Спорттық ойындарда проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.
Ойыншының міндеттері
«Аяқтаушы»
Аланның алдынғы және артыңғы сызығында 4-ші және 6-шы аймақтар.
«Аяқтаушы» аланның алдынғы сызығында ойнаған кезде:
- Допты ойынға қосқан кезде әрдайым 4-ші аймақта болуы тиіс!
Доп қарама –қарсы жаққа ұшып шыққанан кейін, торға жақындап (торға қолды тигізбей) қарсыластың шабуыл әрекеттеріне блок қойыңыз!
- Доп блоктың үстінен өз алаңына ұшып келгенде , немесе аяқтаушы шабуылшы қарсыласының соққысы ұшырмайтының көргенде допты қабылдау үшін артқа шегініп шабуылдауға тырысыңыз!
- Қарсылас допты тордан асырған кезде, байланыстырушыға допты нақты беру үшін дұрыс орынды таңданыз!
- Қарсылас команда тордың ортасынан шабуыл жасаған кезде, бірінші темп ойыншысы блок қояды, аяқтаушы блок қоюшыны сақтандырып және өзінің төртінші аймағында допты сақтандыруға міндетті!
- Аяқтаушы байланыстырушыға допты нақты түзу беруі міндетті!
- Байланыстырушы немесе командадағы басқа ойыншы аяқтаушыға пас бергенде аяқтаушы барлық қиын доптарды ойнатып тордан асыруы міндетті!
- Доп дәл оған түсетінін әрдайым күтуі керек!
- Аяқтаушы әмбебап ойыншы болуға тиіс, өйткені ол шабуылда ғана емес қорғаныста да ойнауы керек.
- «Аяқтаушы» аланның артыңғы сызығында ойнаған кезде:
- Допты ойынға қосқан сәтте әрдайым 6-шы аймақта болуы тиіс!
- Егер доп блоктан аутқа ұшып кеткен жағдайда аяқтаушы допты қуып жетіп байланыстырушыға беруі тиіс.
- Артыңғы алаңға ұшып бара жатқан барлық доптарды аяқтаушы қабылдап байланыстырушыға беруі міндетті.
- Аяқтаушы артынғы алаңда қолын төмен түсіріп допты астымен қабылдап ойнауы тиіс, қарсылас шабуыл жасағанан кейін блокқа доп тимей ауытқа ұшқан сәтте, ол алдынғы алаңдағы қатарды сезінуі тиіс.
Рефлексия және бағалау парағы
Оқушының аты-жөні_________________________________________
Рефлексия | |
Бүгін мен білдім.... |
|
Менде бәрі жақсы шықты.... |
|
Қиындық туғызды.... |
|
Өзін-өзі бағалау
Оқушының аты-жөні _________________________________________
Дескрипторлар
| «+» орындады «-» орындамады |
шабуылдау соққысын орындау кезінде байланыстырушыдан тордың шеткі жағында орналасу; |
|
допты алаңның қарама-қарсы жағына лақтыру |
|
шабуылға жүгіруді орындау |
|
доп қарсыластан берілгеннен кейін, допты қабылдау және байланыстырушыға жеткізу |
|
оның аймағында болып жатқан қарсыластың шабуыл әрекеттерін қорғау |
|
ойын барысында ҚЕ сақтау |
|
Карточка №1
Волейбол добымен жаттығу кешені
1.Бірінші ойыншы допты түрлі траекториямен және түрлі қашықтықпен серіктеске тастайды; серіктес допты алады және оны бірінші ойыншыға жібереді.
2. Жоғарғы (төменгі) әдістер арқылы допты беру.
3. допты жоғары әдістермен, жанына жүру арқылы беру.
4. кеуде тұсынан білекпен лақтыру.
5. жұппен допты еденге соғу арқылы беру
6. Бірінші ойыншы төменнен екі қолмен допты қабылдайды, содан кейін - серіктесті екі қолмен жоғарыдан асырады; серіктес допты ұстап алады және екі қолға аударады, сосын серіктестің жоғарғы жағына екі қолмен береді және т.б
7. жоғарыдан екі қолмен қабылдайды, әріптесіне – төменнен екі қолмен береді
8. Жоғары – төмен допты қарсыласына беріп ойнайды ; әр доп берген сайын еденге отырып қайта тұрады (домалау немесе аунау қимылын жасайды).
9. еденде отырып допты беру
10. Бірінші ойыншы доппен екінші ойыншы еденде отырады, Бірінші ойыншы отырып доп береді, екінші ойыншы допты қабылдап, орныннан тұрып қайта бірінші ойыншыға жібереді
11. әріптесіне допты береді, допты кеуде тұсынан қабылдап бірінші ойыншыға секіріп қайтарады.
12. допты бір-біріне секіріп беру
13. бірінші ойыншы екінші ойыншыға арқасымен тұрады. Екінші ойыншы түрлі қашықтықтардан допты лақтырып «доп!» («ап!» т.б.).дыбыс береді. Дыбыстан кейін бірінші ойыншы айналып допты қабылдайды. Осылай жаттығу қайталанады.
14. Жұпта доп беру. Әр-бір доп беру тәсілінен кейін ойыншы 360 градусқа айналым жасауы тиіс.
15. Әріптесіне доп беру. Бірінші ойыншы допты жоғарыдан қабылдап 180 градусқа бұрылып әріптесіне жоғары және төмен тәсілдерімен допты қайтарады.
16. Допты қабылдау, тордан қайтқан лақтырудан кейінгі немесе шабуылдан кейінгі доптарды қабылдау шабуылшынын жанынан іске асырылады.
17. Жұпта доп беру; әріптестер кезекпен алдап шабуыл соққысын жасайды.
18. Жұпта доп беру: әріптестер арақашықтықты жайлап 12-16 метрге дейін ұзартады, кейін біртіндеп 1,5 – 2 метрге дейін қысқартады және т.б.
19. Жұпта доп беру: бірінші ойыншы допты екінші ойыншыға жеткізбей тастайды, әріптесіне доптын астынан пас беріп бастапқы қалыпқа қайтады. Бір неше қайталаудан кейін әріптестер орын ауыстырады.
20. Жұпта доп беру: бірінші ойыншы әрептесіне доп береді өзі доптын сонына әріптесіне жүгіріп қашықтықты 2-3 метрге қысқартады. Екінші ойыншы біріншіге пас береді, бірінші екіншіге пас беріп бастапқы қалыпқа қайтады. Содан кейін ойыншылар орын ауыстырады.
21. Тордын жанына секіріп пас беру ойыншының мақсаты доп торға мейлінше жақын, жанап отуі тиіс. Пас беру кезінде ойыншылар торға беткі жағымен қарап жанымен пас беру әдісін орындайды.
22. Бірінші ойыншы баскетбол қалқанына доп лақтырады, кейін секірган допты екінші ойыншы еденнен көтеріп қайтадан баскетбол қалқанына лақтырады.
23. Бірінші ойыны допты әріптесіне он жанына және сол жанына допты береді. Екінші ойыншы орын ауыстырып доты қабылдап қайтадан орнына қайтарады. Бір неше қайталаудан кейін ойыншылар орын ауыстырады.
24. Әріптестер алаңның 3 және 4 бөлігінде орналасады. 4 алаңдағы ойыншы 3 алаңдағы ойыншыға алаңның шетіне пас береді. Допқа орын ауыстырып 4 алаңнан шабуылдауға дайындалады, өзі бастапқы орынға қайтады. 4 алаңнан қайтадан алаңнын шетіне пас береді.
25. Әріптестер бір-бірінен 10-15 метр қашықтықта орналасады. Біріншісі соққы жасайды екіншісі допты қабылдайды. Кейін өзі допты қабылдап бірінші ойыншыға соққы жасайды.
26. Бірінші ойыншы шабуыл соққысын жасайды, екіншісі допты қабылдайды. Кейін бірінші допты қабылдап екінші ойыншы шабуыл жасайды.
27. Бірінші ойыншы қабырғаға шабуыл соққысын жасайды екінші ойыншы кері серпілген допты қабылдайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру