Моңғолдар әлемдік империяны қалай құрды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша

  • Шыңғыс хан әскерінің күші неде?

2. Аз уақыттың ішінде монғол әскерінің осынша жерге баса–көктей енуіне не себеп?

 - Ең алдымен, монғол әскерінің құрамындағы қатал әскери тәртіп, әр жауынгер үшін қойылған талапта дер едік. Шыңғысхан «Адам күн емес. Бір мезгілде бірнеше жерде бола алмайды» дейді. Ол соғысқа алынған әр жауынгердің көңіл-күйіне мән берді. Олардың артындағы жан-ұясына алаңдамауын қадағалады. Соған сәйкес әйелге ерекше талаптар қойды. Сырт көз ауылда ер адамның жоқтығын сезбеуі тиіс болды. Ері соғысқа кеткенде ауылдың сыртында жайылып жатқан, мыңғырған малдың санын да, күйін де төмендетпеу жүктелді. Үйге кірген адам кең де мол дастарханды көруі тиіс еді. Сонда ғана монғол араты соғыста жеңіске жете алады деп есептеді.

 - Шыңғыс хан адамдарды бірнеше категорияға бөліп қарады. Жасық, екінші біреуге қол көтере алмайтындар мен қан көруге шыдамайтындарды жауынгер болуға жарамайды деп есептеп, қалың әскер соңында азық-түлік, шатыр, т.б. тасымалдауға қойды.

 - Шыңғысхан жергілікті жерлерде қалыптасқан жағдайларды өз пайдасына шеше білді. Найман ханы Күшліктің езгісіне шыдамаған Жетісу феодалдары Шыңғысханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді.

 - Шыңғысханның әскери-саяси мүмкіндіктерін бағаламаған (Қытаймен соғысы, 1216ж. монғолдармен болған алғашқы кездесу) Хорезм шахы Мұхаммедтің жіберген шексіз қателіктері монғол әскерінің жолын ашып берді.

 - Көшпендінің рухы, Шыңғыс хан өмір сүрген орта мен сол бір тарихи кезең, даланың қатал тәртібі мен заңы, жауға еш аяушылықты қолдамаған уақыт талабы монғол қолбасшысын тек алға итермеледі.

 Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтар мен елдердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына орасан зор шығын әкелді. Елдің саяси және мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы отырықшы, қала мәдениеті мен егіншілігі гүлденген аудандары тапталды. Қалалар мен елді мекендер Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент сияқты ірі орталықтар қиратылып, Жетісу бойындағы қалалар құрып кетті.

 Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді.

 Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған.

Дескриптор:

  • Моңғол шапқыншылығы кезіндегі халықаралық жағдайды анықтайды
  • Моңғолдарға қарсылық көрсеткен қала аттарын анықтайды
  • Моңғолдарға қарсылық көрсетпей берілген қала аттарын анықтайды
  • Моңғолдардың Отырар қаласына басып кіруіне сылтау болған себептерді атайды

Қолдану алдында кесіңіз

1. Жақсы үйретілген атты әскер

2. Қабілеттеріне қарай тағайындалатын қолбасшылар

3. Моңғолдар әрқашан қосымша жылқы ұстайтын

4. Маневрлік қабілеттілік, жалған шегіну тактикасы,

5. Стратег тактикасы

6. Моңғолдардың шапқыншылығы қар көшкіні секілді болды

7. Көшпелі өмір салты

8. Моңғолияның қатаң ауа-райы

9.

Қорқыныш ұялату

10. Соғыссыз берілгендерді құрметтеу

11.Соғысты жүргізудің ерекше тактикасы

12. Діндерге төзімділікпен қарау

1. Тамаша шабандоздар

2. Қабілеттеріне қарай тағайындалатын қолбасшылар

3. Моңғолдар әрқашан қосымша жылқы ұстайтын

4. Маневрлік қабілеттілік, жалған шегіну тактикасы,

5. Көрнекті билеуші

6. Моңғолдардың шапқыншылығы қар көшкіні секілді болды

7. Көшпелі өмір салты

8. Моңғолияның қатаң ауа-райы

9. Қорқыныш ұялату

10. Соғыссыз берілгендерді құрметт

11. Соғысты жүргізудің ерекше тактикасы

12. Діндерге төзімділікпен қарау

Моңғолдардың тез жаулап алуларының әр түрлі себептері жазылған материалдарды оқушыларға тарату. Маңыздылық дәрежесіне қарай қоюды ұсыну және әрбір себептің маңыздылығын дәлелдейтін аргументтерді дайындауды тапсыру

Дескрипторлар:

  • маңыздылық дәрежесіне қарай себепті орналастырады
  • әрбір себептің маңыздылығын дәлелдейді

(жұмыс аяқталғаннан кейін әрбір себептің маңыздылық дәрежесіне қарай дауыс беру жүргізіледі).

Ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі

  • Ортағасырлық шапқыншылықтар кезінде халықаралық қатынастар қандай болды?
  • Шыңғысхан жаулап алынған елдерде қандай саясат жүргізді?
  • Не себепті қалалар моңғолдарға соғыссыз берілді?

Моңғол шапқыншылығы. Шыңғысхан 1206 жылы Онон өзені бойындағы киіз туырлықтылардың Ұлы құрылтайында өзін әлем билеушісі деп жариялады. Моңғол мемлекетін құрған кезденақ, жаулап алу саясатына көшті. Шыңғыс әскерлерінің найман мен меркіттерді, Орман жұрты мен Қытайдың бір бөлігін бағындыруы, Шығыс Түркістанның, Қарлұқтардың ханы мен Алмалықтың билеушісінің өз бетімен моңғолдар билігін мойындауына әкелді. Қарақытай мемлекетінің жойылуынан кейін, Шыңғысхан Орталық Азия даласының жалғыз билеушісіне айналды. Шыңғысхан мемлекеті Хорезм шахы мемлекеті шекара аймағына жақындады. Шыңғысхан мен Хорезм шахы Мұхаммедтің арасында соғыс себептері Шыңғысханның жаугершілік әскери стратегиялық саясаты мен тастай берік қатаң әскери-әкімшілік сипатында жатыр. Мүндай жүйе Түрік қағанаты кезінде өмірге келді. Шыңғысхан империясының халқы да ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мың) болып бөлінді. Мұның үстіне экономикалық мүдде, демек, Орталық Азияны басып өтетін керуендік сауда жолдарын өз бақылауында үстап отырудан түсетін олжаны да ескермеуге болмайды.

Бүкіл Орталық Азияны жаулап алу арқылы ол Иран, Ауғанстан, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдеріне жол ашты. Шыңғысхан әскері Хорезм жорығына әскери жағынан да, дипломатиялық айлашарғылар жолымен де мүқият дайындалды. Алдымен Шыңғысхан Хорезмшахтың шеткі аймағы саналатын Отырар қаласына сауда керуенін жіберді. 1218 жылы моңғол керуені Отырар қаласында опат болады. Отырарды қыпшақтың үран тайпасы билеушісінің үлы Қайыр хан (Иналчук) билеп түрды. Осылайша, моңғол-қыпшақ қатынастары шиеленісті, Шыңғысхан әскерлері үлкен дайындықтардан кейін 1219 жылы ерте көктемде Алтай асып, Ертіс бойына келеді. Шыңғысхан Ертіске келген кезде мүндағы түркітілдес тайпалар (керейіт, жалайыр, қоңырат, найман) леклегімен оның қолына қосылды. Шыңғысхан қолы Ертіске аяқ тіреген кезден бастапақ, Қазақ даласы моңғолдардың Хорезм жорығының майданына айналды. Шыңғысхан Ертістің бойында түрып әртүрлі әскеристратегиялық қадамдар үйымдастырады, соғыс тактикасын жасайды. 1219 жылы тамыз айының соңында Ертістен қозғалған қалың қол Сырдарияға еш бөгетсіз келіп жетті. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысханның екі үлы Шағатай мен Үгедей қолдары Отырарды қоршауға алды.

 Шыңғысханның негізгі күші Бұқараға бет алды. Бүл әрекет Самарқанд, Бұқара, Үргеніш жағынан Отырарға келетін жолды жауып тастады. Отырар осылайша моңғолдардың қоршауында қалды. Отырар қорғанысы 1219 жылы қыркүйектің орта кезеңінен 1220 жылы ақпан айының соңына дейін бес айға созылды. Қала билеушісі Қайырхан мен отырарлықтар қаһармандықпен, қасық қаны қалғанша ерлікпен шайқасты. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қалаларды жаулап алу үшін аттанды. Отырардан кейін, Сығанақ халқы 7 күн, 7 түн қарсыласты. Сырдарияның бойымен Жошы әскері Өзкенд, Барқалықкент, Ашнасты бағындырып, Женд, Жаңакент қалаларына қарай аттанады. Осы жерден Ходжентті алу үшін соғысып жатқан моңғол күштеріне ңосылады. 1220 жылдың көктемінде Ходжент қаласын алумен Орталың Азияны жаулап алу жорығының бірінші кезеңі аяқталып, Шыңғысхан әскерлері екінші кезең Самарқанд жорығына кірісті.

 Бұқара, Самарқанд,Үргеніш қалаларының тұрғындары мен қаланы қорғаған әскер қажырлы қарсылық көрсетті. Рашид ад-Диннің хабарлауынша, Хорезм мемлекетінің аса бай бас қаласы Самарқандты жаудан қорғау үшін жиырма ұрыс пілі әкелінген екен. Жалпы қаланы 11 мың әскер жан-тәнімен қорғады. «Алынбайтын қамалды» бұзу үшін Шыңғысхан да барлық мүмкіндіктерін қолданып, қамал бұзатын қондырғылар, отты ысқырғыш жебелер, жарылғыш заттар қолданды. Осы жорық кезінде өзендерден өтетін ұзын саны 48 көпір салынған екен. Шыңғысханның үш ұлы Жошы, Үгедей, Шағатай бастаған 50 мың қол 6 ай бойы Үргеніш қаласын ала алмады. Әмударияның ағысын қалаға қарай бұру және барлық әскери-тактикалық амалдарды қолдану арқылы 1221 жылы 5 мамырда Үргеніш қаласы алынды. Жалпы моңғолдар қатты қарсылық көрсеткен қалаларды өртеп, қорғаушыларын, қашанда, адам айтқысыз қаталдықпен жазалап отырды. Он саусағынан өнері тамған шеберлер моңғол астанасына айдап әкетілді. Хорезм жорығы кезінде мұсылмандар саны жағынан артық болғанымен, ұйымшылдықпен табанды қарсылық көрсете алмады. Тек отырарлық Қайыр хан, Жалел ад-Дин (Хорезм билеушісі Мұхаммед шахтың ұлы), ходженттік Темір Мәлік сияқты жекеленген адамдар ғана жанқиярлық ерліктерімен көзге түсті. Мұхаммед шахтың ізіне түскен Жебе, Сүбедей әскерлерін ертіп Жошы да Аралдың солтүстік шығысындағы Қыпшақ далаларына келеді. Бұл күштер Әзірбайжан жерлері арқылы 1220 жылы Кавказға басакөктеп кіріп, аландар мен қыпшақтарды (орыс жылнамаларында половецтер) талқандайды. Хорезм билеушісі Мұхаммедтің ізіне түсіп көзін жоюды желеу етіп, бүкіл Батыс Дешті Қыпшақ жерлерін бағындырады. Қыпшақ елі тұтқиылдан көктен түскендей пайда болған моңголдардың шапқыншылығынан ауыр қырғынға тап болды. Қыпшақтардың бір тобы туған жерін тастап, бассауғалап жан-жаққа тарыдай шашылды. Қалған бөлігі Русь мемлекетімен бас қосып атақты Калка ұрысына орыстар жағында моңғолдармен шайқасты. Калкадағы жеңістен соң, моңғол әскері Шығыс Дешті Қыпшақ (қазіргі Қазақстан даласы) арқылы Ертістегі Шыңғысхан ордасына 1224 жылы оралды. Нәтижесінде қаңлы-қыпшақ жері Жошы ұлысының қарамағына қарады. Бұл болашақтағы Батысқа жорықтың бастамасы, барлау дайындығы болатын. Мұсылман жылнамашы Жувейнидің айтуынша, ұшы-қиыры жоқ Қыпшақ даласының табиғаты Жошыға бірден ұнаған. Осылайша, 1219—1224 жылдары моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына қосылды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу