алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Біздің үстелдегі натюрморт. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-тарау: Менің отбасым және достарым

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 2

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Біздің үстелдегі натюрморт

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1

Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын анықтап, олардың ерекше өзгешеліктерін сипаттау.

2.1.3.1

Идеяларды талқылау және сұрақтар қою

 Сабақ мақсаттары

 Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын және өзгешеліктерін сипаттауды үйренеді.

  Бағалау критерийлері

  • Бейнелеу өнерінің түрлерін біледі;
  • Бейнелеу өнерінің жанрларын таниды;
  • Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын сипаттай алады;
  • Идеяларды талқылайды.

 Тілдік мақсаттар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай заттарды көріп тұрсыздар?
  • Натюрморттың не екенін білесіздер ме?
  • жарық көзі, рең, көлеңке, жартылай көлеңке, түспе көлеңке, жылт, жарық, меншікті көлеңке.

Құндылықтарды дарыту

Сыныптастардың бір-біріне деген , бір-бірінің ойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру.

Бастапқы білім

Оқушылар түстік қатынасты біледі, түстің реңктерін алуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру бөлімі

  • сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.

 

Сабақтың ортасы

35 минут

Сабақты натюрморт бейнелеген қазақстандық суретшілердің суреттерінің көшірмелерін қарастырудан бастаймыз. Суретте не бейнеленгенін бір-бірінен сұрауын және талқылауын тапсырамын.

Талқылауға арналған сұрақтар қатары (3 минут) слайд № 2:

Олар қандай заттар?

Мүмкін араларыңызда натюрморттың не екенін білетіндер бар шығар?

Зерттеу жұмысы (топтық жұмыс), (5 минут): Екі суретті мұқият қарап шығыңыздар біріншісінде – шәйнек, шыны-аяқ және жемістер топтастырылған, бір-бірін жартылай қалқалап тұр. Ал, екінші суретте алдыңғы пландағы элементтер бір сызықта орналасқан.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Суреттер бір-бірінен немен ерекшеленеді?

Олардың қайсысында натюрморт дұрыс салынған? Неге олай ойлайсың?

 Мұғалімнің түсіндіруі (2 минут), слайд № 3: Суретте композиция маңызды рөл атқарады. Композиция – бұл идеяға сай әртүрлі бөліктердің бірыңғай тұтас бірігуі. Суретші суретке нобай немесе алдын-ала сурет әзірлейді. Бұл эскиз. Эскизді қарындашпен салады немесе түспен бояйды. Бастысы натюрморттағы бейне композициялық орта деп аталады. Бейнелердің біркелкі орналасуын композициялық тепе-теңдік деп атайды.

 Практикалық жұмыс (жеке жұмыс, 25 минут): Оқушыларға картоннан қиылған натюрморт композициясын таратамын. Тапсырманы түсіндіру.

 2 заттан тұратын натюрморт композициясын құраңдар және оны бояп шығыңдар. Оқушылардың назарын альбом бетіндегі құрастыруға, сәйкестікке аудару қажет.

 Бұл тапсырманы орындамас бұрын алдын-ала сұрақтарды талқылаймыз:

 Қандай натюрморт салғыларың келеді?

 Натюрморт үшін қандай заттарды таңдайсыңдар?

 Эскизді неден бастайсыңдар?

 Заттарды суретте қалай орналастыруға болады?

 

 Түйін сәттері:

 Қандай түстерді фонға таңдауға, қандай түспен заттарды бейнелеуге болады?

 Заттың көлемін түс арқылы қалай жеткізуге болады?

 Практикалық жұмыс барысында оқушыларды бақылап отыру қажет. Бояулармен жұмыс істегенде шапшаң болуын айту, суды ауыстырып отыру қажеттігін ескерту, бояулармен ұқыпты жұмыс істеу қажеттігін ескертіп отыру керек.

 Дескриптор:

  • композиция заңдылығы сақталған;
  • заттарды үйлесімді сәйкестендірген;
  • натюрморт ұқыпты боялған;
  • заттардың көлемі көрсетілген;
  • жұмысы аяқталған.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

Оқушыларға келесі сұрақтарды қоюға болады

Саған не оңай болды?

Қолыңнан не жақсы келді?

Не қиын болды?

Неге олай ойлайсың?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың барысында қабілеті жоғары оқушыға тапсырманы күрделетемін

Өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі және мұғалім бағалауы (дескрипторлар арқылы) жүреді

Денсаулық сақтау технологиялары. Интерактивті тақтаны 10-мин артық қолданбау

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет. Бұл сабақта практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар орындарынан тұрып жүреді

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы