Моңғолдар әлемдік империяны қалай құрды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Монғол шапқыншылығының Қазақстандағы салдары

Қазақстанның аумағын жаулап алған Шыңғыс хан жауланған жерлерді өз ұлдары арасында ұлыс ретінде бөліп берді.

 Шыңғысханның тірі кезінде ұлдарына ұлыс ретінде берілген жерлер тек пайда көзі ретінде ғана қарастырылып, іс жүзінде империя басшысына бағынды. Шыңғысханның өлімінен соң жағдай өзгерді. Шыңғысхан империясының ұланғайырлығы, ортақимперлікорталық Орхоннан ұлыстардың алшақтығы нәтижесінде жергілікті билік оқшаулана түсті.

 Монғол шапқыншылығы Қазақтсан мен Батыс Сібір тұрғындарының халық болып қалыптасуын тежеп, солтүстік-шығыс пен шығыстан монғолдардан қысым көрген найман мен керей тайпалары шоғырлана түсті. Қыпшақтардың көп бөлігі өзге мемлекеттер территориясына қоныс аударып, Жерорта теңізі аумағынан бастап Үнді, Тынық мұхитына дейінгі аралықтарға дейін қоныстанды. Монғол ақсүйектерінің Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы жайылымға бай аймақтарды жаулап алуы жергілікті халықтардың жөңкіле көшуіне, монғолдардың жаулаған жерлерді ұлыстарға бөлуі туыстас этникалық топтардың тарауына әкеліп соқты.

 

Монғол шапқыншылығы анық, бірақ айрықша көрінбейтін Қазақстанның түркі жұртының антропологиялық түрінде монғолоидтық белгілердің көбеюіне әсер етті. Бірақ монғолдар Қазақстан аумағында азшылықты құрағандықтан жергілікті түркітілдес тұрғындармен ассимиляцияға түсіп, олардың тілі мен салтын қабылдады.

  

Монғол тілі Алтын Орда мен Шағатай ұлысында көптеп қолданысқа ие болмай хан жарлықтары түрік тілінде жазылды. Әдеби тіл ретінде араб және парсы тілдерімен қатар мұнда қыпшақ тілі қолданылды.

XIV ғасырда экономикалық қайта өрлеу кезінде Алтын Орда мен Шағатай ұлысындағы феодалдық қатынастардың дамуына орай жергілікті түрік бекзадаларының ықпалы артып, олар өз кезегінде Алтын Орда мен Шағатай ұлысында билікке таласып, нәтижесінде бұл тартыс екі ұлыста да мемлекеттік биліктің ыдырауына әкелген себептердің бірі болды. Қираған ұлыстардың орнында Қазақстан территориясында түрік мемлекеттері Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, кейіннен Қазақ хандығы пайда болды.

 

Монғолдар шапқыншылығы, көшпелілердің оңтүстік-шығыс Қазақстанға шашырай орналасуы монғол ақсүйектерінің үстемдігі, монғол ұлыстарындағы бітпес таққа талас – қалалық мәдениеттің құлдырауына әкелді.

Монғолдар жаулап алынған жерлердегі қоғамдық қатынастарды пәлендей өзгерте қоймады, әсіресе, Орталық Азия мен Қазақстанда феодализм үлестік жүйе бойынша әуелден дамып, гүлдену кезеңін бастан өткеріп жатқан болатын. Жергілікті отырықшы халықты шексіз қанай берудің мүмкін еместігін түсінген монғол билеушілері жер иелену мен жер өңдеудің түрлерін жергілікті отырықшы халықтан үйрене бастады.

 

Бағынышты халық ауыр-салықтардан көз ашпады. Қатты қиындық туғызған – бұл монғол әскеріне жергілікті халық ішінен жауынгер беріп тұруы болды.

Хан ордасы пайдасы үшін және өз мырзаларына жергілікті көшпелі халық қапшуыр (100 бас сиырдан 1 бас көлемінде) салығын төлеуге міндеттелді. Зерттеушілердің есептеуінше, жер-жерден жиналатын монғолдар белгілеген 20 дан астам салықтың түрлері болған. Ауыр алым-салықтар өз кезегінде жергілікті тұрғындарды әбден титықтатты.

 

Бір кездерде Шыңғысханның «Жасақ-Яса» заңдарының жинағына енген дәстүрлер жиынтығы ел ішінде салт-дәстүр ретінде сақталып, XVІI ғасырда қазақтардың заңдар жинағы «Жеті жарғының» («Жеті Жарғы» - Тәуке ханның заңдар жинағы) бір бөлшегі ретінде қайта жаңғыруы мүмкін.

 

Саяси салдарлар

Экономикалық салдарлар

Әлеуметтік салдарлар

Мәдени салдарлар

Тапсырма

қағазға немесе электронды түрде график сызуы керек. Горизонтальді осіне монғол шапқыншылығы жылдарын жазып вертикальді осіне 1 ден 5 ке дейін бегі орнату керек. Графиктегі 1 «өте көп», 3 -«жеткілікті» и 5 – «мүлдем жоқ».

1211-1215 1219-1224 1236-1242

Соңында оқушылар графикке моңғолдар мен моңғолдар жаулап алған елдердің бірін-бірі қалай өзгерткендігіне баға беріп, маңыздылығына қарай орналастыруы тиіс. (түспен ерекшелеу керектігін де ұмытпаған жөн).

Дескрипторлар:

Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанға тигізген әсері мен ықпалын анықтайды

Моңғолдардың Қытайға тигізген әсері мен ықпалын анықтайды

Моңғолдардың Орыс мемлекетіне тигізген әсері мен ықпалын анықтайды

Монғол-татарлар Руське қаншалықты әсер етті?

Бір қарағанда монғол-татар шапқыншылығы Ресей тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің бірі десек, келесі бір жағынан алып қарасақ монғол-татарлар Орыс мемлекетіне әртүрлі салада ықпал еткендігін көре аламыз.

Монғолдардың Киев Русіне шабуылы 1230 жылдаран-ақ басталды. Жекелеген кінәздіктерге бөлінген Киев Русі басқыншыларға пәлендей қарсылық көрсете алмай жүздеген жылдарға созылған Алтын Орда мемлекетінің қоластына түсті. Салық төлеу былай тұрсын, әр орыс кінәзі билікке ие болуы үшін Алтын Ордаға бас иіп келіп, өзінің бағынатынын білдіріп тұруы тиіс болды. Бұл аз десеңіз – хан сарайында аманат ретінде өз ұлын аманат ретінде қалдыруға да мәжбүр болды. Кейіннен аманатта болған балалардың өздері де кінәз атанды. Хар сарайында жүріп, олар монғол-татарлардың әскери және мемлекеттік жүйесі туралы біліп, елшілік жораларын меңгеріп, кейіннен алған білімдерін өздері билікке қол жеткізген соң ел басқаруды тиімді жүргізуда қолданды. Көпшілігі ханның және ханның туыстарының қыздарына үйленіп отырды. Олардың ұрпақтары кінәздік биілкті мұра ретінде қалдырып отырды, барлық дерлік орыс билеушілері мен ақсүйектерінің шыққан тегі татарларға келіп тіреледі.

Орыстардың қаржылық жүйесі де Алтын Орданың үлгісі ретінде құрылды. Бұл жағдайлар тіптен орыс тілінде де кездеседі. Мәселен, орыстың «таможня» сөзі татардың «тамга» (таңба) («сауда салығы»). «Деньги» – бұл «теңге». Монғол-татарлардан орыстар пошта хабарларын жеткізуде ат арбаларды қолдануды үйренді. Осылайша, Руське монғолдардың келуімен қатар Мәскеу кінәздігі монғолдардың келуімен қарқынды дами бастады. Кінәз Юрий Данилович (1303-1325 жж) Алтын Орданың ханының көмегімен «Мәскеудің Ұлы кінәзі» атағын иемденуге қол жеткізді. Орданың көмегіне сүйене отырып, Мәскеу нығая түсіп, көршілес Тверь, Новгород, Псков кінәздіктеріне қарағанда күшейді. Иван Данилович Калита (1325-1341 жж) тұсында ол елдің орталығына айналды. Мәскеу кінәзі «Барлық Ресейдің ұлы кінәзі» деген атаққа ие болды. Көптеген татарлар орыс кінәздеріне қызметке тұрып христиан дінін де қабылдай бастады.

Монғол-татар мәдениеті орыстардың күнделікті өмірі мен тұрмысына да елеулі әсерін тигізді. Тіптен орыс боярларының киімдері монғол-татар ақсүйектерінің киімдерін еске түсіретін болды. Орыстар татарлар киімдеріне ұқсайтын киімдерді кие бастады. 1551 жылғы Жүзбасылық собор шақырылымының жарлығына сай храмға кірерде орыстарға мұсылмандар сияқты бас киімсіз кірмеуді талап етті. Нақты осы кезеңде орыс тіліне мынадай сөздер қатары енді: башмақ (аяқ киім), зипун (жағасыз шекпен), кафтан (өрнектелген ұзын киім), қалпақ (бас киім), сафьян (терінің бір түрі), кумач (мақтадан тоқылған ашық-қызыл түсті киім), клобук (православиедегі монастырь әйелдерінің бас киімі). Аспаздық саласында да енген сөздер болды. Монғол-татарлардың ықпалына сайы Русьте шай ішу дәстүрі пайда болды. Олар орыстарға қалаш нан (бидай ұнынан белгілі бір формада пісірілген нан) пісіруді үйретті. Филологтардың есептеуінше, орыс тілінде 2000-ға жуық түрік сөздері кездеседі екен. Соның ішінде 300-ге тарта сөз киімдер атауына қатысты болса, 280-ге жуығы тағамдар мен сусындарға қатысты.

Қазақстан және Орта Азия

Қытай

Орыс мемлекеті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу