Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.
1 қосымша. Мартин Лютер Кингтің қысқаша өмірбаяны.
Мартин Лютер Кинг — дін қызметшісі, Америкадағы қара нәсілді азаматтардың құқықтары үшін көрнекті күрескер. Кинг 1929 жылы 15 қаңтарда Атлантада баптисттік шіркеу пасторының отбасында дүниеге келді. Анасы Альберта Кристина Уильям үйленгенге дейін мектепте сабақ берген. Кингтің отбасысы өмір сүрген кварталда қара нәсілді халық тұратын, негізінен орта тапты адамдар. Бастауыш және орта сыныптарда оқи отырып, Кинг өз құрдастарынан озып түсетін. Он үш жасында ол университеттегі лицейге сәтті түсіп, он бес жасында Атлантадағы Морхауз колледжінің студенті атанады. Сол уақытта ол NAАСР (Қара нәсілді халықтарды дамытудың ұлттық ассоциациясы) мүшесі болады. Бұл жерде ол көптеген ақтар да нәсілшілдікке қарсы екенін түсінеді. 1947 жылы ол дін қызметкері болып тағайындалады және баптисттік шіркеуде әкесінің көмекшісі болады. 1948 жылы колледжді бітіргеннен кейін Кинг әлеуметтану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Содан кейін ол Крозер семинариясына түсіп, оны 1951 жылы сәтті бітіріп, дін оқуының бакалавр дәрежесін алады. 1955 жылы Бостон университетін бітіргеннен кейін теология ғылымының доктор дәрежесін алды. Оқу жылдары оған Г.Гегель, Г.Торо және реформист, дін қызметкері Вальтер Раушенбуштың еңбектері қатты әсер етті. 1953 жылы Кинг Коретта Скотт консерваториясының студент қызына үйленеді. 1954 жылы консерваторияны бітіргеннен кейін, ол күйеуімен бірге Монтгомери қаласына (Алабама штаты) көшті. Мартин мен Кореттаның төрт баласы болды - екі қыз және екі ұл. NAАСР-нің белсенді мүшесі ретінде ол ассоциацияның жергілікті атқарушы комитетінің мүшесі болды. 1955 жылы Монтгомери қаласындағы Дамыту ассоциациясының президенті болып тағайындалды. Кинг 382 күнге созылған Монтгомери көлігінің бойкотын басқарды. Қара нәсілді адамдар көліктегі нәсілдік сегрегацияға қарсы шықты. Жаппай наразылыққа Роза Парктің ісі түрткі болды, ол ақ жолаушыға қоғамдық көлікте орын беруден бас тартқаны үшін қамауға алынды. Уағыздарында Кинг наразылық білдірушілерді күш қолданбай күрес шараларына шақырды. Акция сәтті өтті. 1956 жылдың қарашасында АҚШ-тың Жоғарғы соты Алабама штатындағы сегрегацияны конституциялық емес деп жариялады. Нәсілдік кемсітушілікке зорлық-зомбылықсыз қарсы күреске қатысқаны үшін ол әлемдік Нобель сыйлығымен марапатталды. 1957 жылдың қаңтарында Кинг ОХБК-ның президенті болып сайланды («Оңтүстік христиандар басшылығының конференциясы»). Одақтың негізгі мақсаты қара нәсілді халықтың азаматтық құқығы үшін күресу болды. Кингтің «Бостандыққа қадам. Монтгомери туралы оқиға» атты кітабы жарық көрді. Ол теңдікке бейбіт жолмен қол жеткізуге бағытталған бірқатар компанияларды ұйымдастырды. Кинг бүкіл елді саяхаттап, дәрістер оқиды, жаппай жиналыстар мен митингілерде сөйлейді, бұл халықтың қара нәсілді топтарының азаматтық құқықтары үшін күресуінің күшеюіне серпін берді. Барлық жерде шерулер, митингілер, экономикалық бойкоттар өтіп жатты. Кинг 15 рет қамауға алынған болатын. 1958 жылы Гарлемде сөз сөйлеу барысында, кеуде тұсынан жарақат алды. 1960 жылы ол Нерудың шақыруымен Үндістанға барады. Мұнда ол өзі үлгі тұтқан Гандидің зорлық-зомбылықсыз қарсылық көрсету философиясымен көбірек танысады.
1963 жылы Мартин Лютер Кинг «Менің арманым бар» атты әйгілі сөзін сөйлейді, онда ол нәсілдік татулықты мадақтайды. Кинг христиандық сүйіспеншілікке сенген саяси жетекші болды. Оның 300 мың американдық жиналған Линкольн монументінде сөз сөйлеуі маңызды болды. 1968 жылдың 28 наурызында Мемфисте Мартин Лютер Кинг бастаған жұмысшылардың 6000-шы наразылық шеруі өтті. Шеру ереуілге шыққан жұмысшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Кинг 3 сәуірде ереуілшілерге жалынды сөз сөйледі, ал 4 сәуірде «Лоррэйн» деп аталған Мемфис мотелінің балконында, кейін 99 жылға сотталған, мерген Джеймс Эрл Рейемнің қолынан қаза тапты. Халық бүкілұлттық наразылық білдірді, 100-ден астам қалада қара нәсілді халықтың жаппай тәртіпсіздіктері орын алды. Кингті эпископ шіркеуі христиан діні үшін азап шеккен адам ретінде танылды. Кинг мүсіні Вестминстер-Аббаттығында азап шегушілермен бірге қойылған. Капитолийдің Ұлы Ротондында (Вашингтон) оның бюсті орнатылды, ол мұндай құрметке ие болған алғашқы қара американдық. 1986 жылдан бастап Мартин Лютер Кинг күні - ұлттық мереке болып бекітілді.
https://velikielyudi.ru/istoricheskie-deyateli/martin-lyuter-king.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру