Ер елі үшін туады. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • «Кубизм» стратегиясына арналған текшенің шаблоны дидактикалық материалдарда берілген.

Текшенің қырлары:

1. Қазақ хандығының құрылуы.

2. Жоңғарлар шапқыншылығы.

3. Ресейге қосылуы.

4. Ұлы Отан соғысы.

5. Желтоқсан оқиғасы.

6. Тәуелсіз Қазақстан.

Берілген оқиғалар бойынша топтар негізгі 2 сұраққа жауап берулері керек:

  • Осы уақыттарда қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар кімдер? (3-тен кем емес)
  • Олар қандай іс-әрекеттерімен ел есінде қалды? (ерлігі, батырлығы туралы нақты мысал келтіріңдер)

Әр топ түскен текшенің 4 қырындағы 4 оқиға бойынша тұлғаларды атап, мысалдар келтіреді. Басқа топтарға толықтырып, өз пікірлерін қоса алатындарын ескертіп қойыңыз. Құм сағатпен немесе секундомермен уақытты басқарсаңыз болады. 4 топқа 4 минут уақыт бөлінеді.

Ескерту: егер текшенің түсіп қойған қыры қайталанып түссе, текшені қайтадан лақтырады.

  • Қойылым. Рөлдік ойын (топта)

Әрбір топ Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар туралы қойылымды үйден алдын ала дайындап келуін сұраңыз. 1 апта бұрын үй тапсырма етіп беріңіз. Ол үшін оқушыларды қабілеттеріне қарай 4 топқа бөліп алыңыз. Әрбір топ шағын қойылымның сценарийін жазады. Топ мүшелері рөлдерді бөліп алады. Қойылымды дайындау барысында рөлдік киімдер, декарациясына ата-аналарды көмекке тартуға болады.

Бұл тапсырмада да уақытты ұстану керек, әр топқа 6 минуттан беріледі.

  • Рефлексия. «Қазақстан тарихындағы батырлар бейнесі» тақырыбында оқушылар тесті өздері құрап, екінші оқушыдан сұхбат алады.

Оқушылар сыныпты аралап жүріп, дайындаған сұрақтарын қояды. Жауаптарын жазып отырады. Соңынан бірлесіп, жауаптарды талқылайды. Бұл бөлім бойынша соңғы тақырып болғандықтан, жалпы бөлімде қамтылған сұрақтардың болғаны дұрыс.

Теориялық материалдар:

  •  Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т. б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды.

 Наразылық сылтауы. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комиетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және халық мүддесін мүлде елемеушілік болды.

 Оқиға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ еді. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы горнизоны, басқа да әскери күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қошады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

 Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т. б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

 Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды.

 Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

 Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

Кенесары Қасымұлы – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі. 1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянның қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы. 1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.

http://e-history.kz/kz/biography/view/28© e-history.kz

Сілтеме бойынша толық ақпарат алуға болады:

http://e-history.kz/kz/contents/list/87

  • Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтемелер

Ұзақтығы

1

  • Қазақ батырлары

https://www.youtube.com/watch?v=8Y_DA0CmjvA

1:16:17

2

  • Желтоқсан желі

https://www.youtube.com/watch?v=gIhOmyESGT8

15:19

3

  • «Қазақ батырлары» көрініс

http://tarmpi-innovation.kz/index.php?view=video&t=qazaq-batirlari-korinis

4:50



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу