Материалдар мен құрал-жабдықтар дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


  • Қосымша

Тапсырма:

Кеудеше бейнеленген карточкалар

2.Қосымша

Түрлі тігін техникасының түрлері

3.Қосымша

Былғары және терімен жұмыс істеу реттілігімен танысу. «Құрал- жабдықтар» бағанындағы қателерді табыңыз. Жауаптарыңызды дәлелдеңіздер.

Операция түрі

Құралдар- жабдықтар

Тігін машинасында былғары мен теріні қалай тігуге болады

Былғарымен жұмыс жасау өте күрделі жұмыс, өйткені сіз көптеген технологиялық ерекшеліктерді білуіңіз керек. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдана білу керек. Мысалы, жұпталған бөліктерді қию кезінде тері бойлық бағытқа қарағанда, көлденең бағытта көбірек созылатынын ескеру қажет, сондықтан бұйым бөлшектерін бір бағытта қию қажет.

Теріні түйреуіштермен түйреуге, жіппен көктеуге болмайды. Иненің тесіктерінің орны қалып қояды. Жұмсақ жұқа теріні тігін машинасында қарапайым инелермен (матаға арналған) № 80 немесе № 90 тігуге болады. Қалың және қатты былғарыны тігу үшін ұшының жүзі екі жақты немесе төрт жақты арнайы тігін инелері қолданылады. Ине ұшының мұндай пішіні қатты теріні оңай тесуге мүмкіндік береді, көрінбейтін із қалдырады және жіптің үзілуі немесе бос тігістің пайда болуын болдырмайды.

Тігін машинасында тігіс ұзындығы сирек тігіске қою керек, себебі иненің жиі тесуінен былғары жыртылуы мүмкін.

Берік және серпімді жіптерді қолдану керек.

Тігін машинасымен былғары тігуге етікшілердің аяқ киімді жөндеуге қолданатын капрон жіптері жарамайды. Олар өте «ширатылған» және былғары қолмен тігу үшін ғана қолданылады.

Былғары мен теріні тігу технологиясында арнайы табандар қарастырылған

Былғары тігуге арналған арнайы табанды қолдану өте ыңғайлы. Мұндай табанда жазық табан орнына ролик немесе білікше пайдаланылады. Бұл күрделі материалды тігу үшін ыңғайлы құрал. Осындай құрылғыны пайдаланып, табан астына газетті қоюдың немесе материалды өзіңізге тартудың қажеті жоқ.

Түйме былғары мен теріге астыңғы түймемен бірге тігіледі

Былғарыдан және теріден жасалған кез-келген бұйымды әртүрлі фурнитуралармен толықтыруға болады. Кез-келген пішіндегі түймелер, үлкен және кішкентай металл тойтармалар мен ілгектер, бекітпелер табиғи былғарымен тамаша үйлеседі. Кейде олар тіпті былғары бұйымдарының негізгі сәндік элементі болады. Егер сіз былғарыға шыртылдаққа арналған тесік жасағыңыз келсе, онда ол жерге былғары бөлігін немесе желім матаны жапсыру керек. Шыртылдақты орнату арнайы құралды қажет етеді. Былғары киімге түймені теріс бетіндегі түймемен бірге тігу қажет. Түйме тігілетін жерді қатырмалау, былғарыны жыртылудан сақтайды.

4 Қосымша

Қосарлы тігісті орындау реттілігі

Қосарлы тігіс (француз тігісі деп те аталады) өңі жағынан сырып тігу тәрізді, ал теріс жағынан бастырып тігілген қатпарға ұқсас көрінеді.

Қосарлы тігісті тігу үшін екі машина тігімі жүргізіледі. Бірінші тігім өң бетінен тігіледі. Мата қабаттарының теріс жағын бір-біріне, өңін сыртқа қаратып саламыз, тігіс енін 5-7 мм-ге сырып тігеміз.

Тігіс енін 3мм қалдырып қиямыз.

Бөлшектерді өңі жағын бір-біріне, теріс жағын сыртына қаратып бүктейміз және бүктемеден 5-6 мм аралықта екінші тігімді жүргіземіз. Екінші тігім теріс бетінен жүргізіледі.

Сонымен мата қиықтары тігіс ішінде болуы керек. Егер қиық көрінетін болса, онда қосымшаның дұрыс қиылмағаны. Көлемі енді қосымшаны қию операциясын қайталау керек.

Тігін машиналарына арналған табан түрлері

Тігін шеберлері аксессуарларының арасында басқыш табандар маңызды рөл атқарады. Олар көптеген қосымша функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірушілер сәндік тігістер жүргізуді жеңілдету үшін тігін машиналарына арналған қосымша табандар ұсынуда, олар күрделі жұмыстарды сапалы орындайды және әмбебап бөлшектердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Олардың қолданылуын шатастырмау үшін, аксессуарлардың негізгі түрлерін сипаттамасын қарастырайық. Анықтау және негізгі қолданылуы

Тігін машинасына арналған алмалы басқыш табандар арнайы табанұстағышқа орнатылады. Олар түрлі материалдардан: металл, мөлдір пластик, жоғары сапалы полимерден жасалады.

Қосымша табандармен жасалатын жұмыстар:

• әртүрлі маталардың түрлері: былғары, нубук, трикотаж маталар, күдері, синтетикалық пленка;

• қажетті ұзындық пен ендегі тігімдер;

• бүгу, жасырын және жиек торлау тігістері, ирек тігіс;

• бисер, пайетка, резеңке, шеттік, моншақтарды, таспаларды тігу;

• әртүрлі сәндік элементтермен: жапсырма, сыдырма, түймелер.

Табанның кең таралған түрлері

Әрбір шебер өз қажеттілігене қарай тігін машинасының аксессуарларын таңдайды. Тігін машинасымен бірге келетін бөлшектердің стандартты жиынтығы барлық тігу қажеттіліктерін әрқашан қанағаттандырмайды. Бұл бөлімде табандардың түрлерін, және табан түрлерін қалай қолдануға болатынын қарастырамыз.

1. Әмбебап модель. Оның қолданылуы - тігін жабдықтарымен әртүрлі операцияларды сапалы орындау. Бөлшек 7 мм-ге дейін ирек тігімді орындау үшін арнайы тілікпен жабдықталған. Кейбір модельдер арнайы түймешікпен жабдықталған - қалың материалмен жұмыс істегенде бөлшекті түзулеуге көмектеседі.

Ирек тігіске арналған табан. Бұйымның бұл түрі кеңінен таралған. Бұл табанмен көптеген машиналар жабдықталған. Аксессуар түзу және ирек тігім орындауға арналған.

Сыдырмаға арналған әмбебап табандар. Олар әртүрлі сыдырмаларды тігу үшін қолданылады. Олар бір немесе екі бекітпемен болады. Әдетте, бұл тігін машинасының негізгі жиынтықтарына кіреді.

Жасырын сырырмаға арналған табан. Ол арнайы жасырын сыдырманы тігу үшін дайындалған. Онымен жұмыс істеу үшін дағды қажет, сондықтан алдымен үлгімен тәжірибе жасау қажет.

Тігін машинасында торлауға арналған табан. Оның қолданылуы – бұйым қиықтарын сәндеп өңдеу. Құрылғы әдемі тігім жүргізу үшін шұңқырымен бірге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу