Менің мерейлі отбасым. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)

  • «Жұмбақ жасыру» тапсырмасына арналған сурет

https://www.dedeckovyhodiny.cz/ru/ostatni/0715-hodiny-malovane/

  • «Фактілер және пікірлер» стратегиясына арналған суреттер топтамасы

http://otyrar.kz/wp-content/uploads/2014/05/MG_4426.jpg

  • Мәтінмен жұмыс (қима материал)

«Он бес жасыма дейін Апамның қойнында жаттым; он бес жасыма дейін әкенің, шешенің кім екенін білмей, сол айналайын Апамның тәрбиесінде өстім; он бес жасыма дейін Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ержеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін.

Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш...

Менің көз алдымда: тері илеп, көн тігіп отырған; жүн түтіп, арқан ескен, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам...

Ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел қолынан келетін Апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам.»

  • «Уақыт таспасы/шежіре ағашы» тапсырмасы

Уақыт сызығы

  • «Менің мерейлі - отбасым» тақырыбына шағын ой толғау жазуға арналған таратпа парақ

Оқушының аты-жөні: ______________________________________________

«Менің мерейлі - отбасым» ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

  • Туыстық атауларды (3тен артық) біледі және туыстық қатынасты анықтайды;
  • Өз әулетінің шежіресін (бала/әке/ата/арғы ата) құрайды.

Сөйлем саны: минимум – 5, максимум -12.

Грамматикалық қателер болмауы тиіс.

  • Рефлексияға арналған таратпа материал:

Сабақ мақсаты

+

(бәрі түсінікті)

-

(түсініксіз)

?

(сұрағым бар)

Туыстық қатынастарды түсіну

Өз әулетімнің шежіресін құру

Қосымша:

 Қазақтың төр шежіресі

 Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақтармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. РесейГермания,АнглияФранция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. БашқұртөзбектүрікменқырғызСібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен,Х.АрғынбаевМ.МұқановВ.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды.

 Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.

https://tumalas.kz/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу