Жүгіру эстафетасын өткізу жолдарын құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1- бөлім: Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру

I-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сыныбы: 9

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру эстафетасын өткізу жолдарын құрастыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалай білу.

Бағалау критерийлері

  • жүгіру барысында, жүгіру дағдысын дамытып жатқандығын орындап көрсетеді;
  • физикалық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін бағалай білетіндігін көрсетеді;

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағазадағы функционалды өзгерістерді көрсете және талқылай алады қауіпсіздік техникасы, қадамдар, аттау.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • қысқа қашықтыққа жүгіру, старт, мәре, стайерлік жүгіру, дистанция бойынша жүгіру
  • спринтер, стайер

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің ойыңызша бұл жаттығуды орындау қаншалықты жемісті болды?
  • Қысқа және ұзақ қашықтықтарға жүгірушілерді қалай атайды?

Құндылықтарды дамыту

• Оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

• Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;

• Оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пән аралық байланыс

Биология (жүгіру жаттығуларын орындау барысында дене бұлшық еттерінің әсерін анықтайды)

Физика (оқушылар өз жылдамдықтарын есептеп бағалайды)

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=m9IvNeyXvXchttps://www.youtube.com/watch?v=bD2-ryKCpLc

Бастапқы білім

Оқушыларың жеңіл атлетика бойынша білімдері бар және алдыңғы сыныптарада және оқудан тыс уақытта танысқан жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларымен таныс.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

- Жүру жаттығуларын орындау;

- Жүгіру жаттығуларын орындау;

- Жылдамдыққа жүгіру;

- Тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау;

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.

Қимыл-қозалыс ойындарын ойнату.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар.

Үлкен, бос кеңістік әр қызмет үшін. Ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

Тапсырма: 4х100м-ге эстафета жүгіру

Эстафета таяқшасын алда жүрушінің оң қолына төменнен оң немесе сол қолымен береді. Беру үшін сызықтан тұратын 20 метр қашықтықта қабылдаушы тұратын сөрелік, беруші кесіп өткенде, қабылдаушы жүгіре бастайтын аралық (гандикаптық) және соңғы берушіден эстафета таяқшасын қабылдап алмайынша  қабылдаушының өтіп кете алмайтын шектеулі сызығында жүзеге асырылады. Міндет мынада: қабылдаушы эстафета таяқшасын беру аймағында елеулі шапшаңдыққа жеткенде ғана қабылдап алуы керек. Таяқшаны беруді үйрену үшін мынадай жаттығулар орындалады.                                   1. Орнында тұрып таяқшаны беруді үйрену. Оқушылар екі- үш лекке тұрады, бір-екіге санап, есеп жүргізеді. Артта тұрушы таяқшаны оң қолына алады. Бірінші номерлердің бәрі оң қолдарын артқа жіберіп, алақандарын жаяды. Артта тұрған оқушы белгі беріп, алда тұрған оқушының қолына таяқ – шаны ұстатады; ол өз кезегінде келесі балаға береді. Таяқша бастаушыға жеткенде барлығы бір мезгілде кері бұрылады және таяқшаны беру кері бағытта басталады.                                      .       2. Оқушылар командаларға бөлінеді. Беру аймақтары сызылады. Оларда әр команда өздігінен жаттығады.                     3. Эстафеталық жүгіруден жарыс өткізіледі.

 

 

Үлкен жүгіру алаңы. Әр қызмет үшін: ысқырық, эстафета таяқшасы, секундомер, жалаушалар.

Сабақтың соңы:

5 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Ашық сұрап-жауаптар

Үйге тапсырма

Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ білу. Жүгіру техникасын игеруді жетілдіру.

Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын орындау.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Осы бөлімде оқушылар жеңіл атлетика бойынша түрлі жаттығулар орындайды, жүгіру жаттығуларын танып біледі, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы бекітеді.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін оқиды және кері байланыстың құрамдылығын көрсетеді. Оқушылар секіру қабілеттерін құрамдас жаттығулардың дамуына себепкер болатын топтық жұмыстарды орындау кезінде біріктіріп жібереді.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сұраңыз: Жүгіру жаттығуын орындау барысында қандай реттілікті сақтау қажет?

4х100м эстафетасын жүгіру барысында қандай қиындықтар болды?

Оқушы қандай сәтте жүгіруді бастайды? (ақ жалаушаны көтергеннен немесе «рұқсат» дауыс белгісінен кейін)

Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма?

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 Жеңіл атлетика тарауындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу