Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.


Волейболда допты қабылдау, жалғау және шабуылдау

Ойын техникасы

Ойын техникасы – жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және орын ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл соққсы үшін беру, шабуыл соққылары мен жалған әрекеттер, тосқауыл қою, алаңның түбінде шабуыл соққылары мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серктестерді сақтандыру.

Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл соққы, беруден допты қабылдау, тосқауылдау және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл соққы) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).

Екі қолмен жоғарыдан доп беру

Бастапқы қалыпта аяқ тізеден, қол шынтақтан бүгіліп, қолдың саусақтары бүгіле жайылып, бастың тұсында допқа орын даярлап тұрады. Қабылдау тізенің жазылуынан бастап, одан қол қимылға келеді. Қол допқа тиген сәтте аяқ тез жазылып саусақтардың белгілі қимылы допқа белгілі бағыт береді. Жоғарыдан доп қабылдағанда негізгі күш сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа түсіп, бас бармақ доптың дұрыс бағытталуына көмектессе, аты жоқ саусақ пен шынашақ допты демейді. Саусақтардың қалай дұрыс жататынын білу үшін серігі ұстап тұрған допқа қол тигізіп байқаған жөн. Допқа тек саусақтар тиюі қажет, алақанның соғылуы-өрескел қте, ойын ережесін бұзу деп есептеледі.

Жоғарыда айтылғандай, доптың «астына» шығу аса маңызды. Дегенмен қолдың допқа тиетін орнын дәл табу да ойыншының негізгі мақсаты. Осының бәрі төменде берілетін жаттығулардың сипатын анықтап, допты екі қолмен жоғарыдан беруді үйренуге жағдай туғызады.

Допты екі қолмен төменнен қабылдау

Қарсы жақ ойынға қосқан шабуылдай және алдап соққан доп екі қолмен төменнен қабылданады.

Суретте волейболшының доп қабылдауындағы негізгі тұрысы көһрсетілген. Тізесі бүгіліп, қолы допты қабылдауға алдын-ала даярланған. Қолы допты тосып алады да, допты қайтару үшін оған қарсы қимыл жасаудың қажеті жоқ.

Доп қол жіліншігімен қабылданады. Саусақтар жұмылып, төмен түсіріледі. Жұдырықпен қабылдау қауіпті, өйткені доп оған дәл тимей қисық ұшып, алаңнан шығып кетуі мүмкін. Допты қайталау үшін және ағынын бәсеңсіту үшін қабылдау кезінде екі қолдың арасы ашық болады. Бірақ оларды барынша жақын ұстау керек

Шабуылдау соққысы

Жүгіру біршама қозғалыс жылдамдығына жету үшін және оын секіру үшін максималды пайдалану үшін орындалады. Жүгру ұзындығы 2-4 метр. Бірінші қадам үлкен емес, жылдамдық аз. Екінші қадам жүгіру бағытын түзейді, оның ұзындығы үлкейеді, уақыт қысқартылған, жылдамдық өседі. Үшінші қадамда жүгірудің көленең жылдамдығы секірудің тік жылдамдығына өзгереді. Соңғы қадам секіріп орындалады және секіруші ретінде классификацияланады. Мұнда бір аяқты (әдетте, оң аяқты) алға алып шығады және өкшеге қояды, табан бүгілу жағдайында аяқтың ұшы өзіне қарай. Екінші аяқпен соңғы қадамда тұғырдан серпіледі әне оң жаққа қояды. Серпілуді біріншіден, доғал бойынша арттан-алға-жоғары, қол қозғалысымен, одын кейін аяқты барлық буында бүгед. Ойыншының аяғы тұғырдан серпілгенде, дене жоғары және аздап алға жылжидыбұл ұшу фазасы. Ойыншы ұшумен бірмезгілде оң қолымен жоғарыартқа серпу жасайды. Серпу кезінде келесі қозғалыс тізбегін сақтау қажет: иық, білек, саусақ. Білек желкеге жіберіледі, блезік алақанмен жоғары қарай бұрылады, оң иық сыртқа беріледі. Шынтақты көтеру биіктігі ойыншының жеке ерекшеліктеріне байланысты кең ауқымда айналады, бірақ шынтақ иық буынының өсінен жоғары болуы керек. Ұру қимылын дененің тік өсінің айналасынан бұрудан бастайды, бір уақытта оң иықты алға шығарып көтереді.

Волейбол тарихы

Волейбол спорты 1895 жылы АҚШ-та пайда болды. Бұл ойынның негізін қалаушы Уильям Морган болды. Ағылшын тілінен «ұшатын доп» («volley» — «әуеде қағу» және «ball» — доп) дегенді білдіреді.

Волейбол тарихындағы келесі маңызды оқиға 1922 жылы бүкілхалықтық турнирдін болуы. Ол турнир Бруклин қаласында YMCA чемпионаты жиырма үш (23) ерлер командаларының қатысуымен өтті. Сол жылы Чехословакияда алғашқы федерациясы құрылды. Бұл ұйым волейболдан әлемдегі алғашқы спорттық ұйым.

1925 жылдан бастап КСРО, Болгария, Жапония және АҚШ мемлкеттерінде осы спорттан федерациялар пайда болды. Сонымен қатар, базалық әдістер пайда болады. Мысалы, алдап соғу,қорғаныс, шабуыл және блок. Ойнаудың осы әдістерінің негізінде команда әрекеттерінің тактикасы жасалады. 1930-шы жылдары сақтандыру және топтық бірлік қолданыла бастады.

Волейбол ережесі

Алаң көлем: 18х9 метр.

Тордың биіктігі: ерлер үшін — 2,43 м, әйелдер үшін — 2,24 м.

Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).

Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясы,FIVB (ағыл.).

Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

Волейбол добы

Волейбол добы теріден жасақталған 6 бөлімнен тұрады. Доп аумағы 65—67 см; салмағы — 260—280 г. Ішкі қысымы 0,300 — 0,325 кг/см2 (294,3—318,82 гПа).

Назарлаңызға рақмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу