Табиғатта достармен бірге! Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-тарау: Менің отбасым және достарым | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Сынып, күні: 2 |
| |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Табиғатта достармен бірге! | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.2.1 Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу. 2.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланады, материалдарды және құралдарды қолдануды үйренеді. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен ………айта аласың ба?
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыныптастардың бір-біріне деген , бір-бірінің ойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Технология пәнімен байланысады | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қуыршақтар жайында хабары бар, оларды ажыратып айтып бере алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру бөлімі
ә) оқушыларды түгендеу.
| |||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | Мұғалімнің түсіндіруі (2 минут): Сабақтың басын бір-біріңізден туыстарыңызбен, достарыңызбен табиғат аясында уақыт өткізесіздер ме, табиғатты бақылайсыздар ма деген әңгімеден бастаймын. Оқушыларға сұрақтар қою: Достарыңмен немесе туыстарыңмен табиғатқа шыққанда аспанның түсіне көңіл аудардың ба? Суретте аспан қандай түсті? Аспанның түсі қай жерде айқынырақ, қай жерде жап-жарық? Неге? Тәуліктің әртүрлі уақытында аспанның түсі қалай өзгереді? Зерттеу жұмысы (3 минут): Екі түстің сатылану мысалын қарау (слайд 1- ші бет). Мысалы, көк түстің күңгірт түсінен ашығына қарай сатылануы және сары түстің керісінше, ашық түсінен күңгірт сарыға қарай сатылануы. Бұл түстік реңктердің сатылануы. Берілген екі жолақты салыстырыңдар. Бұл тапсырма оқушылардың зейінін, байқампаздығын дамытады. Градация деген латын тілінен «ақырындап үлкейту» дегенді білдіреді.
Тапсырма № 1. (10 минут) Тапсырманы орындау кезеңдеріне қарай, сатылануды жасау үшін акварель бояуын пайдаланып тәжірибе жасап көріңіздер:
Ол үшін: бір түсті бояуды сумен араластыр.
Түстің қалай өзгеріп жатқанына қара? Жолақтың шеті кеппей тұрып бояуды өте жылдам жағуға тырысу қажеттігін ескерту керек. Дескриптор:
Тапсырма № 2. (20 минут) Күзгі пейзажды бейнелеңіз. Пейзажды бейнелеу барасында зерттеу жұмысындағы дағдыларыңызды қолданыңыздар. Дескриптор:
Кері байланыс: Сен нені суреттедіңіз? Тәуліктің қай бөлігін бейнеледіңіз? Аспан, жер үшін қандай түстерді пайдаланасыз? Тапсырмада түстің сатылануын көрсету қажеттігін айту. | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. Оқушыларға келесі сұрақтарды қоюға болады Саған не оңай болды?Қолыңнан не жақсы келді? Не қиын болды? Неге олай ойлайсың? | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың барысында қабілеті жоғары оқушыға тапсырманы күрделетемін | Өзін-өзі бағалау және мұғалім бағалауы (дескрипторлар арқылы) жүреді | Денсаулық сақтау технологиялары. Интерактивті тақтаны 10-мин артық қолданбау Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет. Бұл сабақта практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар орындарынан тұрып жүреді Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері | ||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру