Менің отбасым. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В-бөлім: Менің отбасым және достарым

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1

Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын анықтау

 Сабақ мақсаттары

Бейнелеу өнерінің жанрларымен танысу

 Жетістік критерийлері

-бейнелеу өнерінің жанрларын анықтай алады

-бейнелеу өнерінің жанрларының айырмашылығын қарапайым тілмен айта алады

 Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар :

• Түс ашық бола бастайды ма, әлде күңгірттенеді ме ?

• Түстер арасындағы айырмашылық қандай?

• Бұл түс қалай пайда болды?

• Қандай түстерді араластырдыңдар?

• Бұл түс неге ұқсайды?

• Сендер алған түсті сипаттап бере аласыңдар ма?

• Бұл түс сендерге несімен ұнайды?

 Құндылықтарды

  дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту отбасы мүшелерінің портретін талқылау арқылы жүзеге асады).

 Пәнаралық

 байланыстар

Кескіндеме, графика

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта дамымайды себебі қолданбайды

Бастапқы білім

Сурет салу біледі, отбасы мүшелерін айта алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға;

- оқушылармен бірге видеоны қарап сабақ тақырыбын және мақсатын/ анықтаймыз;

- оқушылардың «жақын даму аймағы»: оқушылар өздерінің парталас сыныптастарының портретін бейнелейді

https://www.youtube.com/watch?v=C7yLiaUA1Co

Сабақтың ортасы

Видеоны қарап болғаннан кейін оқушыларға таныстырылымды көрсетеміз, ол таныстырылымда екі отбасылық сурет болады 1. Графикада орындалған ал 2. Кескіндемеде орындалған, осы екі сурет арқылы бейнелеу өнерінің 2 түрімен таныстырамыз.

Портреттерде бейнеленген адамдар туралы сұрақтар қоямызыз. Мысалы,

«Отбасы мүшелерінің қайсысы бейнеленген: анасы ма, әкесі ме? Кім ең үлкені? Кім ең кішісі?» және т.б. Олар туралы не білетінін сұраймыз. Оқушыларға ойлау қабілеттеріне байланысты қолдау көрсетеміз.

(С, К) Оқушыларға ойын арқылы отбасы мүшелерінің рөлдерін, түр - сипаттарын, тұрыстарын қалай білдіруге болатынын көрсетіңіз. Оқушылар шағын топпен бір-біріне тұрыстарын қайталап көрсетеді. «Мен бақытты екенімді қалай көрсетемін?», «Көңілсіз екенімді қалай көрсетемін?», «Кәрі адамды көрсету үшін, маған не істеу керек?» деген сұрақтар қоюға болады.

(С) Альбомға қарындаш немесе көмір қарындаш материалдарын қолданып сурет салғанда, түр-сипатын қалай келтіруге болатынын көрсетіңіз. Жұмысты жұппен жасауға болады. Адам мінезін, сезімін және эмоциясын көрсетуде материалдарды қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз (мысалы, смайликтер).

Көрсетіп болғаннан кейін оқушыларға смайликтер бейнеленген карточкаларды таратып береміз.

Оқушылармен бірлесіп жұмысымызға арналған критерилер құрастырамыз, мысалы: 1. Ұқыптылық; 2. Бас мүшелерін бейнелеу; 3. Жұмысты графикада орындау;

(Ж, ОТ) Оқушылар жұптаса отырып, альбомдарына бір-бірінің нобайын салады.

Отбасылық портреттер:

фотосурет, картина,

өздерінің салған суреттері,

мұғалімнің қосымша

материалдары –

қазақстандық

фотосуретшілер мен

суретшілердің жұмыстары

Цифрлік

фотоаппараттар.

Альбомдар,

материалдар:

қарындаш, көмір қарындаш,

түрлі-түсті қарындаш, бояулар.

http://www.nationalge ographicstock.com/ngsimages/ explore/explorecomp. jsf?xsys=SF&id=737059

http://www.kazakhstanli ve.com/7.aspx?sr=5

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып оқушыларға қажетінше қолдау көрсетемін

Критерилер бойынша оқушылар бірбірінің жұмыстарын бағалайды

Денсаулық сақтау технологиялары интерактивті тақтаны 10 минуттан көп қолданбау.

Сабақта белсенді іс-әрекет қарастырылған.

Сабақ барысында Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу