Мен қайда тұрамын? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2В Бізді қоршаған әлем Мен қайда тұрамын? | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қаласы | |||||||
Тоқсан:2 | Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А | |||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар:21 | Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | Мен қайда тұрамын? | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.3 Менің атамекенім | |||||||
Сабақ мақсаттары | 1.1.3.1 Өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау. 1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор | Қала, ауыл, көрікті жерлер,атамекен , туған өлкем,Талдықорған ,Жетісу жері. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. | |||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Туған жердің ,мекен жайының адам үшін маңыздылығына тоқталу. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі , ғылымға кіріспе, математика сабақтарымен байланыс орнайды. | |||||||
АКТ | Сергіту сәті , презентация | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын әңгіме айтады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық дайындық - ОМ таныстыру Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды | Ламинаттал ған парақтар, маркерлер; | ||||||
Сабақ ортасы
30 минут | (Ұ) Оқушылар шеңбер құрып отырады. Әрбір оқушы кезектесіп өзі туралы хабарлайды: *Ерте замандағы баспана түрлерін ата *Қазіргі кездегі баспана түрлерінің айырмашылығын айту . «Жайлылық» дегенді қалай түсінесің? Оқушылардың ойын тындау .(Ұлттық мәдениетті құрметтеу,туыстарға қамқорлық туралы, тұрмыс туралы құндылықтар дамиды ) Сергіту сәті: Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. (Ж) Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы жұпта орындасын. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. -Біздің қала қалай аталады ? -Қай көшеде тұрасың? (Ж) Оқушыларды жұптарға бөлу. Олар кім екенін және қайда тұратынын айтады. Одан кейін оқушылар өз үйлерін сипаттайды: 1.Қала атын,көшесін; 2.Ауласын; 3.Бөлмесін;
Оқушылар – бір-бірінің үйлері туралы; – Қаламыздың қызықты ететіні туралы білді. Оқушылар – бір-бірінің үйі,көшесі туралы өз сөздерімен айтуға; – сабақта алған ақпарат негізінде қаламыздың тазалығы , көркеюі туралы білудің қажеттігін түсінуге; – өзіне және өз жетістіктеріне оң көзбен қарауға үйренді. -Ал «Жетісу жері» деген сөзді қалай түсінесіңдер? «Жетісу - жер жәннаты» деген сөз бар, Алматы облысының ғажайып табиғаты кімді болсын таңқалдырмай қоймасы анық. Өйткені, саяхатшы бұл мекенді аралар болса, қарлы тау шыңына көтеріліп, өткелдерден, қылқан жапырақты ормандардан өтіп, ұшы-қиыры жоқ кең даланың барқандары мен құмында саяхаттайды Қаламыздың өзі жылдан жылға көркеюде (Слайд арқылы көрсету) (Т) Оқушыларды4 топқа бөлу . Қаламыздың суретін салу Іс-қимыл ойындарын ойнау ( Қаламыздың таныс көшелерін атау ,сипаттау) | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | (ҚБ) Суреттерден Талдықорған қаласының суреттерін табу, қарындашпен қоршау ) (Қосымшада ) Рефлексия.
| |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға «ойлан тапсырмасы ұсынылады Қабілетті оқушыларға туған жер туралы өлең ,тақпақ,мақал оқуды тапсырамын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Жұптық жұмыс барысында бақылау, берілген сұрақтарға жауап беру, ауызша,смайликтер, жұлдызшалар арқылы бағалаймын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз Қазақ тілі(туған жер туралы өлең жолдары),математика пәнімен байланысты (көшелерді санау,сергіту сәті), ғылымға кіріспе пәнінен елді мекен туралы презентацияда берілген тапсырмалармен байланыстырдым. Оқушыларды достыққа,бірлікке тәрбиелеуді топен, жұппен жұмыс барысында қарастырдым |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?