Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы

Сабақтың мақсаты:

а) Спорттық ойындардағы қозғалыс дағдыларын түсіну

ә) Волейбол ойынында жұптық ойын арқылы әртүрлі дағдыларды меңгеру, жетілдіру

б) Топтық жұмыс арқылы дене жаттығуын жақсартуға арналған әдістерді меңгеру

Дайындық бөлімі:

Тақырып көлеміндегі іс-әрекеттер

Сабақтың мақсатымен таныстыру,сұрақ-жауаппен алмасу

Ауызша кері байланыс беру

Жалпы дамыту жаттығуларын орындату

Негізгі бөлім

Волейболшының қалпы (тұрысы).

Волейболшының қалпы(тұрысы) оның кез келген бағытта қозғалысты бастауына, сонымен бірге қажетті жағдайда кез келген тәсілді орындауына мумкіндік беретін бастапқы жағдайы. Ойын барысында ойыншы көп уақыт бойы негізгі тұрыста болады.

Ойыншының негізгі тұрысы

Сетканың алдына (қолды сеткаға тигізбей) топпен жоғары қарай секіріп жүріп өту. Аяқтар тізеден бүгіліп, иықтың кеңдігіндей етіп қойылады. Бір аяқ шамалы ғана ілгері қойылып кеуде ілгері еңкейеді. Дененің салмағы екі аяққа бірдей түседі. Қарсыласының алаңына қарап тұрып, ойыншы қолын алдына ұстайды.

Тордың алдына (қолды торға тигізбей) топпен жоғары қарай секіріп қорғану.

Арнайы жаттығулар

Алаңда орын ауыстыра білу

Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу.

2. Допты төменнен алу әдісінің алғашқы элементтерін үйрену. Волейбол ойынының элементтері бар арнайы ойын ұйымдастыру.

Мұғалімнің бұйрығы арқылы алаңдағы оқушылар қолды бір мезгілде допты төменнен қабылдау әдісін үйрену.

3. Допты жоғарыдан беру, қабылдау әдісінің алғашқы элементтерін үйрету.

Тік тұрған қалыптан ойыншы бір аяқты екіншісінің жанына қойып, допты жоғарыдан берудің ерекше жағдайына көшеді. Бұл жағдайда бүгілген аяқтар бір бағытта болады.

4. Допты жоғарыдан беру, қабылдау кезінде кететін кемшіліктер.

Қатар қойылған аяқтардың қозғалысындағы кішкентай сәтсіздік, кез-келген қозғалыстың дәдігін бұзып, кеуденің қисаюына әкеледі.

Допты ойынға енгізу.

5. Допты төменнен тіке тура беру арқылы ойынға қосу.

Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алға ұстап тұрады.екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады.Допты алға сәл лақтыру арқылы допты ойынға қосады.

6. Допты төменнен қабылдау әдісін үйрету.

Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады.

Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады.

Сетканың алдындағы ойын.

Қорытынды бөлімі

1. Сабақты қорытындылау.

2. Кеткен кемшіліктерді, жетістіктерді саралап әрбір оқушыға жеке түсіндіру.

3. Бағалау.

4. Үйге тапсырма.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу