Жер бедері дегеніміз не? Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Калилаева А.Т. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жер бедері дегеніміз не? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.2.3.1 Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жер бедерімен танысу, олардың шаруашылыққа маңызын анықтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерилері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Жер бедері, табиғат нысандары.. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және жауапкершілік. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; - құрмет; - ынтымақтастық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дене шынықтыру, жаратылыстану пәнімен байланысты | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1-тоқсанда өткен білімдерін қайталау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ұйымдастыру 2 минут 2 мин |
Мақсаты: оқушыларға психологиялық ахуал тудыру, бір-біріне көмектесе білуге, қоршаған ортаға жақсылық жасауға баулу. Психологиялық дайындық: Оқушылар шеңбер құрып, өлең жолдарын оқиды, қимылмен көрсетеді. Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! (Ұ) Суретпен жұмыс Мақсаты: суреттердің атауын анықтау арқылы сабақтың мақсатын табу.Оқушының қызығушылығын арттыру. Суреттер: -тау; -Өзен -көл; -Шөл дала; -Төбе. -Балалар бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? /Оқушылардың жауабы тыңдалады/. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін шығару. | Слайд Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ басы 3 мин 6 мин 5 мин 5 мин 7 мин
5 мин | (Ұ, МК) Жер бедерімен танысу. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту, бір-бірімен ақпарат алмасу. -Балалар, қалай ойлайсыздар, неліктен «Жер бедері» деп аталған? - «Бедер» сөзін қалай түсінесіздер? - Бедер сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады? -Жер бедерінің қандай екендігін біз қайдан көре аламыз? /Глобус арқылы/ (Т) Глобуспен жұмыс.Кесте. Мақсаты: Жер ғаламшарындағы ірі табиғи нысандармен танысу, оларды ажырата білуге баулу. Тапсырма: Глобусқа қарай отырып, кестені толтырыңыз. 1-топ:
2-топ
3-топ:
Оқушылар «Галерея» әдісі бойынша бір-бірімен кестелерін ауыстырады, өз ойларын ортаға салады. Қорытынды жасайды. (Ө, Ж) Оқулықпен жұмыс. Мақсаты: табиғат нысандарының пайда болуы туралы ақпарат алмасу. Тапсырма: Оқулықтан жер бедерінің қалай өзгеріске ұшырағандығын оқыңыз. Жинақтаған ақпараттыңызды жұбыңызбен бөлісіңіз. (Ұ) Бекіту сұрақтары. Мақсаты: оқушылардың білімдерін бекіту.
(Т) Картамен жұмыс. Мақсаты: Туған жерінің табиғатымен танысу, оның шаруашылыққа пайдасын анықтау. Тапсырма: картаға назар аударыңыз. -Қазақстанда қандай табиғи нысандар бар? -Шөлді аймақты Қазақстанның қай бөлігінен көре аламыз? Шаруашылыққа әсері қандай? -өзендері, мен көлдері көп орналасқан аймақты табыңыз? Шаруашылыққа әсері қандай? -Таулы аймақты анықтаңыз? Шаруашылыққа әсері қандай? /Әрбір топтың жауабы тыңдалады, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/. (Т) Постер құрастыру. Мақсаты: берілген суреттер арқылы табиғат насандарын анықтау, сыни ойлау дағдыларын дамыту. Тапсырма: суреттерді бірнеше топқа жіктеңіз. /Оқушылар өзен, көлдер, жазықтар, таулар, шөл дала, т.б. түрлері бойынша таптастырады/ /Топпен қоғайды, түзетулер мен ұсыныстар енгізіледі/. Смайликтер арқылы бағалайды. | Глобус Кесте Оқулық Қазақстан картасы Постер Қима суреттер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | (МК) Кері байланыс. Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен? + Мен ................ үйрендім. -Маған .............. қиын. Маған сабақтың.........................бөлігі ерекше ұнады. Себебі,................... Өзін-өзі бағалау Оқушылар өз жетістіктерін смайликтер арқылы бағалайды. | «Смайликтер» арқылы бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?