылған ақпаратқа сәйкес қосарлы тігіс немесе торлау тігімін орындайды. Тәжірибелік жұмыс алдында оқушылар қажетті материалдар және құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіруі қажет. Мұғалім жұмыс алдында жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына назар аударуы керек.

  • Бағалау.

Өзіндік бағалау. Оқушылар бір-біріне жұмыстарын көрсетіп, суреттің ерекшеліктеріне түсініктеме береді. Оқушылар бір-біріне жұмысты жетілдіру жолдарын ұсына отырып, ауызша түсінік береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу