Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 7.1

IV бөлім. Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі.

Сабақ тақырыбы: Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды?

Оқу мақсаттары:

7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.2.2.2 - өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

7.3.1.1 - республикалық құрылымның ерекшеліктерін анықтау

Тарихи концепт: интерпретация

Сабақтың өзара байланыс компоненттері

 1 Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардын сабақ алдында позитивті психологиялық көңіл-күйде болуларын қамтамасыз ету маңызды.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Жак-Луи Давидтің «Горацийлердің анты» (1784 ж.) деп аталатын картинасын көрсетіңіз. Оларды картинаны мұқият қарастырып, оның барынша көп ерекшеліктерін сипаттауды сұраңыз, сұрақтар қойыңыз: Картинада кімдер бейнеленген? (римдіктер, Горацийлар отбасы мүшелері) Суреттің басты кейіпкерлері не істеп жатыр? (алдыңғы қатарда үш ағайынды Горацийлер бейнеленген, оларға әкесі салтанатты түрде қару-жарақ табыстайды. Олар өз Отанына міндеттерін орындауға ант беруде) Бейнеленген адамдардың сыртқы көрінісін сипаттаңдар. (кейіпкерлер римдік жауынгерлердің киімін киген). Артқы фонда кімдер бейнеленген? (әйелдер - ерлердің іс-әрекеттерін жылап, қайғырып бақылап отырған отбасы мүшелері). Неліктен Горайций ағайындылардың бірінің анасы, апасы мен әйелі жылап отыр? Бұл суреттің басты кейіпкерлерінің тағдыры қандай болуы мүмкін?

 Оқушылардың кез келген пікірлерін қабылдаңыз, олардың пікірлерін жоққа шығармаңыз және келіспеңіз де. Осындай «ми шабуылының» соңында картинаның авторы мен атауын айтаңыз. Суретте көрсетілген оқиға туралы қысқаша баяндар беріңіз.

 Бұл суреттің негізіне Рим тарихшысы Тит Ливий жазған оқиға алынған. Оның айтуынша, Гораций отбасынан шыққан үш ағайынды Римге қарсылық танытқан Альба Лонг қаласының үш үздік сарбаздары - Куриациялар ағайындылармен күресуге дайындалады. Давид өз картинасында үш ағайындылар римдік сәлемдесу үлгісінде қолдарын көтеріп, жеңіске жетуге немесе өлуг дайын екендіктері туралы уәде беріп тұрған және олардың әкесі оларға қылыштарды табыстап жатырған сәтін бейнелеген.

 Оң жақта қиналып отырған әйелдердің тобы: қашықтықта Горацийлердің анасы екі немересіне бүгіліп, жақынырақ Камилла әпкелері, Куриацийлердің біреуінің қалыңдығы және Сабина, Куриацийлердің апкесі және Горацийлердің біреуінің әйелі. Артқы фонда үш арка көрінеді, олардың әрқайсысы фигуралардың топтарына сәйкес келеді: оң жақтағы - әйелдер тобына, сол жақтағы - ағайындыларға, ортадағы арқа - қылыштарын ұстап тұрған әкесіне байланысты бейнеленген.

 Давид картинаның композияцисын тиянақты ойластырды, кейіпкерлер мен жарықтың «хореографиясы», бұл көрерменнің назарын суреттің ортасына шоғырландырады, осындай ерекше моральдық күшке толы атмосферасын ашық көрсетеді.

 Осылайша, бұл картинада Давид ерлердің отанына патриотизм, азаматтық және өзін-өзі құрбан ету идеалдарын әйелдердің қайғы-қасіреті мен сезімтал әлсіздігіне қарсы қояды.

 Сонымен қатар, XVIII ғасырдың аяғында - XIX ғасырдың ортасында Еуропадағы бейнелеу өнерінің жаңа стилі - неоклассицизм пайда болғанын хабарлаңыз. Бұл стиль XVII ғасырда еуропалық өнерде басым болған классикалық стильдің дамуының келесі кезеңі болды.

 

 3. Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концертісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқу мақсаты мен концептісіне негізделген сабақтың мақсатың оқушылармен бірге талқылаңыз:

 - бейнелеу өнерінің классика және неоклассицизм стильдерінің ерекшеліктерін сипаттау,

 - суретші Ж.Л. Давидтің өмірбаяны мен саяси көзқарасын білу,

 - суретші Бодроның өмірбаяны мен саяси көзқарасын білу,

 - Жан Пол Мараттың саяси көзқарастары мен іс-әрекеттерін сипаттайды,

  - осы оқиғаға қатысты екі француз суретшілерінің пікірін салыстыру,

 - «революциялық террор» ұғымын талдау.

  •   Терминдермен жеке жұмыс жасау. Оқушыларға классицизм және неоклассицизм көркем өнерінің стильдерінің және «революциялық террор» терминдерін сипаттайтын мәтінді беріңіз. Дәптеріне осы стилдердің әрқайсысының белгілерін және терминнің түсініктемесін жазуға тапсырма беріңіз.

 Осы тапсырманы бағалағаннан кейін, бүкіл сыныппен талқылаңыз: Осы стильдердің әрқайсысының басты ерекшеліктері неде? Француз революциясының кезенде Франция суретшілері неліктен классикалық стильге қызығушылық танытты? Суретшілер өздерінің саяси көзқарастарын білдіру үшін өнерді қалай пайдаланды? Қоғамда олар қандай саяси идеяларды таратуға тырысты?

 Тапсырманың дескрипторлары: оқушы:

- классицизм стилінің ерекшеліктерін сипаттайды

- неоклассицизм стилінің ерекшеліктерін сипаттайды

- «революциялық террор» терминін сипаттайды

- суретшілер өздерінің шығармалары арқылы тарихи оқиғаларға қатысты көзқарасын білдіру үшін пайдаланғандары туралы қорытынды жасайды.

 Оқушылардың жауаптары:

 Классицизм - XVII - XIX ғасырлардағы еуропалық мәдениетіндегі көркемдік стиль және эстетикалық бағыт. Классика стиліндегі көркем өнер туындысы қатаң канондар негізденінде құрылуы керек еді, осылайша ғаламның үйлесілімділігі мен логикалық сипатқа ие болғанын білдіреді. Классицизм өнердің әлеуметтік және қоғамды тәрбиелеу қызметіне үлкен мән берді. Бұл бағыт Францияда XVII ғасырда қалыптасты. Ол Людовик XIV (1638 - 1715 жж.) стилі деп аталды. Француз классицизм адам тұлғасын ең жоғары құндылық деп санап, оны діни және шіркеу әсерінен босатты. Көптеген жағдайларда классика ежелгі өнердің «алтын дәуіріне» негізделген. Францияда классицизм XVII ғасырдың стилі деп аталды.

 Неоклассицизм деп XVIII ғасырдың екінші жартысының стилін түсінеді және XVI Людовиктің (1754 – 1793 жж.) стилі деп аталады. Бұл стильдің суретшілері классикалық өнерге тән фигуралардың монументальдылығы мен пластикасын жандандыруға тырысты.

 Революциялық террор - 1794 жылдың 5 қыркүйегінен бастап 1794 жылдың 27 шілдесіне дейінгі кезеңдегі француз революциясының басталуынан кейін жаппай өлім жазасы орындалған кезең. Террор оппозициялық саяси топтардың (жирондисттер мен якобиншілдер) арасындағы қақтығыс барысындағы зорлық-зомбылық кезеңі болды, сол кезде якобиншілдер «революцияның жауларын» жаппай қырып-жояды.

 Өлтірілген адамдардың саны 16 мыңнан 40 мыңға дейін жетті. Гильотина пышағы астында (сотталған адамның басын кесуге арналған құрал) өмірлерің аяқтағандар: XVI Людовик (1793 жылы қаңтарда өлім жазасы орындалды), королева Мария Антуанетта, Орлеан герцогі, жирондинстердің жетекшілері (Жак-Пьер Бриссо, Пьер Верньо, мадам Роланд), дантонисттер (Жорж Жак Дантон), эберистер (Жак-Рене Эбер, Пьер Гаспар Шометт) және фельяндар (Антуан Барнав, Жан Сильвен Байи), химик Антуан Лавуазье, ақын Андре Шенье және басқалар.

 5. Топтық жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөліңіз. Оқушылардан екі суретші және Француз революциясының жетекшілерінің бірі Марат туралы оқулықтың және басқа да ақпараттық материалдарынан танысуын сұраңыз:

 1-топ –Жак-Луи Давид туралы постер дайындаңыз.

 2- топ –Пол Бодри туралы постер дайындаңыз.

 3- топ – Жан-Поль Марат туралы постер дайындаңыз.

 4- топ – Шарлотта де Конте туралы постер дайындаңыз.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар: Оқушы:

  •  тарихы тұлғаның өмірбаянын қысқаша сипаттайды
  •  тарихы тұлғаның саяси көзқарастарына қысқаша сипаттама береді
  •  суретшінің шығармашылығына қатысты және саяси көзқарастарына өз бағасын береді.

 Осы жұмыстарды аяқтап, топтардың жұмысын тексергеннен кейін, оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсыныңыз: Неліктен осы адамдардың өмірі мен қызметін қарастырамыз?

 Жауаптар: Суретшілер Давид пен Бодри өз картиналарында Француз революциясының көрнекті қайраткерлерінің бірі Жан Пол Мараттың өлімін бейнеледі. Бодри өзінің картинасында Маратты өлтірген қызды бейнеледі. Олардың суреттері «Мараттың өлімі» деген атпен аталады, бірақ олар бұл оқиғаға қатысты түрлі интерпретация жасады.

 Бұл тарихи тұлғаларды қарастыру себебі - олардың замандастарының Француз революциясының оқиғалары мен қатысушыларына қатысты түрлі пікірлерді суреттеп, осы оқиғаны жақсы түсінуімізге көмектеседі.

 

  •   Рефлексия. Өз тәжірибесін талқылау қабілетін дамытуға және өмірлік тәжірибесіне жеке баға беріге мүмкіндік беретін «Ойлану уақыты» атты әдісті пайдаланыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбына байланысты кез келген кілтті сөзді дәптерге жазулары керек. 1 минут ішінде оқушылар өсы сөзге байланысты өз ойларын, тоқатамастан, жазулары керек. Уақыт аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын іштей оқиды. Содан кейін кейбір оқушыларды келесі сұрақтарға жауап береді:

 - Неліктен мен осы сөзді кілтті сөз ретінде таңдап алдым?

 - Бұл сөзді дәптеріме жазғанда не туралы ойландым?

 - Мен 1 миніт ішінде жазғанымда нені өзгерте алар едім?

 - Менің жазғаным мен үшін маңызды немесе маңызды емес пе?

 

  • Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға революциялық террор тақырыбына арналған көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныңыз, мысалы:
  • Ромен Роллан «Он төртінші шілде. Дантон. Робеспьер».
  • Левандовский «Дантон» («Тарихтағы із» сериясынан).

Сабақтың тақырыбына қатысты

қосымша теориялық материалдар

 Поль Бодри (1828-1886 жж.) - атақты француз суретшісі. 1850 жылы Бадри өзінің суретші таланты үшін басты Римдік жүлдені алды. Италияда болған кезінде ол итальян өнерінен шабыт алды. Бұл алған әсері оның 1857 жылы Париж салонында қойылған екі картинасында айқындалды: Люксембург сатып алған «Вестфалканың құрбандығы» және «Сәби» атты туындыларында. Сол жылы көрмеге қойылған «Леда», «Қасиетті Жан Батист» және «Бёльдің портреті» атты картиналары да бірінші сыйлыққа ие болды.

 1861 жылы ол «Шарлотта Корде Маратты өлтіргеннен кейін» деп аталатын картинасын жазып, тарихи жанрда өзін сынап көрді. Бұдан басқа, Бодри өз уақытындағы танымал адамдардың (Франсуа Гизо, Шарль Гарнье, Эдмон Абу) портреттерін бейнеледі.

 Суретшінің шеберлігі, оның қиялын және жоғары көркемдік талантын сипаттайтын, Париждегі Кассациялық сот ғимаратындағы, Шантийи сарайындағы, кейбір жеке меншік ғимараттарда және Гарньер Операсындағы оның фрескалары болды.

 Он жыл арасында Бодри 30-дан астам шығарма, соның ішінде композициялар, жасады. Бодри француз бейнелеу өнері Академиясының мүшесі болды.

 Пол Бодри 1882 жылы шығарылған 100-франктік қағаз ақшаның авторы болды.

 Бодри 1886 жылы 17 қаңтарда Парижде қайтыс болды, ол Пер-Лашез зиратында жерленген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу