Моңғолдар әлемдік империяны қалай құрды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 12.2
V бөлім: Монғолдар
Сабақ тақырыбы: Моңғолдар әлемдік империяны қалай құрды?
Оқыту мақсаты:
6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау
Тарихы концепт: себеп және салдар
Сабақтың өзара байланыс компоненттері:
- Сабақтың басында ұйымдастыру сәті және қолданыстағы білімді өзектендіру өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. «Қазымыр оқушы» атты оқыту ойынды өткізіңіз. Оқушыларды жұптасып жұмыс істеуге шақырыңыз. Оқушыларға 4 минут аралығында Шыңғысхан туралы сұрақтар тізімін құрастыруды тапсырыңыз. Берілген уақыт аяқталған соң, оқушылардың жазған сұрақтар тізімдерін жинап алыңыз, сабақтың соңында осы сұрақтаға бірігіп жауап берілетінін хабарлаңыз.
Сабақтың басында бұл қарапайым, бірақ оқушылар үшін қызықты жұмыс түрі оқушылардың назарын «осы жерде және қазір» деген сәтке жинақтауға, әр оқушыны бірлескен үдерісіне тартуға көмектеседі.
- Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға монғолдардын көшпенді өмір салты туралы әртүрлі атрибуттар бейнеленген (моңғол киіз үйі, ат үстіндегі садақшы, даладағы қой мен жылқылар, монғол әскерлерінің жабдықтарының элементтері, қысқа моңғол семсері, монғол ұлттық киім және т.б.) слайдты ұсыныңыз.
Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз:
- Бұл суреттерде не бейнеленген?
- Бұл заттар қандай халыққа тиесілі?
- Бұл суреттер бейнеленген халықтың өмір сүру салты туралы не айтуға болады?
Оқушылар бұл суреттердің көшпенділердің, мүмкін, қазақтардың немесе моңғолдардың өмір сүруіне және еңбек түрлерәне қатысты екенін анықтай алады.
Тапсырма қиын болмайды, өйткені олар моңғолдардың жаулап алу жорықтары туралы Қазақстан тарихы сабақтарында танысады.
Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, оларға моңғол империясының жаулап алу жорықтары және олардың салдарына арналған жаңа бөлімді оқуға кірісетіндерін айтыныз.
Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының бағыттарын анықтайды.
Зерттеу жұмысы бағыттары келесіні қамтиды:
- Моңғолдардың жаулап алу жорықтарының маңызды және маңызды емес оқиғаларды анықтау.
- Контурлы картасында моңғолдардың жаулап алу жорықтарының бағыттарын белгілеу.
- Тарихи терминологиярын дұрыс пайдалану.
- Моңғолдардың жеңіске жету себептерін берілген критерийлер бойынша іріктеу.
- Сабақ тақырыбының сұрағы бойынша қорытынды жасау.
- Хронологиямен жұптық жұмыс. Оқушыларға монғолдардың жаулап алу жорықтарын сипаттайтын қосымша мәтінмен және екі түсті маркерлермен қамтамасыз етіңіз. Мәтінді оқу барысында, оқушылар моңғолдардың жаулап алу жорықтарының тарихындағы бір түсті маркерімен ең маңызды оқиғаларды, сондай-ақ басқа түсті маркермен маңызды емез оқиғаларды белгілейді. Содан кейін, олар оқиғалардың әр тобынан үш маңыздылығы жоғары немесе маңыздылығы төмен оқиғаларды таңдайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар өз пікірлерін айқындайды.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
- оқушылар монғолдардың жаулап алу жорықтарының тарихындағы ең маңызды 3 оқиғаны анықтайды,
- оқушылар монғолдардың жаулап алу жорықтарының тарихындағы маңызды емес 3 оқиғаны анықтайды,
- оқушылар өз таңдауларын дәлелдейді.
Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың жауаптары әртүрлі болулары мүмкін екендігін атап өту маңызды. Бұл жағдайда нақты бір дұрыс жауап жоқ. Моңғолдардың шапқыншылығы ерте орта ғасырлардағы әлемдік тарихтағы салдарын түсінуі мен талқылауы маңызды.
4. Алынған ақпаратты бекіту үшін картамен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардың жұптарына «Моңғолдардың жаулап алу жорықтары» атты контурлы картасын таратыңыз. Оқулық мәтінді және картаны, қажет болған жағдайда моңғолдардың жаулап алу жорықтарын сипаттайтын қосымша мәтіндерді пайдаланып, контурлы картасына кесіні белгілеуді ұсыныныз:
- Шыңғысханның әскери жорықтарының бағыттары.
- Шыңғысханның ұрпақтарының (ұлдары мен немерелерінің) әскери жорықтарының бағыттары.
- Кеңею кезеңіндегі (1260 жылдағы) Моңғол империясының шекарасын белгілеу.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар: Оқушылар:
- Контурлы картада Шыңғысханың басқаруымен болғаң моңғолдардың жаулап алу жорықтарының бағыттарын белгілейді.
- Контурлы картада Шыңғысханы ұрпақтарының басқаруымен болғаң моңғолдардың жаулап алу соғыстарының бағыттарын белгілейді.
- Моңғол империясының барынша кеңейген кезіндегі шекарасын белгілейді.
Жұптық жұмыс аяқталған соң, моңғолдар осындай кең империясын құруға қол жеткізе алған себептерін бүкіл сыныппен талқылаңыз.
Оқушылардың бұл сұраққа жауаптары келесі тапсырма орындау барысында жүйеленеді.
5. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға таратылған мәтіндер мен карталарды пайдаланып, моңғолдардың жеңіске жету себептерінің тізімін жасауды ұсыныңыз. Мұны істеу үшін оқушыларды топтарға бөліп, олардың арасындағы жарыс ұйымдастырыңыз: қай топ барынша көбірек моңғолдардың әскери жеңістерінің себептерін анықтай алады. Сондай-ақ, осы тапсырмаға кіріспес бұрын оқушыларға осы мәселе бойынша бейнеклип көрсету болады.
Оқушылардың жауаптарының мысалдары:
- Жақсы ұйымдастырылған және әзірленген әскерінің боуы.
- Сол кездері моңғол әскері әлемдегі ең мықты әскер болды, бұл негізінен қатаң әскери тәртіпке байланысты қалыптасты.
- Моңғолдардың атты әскері үлкен қашықтықты жеңіл кешіп, алды, тапалша келген, төзімді аттарын пайдаланды.
- Моңғолдардың басты қаруы - садақ пен жебе болды. Олар аңшылықпен айналысқан кезде даланың ұсақ жануарларын ату барысында өз меңгерліктерін жетілдірді, сөйтіп машықтанды.
- Моңғолдар жиі мынадай әскери тәсілдерін пайдаланды: жалған қашу, жаудың әскерлерінің екі флангтарынан өту арқылы қоршауға алды.
- Жорыққа шығу алдында моңғолдар жаудың елді мекендеріне барлаушыларын жасырын түрде - саудагерлер немесе қолөнершілердей қылып, жіберетін, осылайша стратегиялық маңызды ақпаратты алатын болған.
- Шыңғысхан өз қолбасшыларын қарсылас көрсетпеген халықты өлтірмеуге шақырды.
- Моңғолдар жеңіп алған халықтардан өздерінің өмір салты мен дінін ұстануды талап етпеді, олардан тек алым-салық жинады.
- Монғолдар бекіністер мен қалаларды басып алу үшін қытайлықтардан қоршауға арналған қаруын қабылдады.
- Моңғолдар өз билігіне ұарсы жасалған кез келген әрекеттеді қатал түрде жазалады.
- Моңғолдар жергілікті ақсүйектер арасында айтыс-тартыстарын шебер пайдаланып, оларды бір-біріне қарсы қою әдісті пайдаланды.
- Шыңғысхан елдің бірлігі мен өзінің билігін нығайтатын заңдар жинағын – Ясыды енгізді.
Дескрипторлар:
- Оқушылар моңғолдардың жорықтар барысында жеңіске тез жетуінің кем дегенде 10 себебін анықтайды.
Топтардың жұмысы аяқтағаннан кейін, осы себептердің қайсысы ең маңызды екенін барлық сыныппен талқылаңыз.
5. Рефлексия өткізу үшін оқушыларға сабақтың басында жасаған жұмыстары туралы (сұрақтар құрастыру) ескертіңіз. Енді ол сұрақтарға жауап беру кезеңі келді деп айтыңыз. Оқушылар алдымен барлық сұрақтарға өздері жауап беруді сқрағыз, қажет болған жағдайда түсіндірмелер мен толықтырулар қосыңыз.
6. Үйге тапсырма ретінде оқушылар сабақ тақырыбы бойынша қосымша әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:
- Василий Ян “Моңғол шапқыншылығы”
- Виктор Поротников “Куликов шайқасы” және т.б.
Сабақтың тақырыбына қатысты қосымша теориялық материал.
Мәтін: «Моңғол іскері»
Моңғол әскері орналасқан аумақтары негізінде үш негізгі бөлікке бөлінді. Моңғолдар өздерінің шатырларын есігін әрқашан оңтүстікті бағыттаған, осы тәртіпті жорықтар кезінде де сақтаған. Шатырдан сол (шығыс) қанатында орналасқан әскердің бөлігі жұңғар деп аталатын, оң (батыс) қанаты барынғар деп аталды, орталықта орналасқан бөлігі қол деп аталды.
Орталық әскер ханның ұландары - құрамы таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешикті құрады. Жоңғарлар мен мингандардың қолбасшылардың балалары сөзсіз кешикке тіркеліп, басқа бос орындар ең тәжірибелі сарбаздармен толтырылған. Барлық армия ханның ұландарындай болулары талап етілді. Шыңғысхан әрбір әскердің бөлігі (мысалы, ондықтар) ең алдымен, өзінің руына емес, ханға адал болағанын талап етті. Осыны орнату үшін ол әскердің бөліктерне түрлі тайпалар мен рулардан шыққан адамдарды қосқан.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
Көптеген оқушыларға арналған тапсырма.
1-тапсырма. Плано Карпинидің «Моңғолдардың тарихы» (XIII ғасыр) үзіндісін оқып шығыңыз және оған лайықты атау беріңіз.
«Егер шайқас барысында ондықтың оннан оның бір, немесе екі, немесе үш, немесе одан да көп әскер кейін шегінсе, барлық он әскер өлтіріледі. Ал жүздіктен 10 әскер шайқас алаңынан кашатын болса, барлық 100 әскер өлтіріледі. Егер жеңіске жете алмайтынын көріп, олар жауды алдап тосқауылға апару мақсатында кейін шегінсе, олар қашқан деп есептелмейді. Сөйтіп, олар жауларды торуылға жетелеп, олары қоршап, жаралап, өлтіреді. Егер бекініс кездессе, олар оны қоршап алады. Сонымен қатар олар қоршау қару-жарақпен және жебелермен өте батыл күресуді, және олар күні-түні шайқасты тоқтатпайды, сондықтан бекіністегі адамдар демала алмайды. Моңғолдардың өздері демалады, өйткені олар әскерді бөледі және шайқаста бір-бірін алмастырады. Егер олар өзені бар қаланы немесе бекіністі жеңе алмаса, онда олар өзенді тоқтатып қояды немесе ол үшін басқа арнаны жасайды және мүмкін болса бұл бекіністерді суға батырып жібереді. Егер мұны жасауға мүмкіндік болмаса, онда олар бекіністердін астында үнгір жасайды және жер астымен кіреді».
Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.
2-тапсырма. Шыңғысханның өмірі туралы ақпаратты оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, Шыңғысханның мінезіне сипаттама жасаңыз:
- Темуджиннің тұлға ретінде қалыптасуында ата-анасының отбасы қалай әсер етті?
- Темуджиннің мінезінің қалыптасуына ол шыққан моңғол тайпасының сол кездегі жағдайы қалай әсер етті?
- Темуджиннің бала кезіндегі қандай оқиғалар оны ержүрек батыр және батылдық болуына әсер етті?
- Шыңғысханның мінезінің қалыптасуына қандай адамдар әсер етті?
- Шыңғысханның өмірлік мақсаты қандай болды деп ойлайсың?
- Шыңғысханның қандай тұлғалық қасиеттерін жағымды деп есептейсің?
- Шыңғысханның қандай тұлғалық қасиеттерін жағымсыз деп есептейсіңдер?
- Шыңғысхан балалық шағында қайтыс болған жағдайда, моңғол халқының тарихы орта ғасырларда және кейінірек қандай болады деп ойлайсыз?
- Шыңғысханға, тарихи тұлға ретінде, қандай баға бере аласыңдар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру