Адамның шығу тегінің теориялары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


  Адамның шығу тегінің теориялары. Адамның маңызын тарихи іздеу

 Адамның ғарыштық тұжырымдамасы. Көне құжаттарды, аспан жараты-лыстарының пайда болуы туралы библиялық мәтіндерді талдау,  Пасхааралын-дағы мүсіндер сияқты табиғи объектілерді зерттеу негізінде, жерден тыс өрке-ниет өкілдерінің Жерге келу (палеовизит) мүмкіндігі туралы тезис ұсынылады.

 Ғарыштық келімсектер ер және әйел адамдардың пайда болуына мүмкіндік туғызды, өйткені адамзаттың қалыптасуына және дамуына  қозғау салды деп жорамалданды. Палеовизит тұыжырымдамасы XXI ғасырда да өзінің жолын қуушыларды тапты.

 Діниифологиялық тұжырымдама.

 Мифология алдыңғы ұрпақты "адастыру нысаны" ретінде емес, бірақ адамның өзін-өзі тануының маңызды сатысы ретінде қарастырылады.

 Құдай көне египеттік философияда адамды қыш ортасында балшықтан жасайды, осы ұқсас түсінік шумер мифіне тән болып табылады. Антикалық дәуірде адамның пайда болуы оның Ғарышпен өзара байланысына немесе "микроғарышпен" (адаммен) және "макроғарышпен" (табиғатпен) өзара байланысы бірыңғай тұтастық ретінде қарастырылды.

 Христиандық шеңберінде адамзаттың тұтастығы, оның Құдаймен қатынасы туралы ілім тұжырымдалды.

 Адамды, Қасиетті жазу бойынша Құдай дүниені жаратқаннан кейін соңғы (алтыншы) күні жаратты. Христиандық антропология адамды табиғат (биологиялық) және табиғаттан тыс (теологиялық) салада шектейді. Адам дене, жан, рухтан тұрады. Адамның дене өмірінің басқа жанды тіршілік иелерінен айырмашылығы болмайды. Жан кез келген тірі ағзада болады. Рух  -  тек оған ғана тән адамның жоғары көрінісі. Рухтың пайда болуы әрбір адамның өмірінде  "басшылық бастауы" болуы тиіс.

 Біріншіден, адамға жаратушы мен жаратылыстың, рух пен дененің, екіншіден, оған сәйкес тек адам оның барлық нысандарындағы дамудың бастапқы нүктесі болып табылатын антропоцентризмнің қарама-қайшылығы ретіндегі дуализм (қосарланушылық) тәсілінің негізі қаланды.

 Ғылыми-жаратылыстану  тұжырымдамасы.

 Адамның пайда болуының ғылыми-жаратылыстану түсіндірмелерінің алғашқы әрекеттерінің біреуі Аристотельдің адамды ең «жоғары дамыған жануар», тек сөйлеумен және ойлаумен ерекшеленеді деп атаған көзқарасымен байланысты. Зоопсихология айналыса бастаған жануарлар мен адамдар арасындағы жалпы мен әр түрлі ерекшеліктер мен сипаттамаларды іздеу дәстүрі біртіндеп пайда бола бастайды. XVIII ғ. К. Линней табиғат объектілері мен құбылыстарын және оған адам-homo sapiens (Ақылды адам) да енетін бірыңғай жүйесін енгізуді ұсынды.

 Ч. Дарвин келесі бекітулерде негізделген адам эволюциясы принципін тұжырымдады: а) адамның бастауы үшінші кезеңге түр ретінде қарастырады; б) адамның арғы ата бабалары адам тәріздес маймылға ұқсас жаратылыс болып табылады; в) адамның пайда болған орны - африкалық континент.

 Адамның қалыптасуының негізгі биологиялық факторлары және заңдылықтары: а) түзу жүру; б) жоғары приматтардың алдыңғы аяқтарын арнайыландыру; в) айқын сөйлей алу; г) дамыған сезім органдары; д) ми қызметі. Солардың негізінде Дарвин бойынша адамның тууы биотикалық, абиотикалық және әлеуметтік факторлар және жағдайлардың өзара әрекеті ретінде болды.

  XIX ғ. ортасында эволюциялық процесте адамды тартуды растайтын    фактологиялық материал біртіндеп жинақталды. Адамның рудиментарлық (лат. rudimentus өскін) органдары, яғни өзінің функциясын тарихи жағынан жоғалт-қан ағзаның дамымаған элементтері эволюция куәсі ретінде қарастырылды. Биологиялық кітаптардың барлығында балалардың: "арыстан секілді" және "құйрықты" ұл балалардың, біреуі - арыстанның басына ұқсас, ал екіншісі құйрықты рудиментпен түскен  фотосуреттері берілген.

 Марксистік тұжырымдама.

 Адамның шығу тегі туралы Дарвин тұжырымдамасы антропогенездің марксистік еңбек теориясының негізінде қаланды.

 Оның мәні Ф. Энгельстің "Адамның маймылға айналу процесіндегі еңбектің ролі" (1876) атты еңбегінде баяндалған. Биология, антропология және басқа ғылымдармен жинақталған материалдарды байыту келесі қорытындыны тұжырымдауға мүмкіндік береді. Биологиялық эволюция процесінде еңбекке өтудің алғышарттары жасалады, алайда еңбек адам қызметіне тән қару-жарақты дайындаудың басталуымен, сөйлеу және ойлаудың пайда болуы  ерекшеліктерін меңгереді,  бұл ерекшеліктер өмірдің әлеуметтік нысандарының қалыптасу және даму процесінде, өз кезегінде еңбек қызметімен байланысты күшейеді. Адам сыртқы табиғатты түрлендіре отырып, өзінің әлеуметтену дәрежесін арттырады.

 Антропосоциогенездің қазіргі замандағы тұжырымдамасы және оның негізгі ережелері.

 Алғашқы австралопитектер (лат. australis - оңтүстік және pitekos маймыл), яғни екі аяқпен алдыға жылжыған сияқты қазып алынған адам тәріздес приматтар Оңтүстік және Шығыс Африкада табылған. Палеоантропо-логия осыдан 3 млн. жылдан 5 млн-ға дейін олардың пайда болу көрінісі уақытты белгілейді, мұндай уақытша бытыраңқылық приматтарда "адами" ми құрылымын, іс-әрекеттің сипатын және т.б. анықтау дәрежесін әр түрлі тәсілдермен түсіндіреді.

 Кейінірек, "маймыл адамдар" тек Африкада ғана емес, сонымен бірге Еуропада да мекендегені белгілі болды (гейдельберг адамы). Адамның орта-азиялық шығу тегі туралы теория белсенді түрде қалыптасты.

 Органикалық дүниеден адамды бөлу проблемасының қазіргі замандағы баяндауы биологиялық және мәдениетті эволюция өзгешелігінің көрінуімен байланысты. Антропогенездегі барлық эволюциялық қайта түрлендірулер жеке және топтық іріктеп алудың аралас әрекетінің нәтижесінде болады.

 Гоминдерді әлеуметтендіру процесінде тіршілік ету үшін күресте альтруизмге, яғни қауымдастық мүшелерінің игіліктері үшін құрбан болу қажеттіліктеріне үлкен мән беріледі. "Альтруизм гені" бойынша табиғи іріктеп алу тиімдірек болды. Адам генетикасы бойынша зерттеулер қазіргі замандағы адамның жануарлардан алып қалған этика принципінің қатарында генетикалық байланысты көрсетті. Жануарлардың тәртібі туралы білімді ұлғайту көлемі бойынша адам және жануарлардың өзгешеліктері  туралы дәстүрлі түсініктерді қайта қарастырды. Барлығы жануарлар сана элементтерін игерген деген дәлел-деуді жиі келтіреді.

 Адамның жануардан айырмашылығы тек сөйлей білуі ғана емес, бірақ адамның қажеттіліктерін "сана ағындарының" жекелеген элементтерін атап көрсету және іске асыруда жатыр.

 Адамның қалыптасуындағы сатылы тұжырымдама біртіндеп жинақталады. Соған сәйкес адамның негізін салушыларды үш сатыға бөледі: австрало-питектер, архантроптар және палеонтроптар. 500 мың жылдан астам бойы бір саты басқасына өтеді. Осы қарқынмен гоминидтер дамуы неғұрлым  ұлғаяды, шамамен 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы типті адамның негізін салушы  ретінде неандерталдық пайда болды.

 Әрине, адамның пайда болуының сатылы тұжырымдамасы барлық қисын-дылығында жануардан адамға "өту механизмі" пікірталас объектісі болып қалды. Егер XIX-XX ғғ. басында антропосоциогенездің дарвин-марксистік тұжырымдамасы басым болса, онда XX ғ. аяғында адамның шығу тегі туралы пікірсайыс әлі өзінің өткірлігін жойған жоқ.  Адам "табиғат тәжі" ғана емес, ал генетикалық қателердің нәтижесі сияқты баяндалатын, галактикалық алапат апат өзгерістері (Үлкен жарылыс теориясы және т.б.) процесінде тірі табиғат дамуының эволюциялық бағдарламасының жаңылу өнімі деген көзқарас барынша белсенді түрді негізделеді. Бұл ретте антропогенездің еңбек тұжы-рымдамасының жақтастары өзінің дәлелдеуін дамытады және анықтайды.

 Алайда, жандының пайда болуы сияқты адамның шығу тегі туралы проблема "мәңгілік" санына қатысты, яғни бұл мәселеде "соңғы нүкте" қойылуы ықтимал.

 Адамның шығыс тұжырымдамаларының негіздері

 Адамның шығыс тұжырымдамасының мәні оның рухани жаратылысын мойындаудан, Құдайдың эманация нәтижесінен (уақыттың өтуі) тұрады. Шығыстық ойлау үшін адамға пантеистік пікір тән, соның шеңберінде Құдайды табиғатпен теңестіру жүреді, бұл ретте адамды құдайшыл мәнінің көрінісі ретінде қарастырады.

 Шығыстық ойлау адамды Құдаймен теңестіреді, адам уақыт ағынында болады, ол ажал бағытындағы жолды көрсетеді, адам жаны мәңгілік өмір сүреді. Бұл түсініктерді көрсетудің біреуі болып реинкарнация – бір денеден басқа денеге жанды ауыстыру туралы ілім болып табылады. Осы жерден   жанның ажалсыз екендігі, әр түрлі іске асыруларды оның қабылдау мүмкіндіктері туралы тезис қалыптасады.

 Конфуцийлік, буддизм және сопылық шеңберінде адамды түсіну өзгешелігі ерекше көрінеді.

 Адам туралы конфуцийлік ілім. Көне қытай ойшылы Конфуций адамды әлеуметтік жүйенің иерархия бөлімі ретінде қарастырды. Адам туралы конфуцийлік ілім әр түрлі жағдайлардағы мінез-құлықтың әр түрлі мүмкін болатын стереотиптерін көрсетеді. Адамды табиғаттың ерекше объектісі, яғни табиғатқа бағынатын, бірақ оған қарсы тұра алмайтын  ретінде қарастырады, бұл Көк пен Жер арасындағы адамның "аралық" жағдайы ретінде түсіндіріледі. Бір жағынан, адамды дүниенің бірегей жағдайы ретінде орын алады,  ал басқа жағынан, - бірыңғай тұтас табиғатты құрайды.

 Адам туралы буддалық ілім. Буддизмнің негізгі идеялары шамамен алғанда б.ғ.д. V ғ. қалыптасты, солардың негізінде – тіршілік құбылыстарының өшу процесінде нирван (тыныштық) көрінісі ретінде адамды табиғатпен (Тұтас) біріктіру (еріту) жатыр. Адам табиғатпен болатын бірлікті қолдайды, оны Дао жағына – «Тұтаспен» бірігудің негізгі жолына алып кетпеуі тиіс.

 Адам туралы сопылық ілім. Сопылық VIII ғ. ислам бағыттарының бірі ретінде өркен жайды, соның шеңберінде адам жаратылыс ретінде Ниммен бірігуді ойлай отырып, өзінің Құдайға қатысы барлығын сезіне отырып, болмыстың ақиқаттылығына көз жеткізеді. Мұхаммед пайғамбар "жан-жақты жетілген адам" деп саналады, соның арқасында Құдай осы өмірде пайда болды. Адамның жоғарғы мақсаты оның жанының құдайшылдықпен қосылуы болып табылады.

 Батыс тұжырымдамаларының негіздері

 Батыстық ойлау үшін "Меннің" "Мен еместігінен" белсенді айырмашы-лығы тән болады. Батыстық типті ойлау адамы өзін қоршаған ортамен (Құдай-мен) теңдестірмейді, ал өзінің болмыс-тіршілігінің өзгешелігін анықтайды.

 Батыстық ойлау үшін адам мәнін ұғындыруда дуализм (екі ұдайылық) тән болады. Адам дуализмді қайта мағыналандыру жеке адамның өзін-өзі тануы-ның маңызды элементі болып беріледі. Бір жағынан, адам органикалық дүниенің өкілі ретінде оның ғылыми жаратылыстану заңдылықтарына бағына-ды, ал екінші жағынан, адам әлеуметтің өкілі ретінде діни нормалармен, рухани дәстүрлермен, экономикалық жағдайлармен анықталатын әлеуметтік мәдени заңдылықтарға бағынады.

lib.kstu.kz:8300/tb/books/istoriya_i_filosofiya...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу