Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 84 сабақ.
Сабақ жоспары № 84
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету; | |||||
Сабақ мақсаттары | - қауіпсіздік ережесін біледі; -ойын тактиксының қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылайды; - ойын тактикасының үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету; | |||||
Бағалау критериі | - ойын тактикасын көрсету барысында қауіп қатерлерді анықтайды; -ойын тактиксының қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылайды; - ойын тактикасының үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Ойын тактикасын құру барысында қандай қиындықтарға тап болыдңыз? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурсына сілтеме: Тактика игры https://www.youtube.com/watch?v=w6kg1ZBvJjg | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: -оқушылар проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді. -мақсатқа жету үшін мұғалім жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады. - Спорттық ойындар және эстафеталар тактикаларды, шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданылады. –Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) «Шаттық шеңбер » әдісі . Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық Ғаламтор ресурсына сілтеме: Тактика игры https://www.youtube.com/watch?v=w6kg1ZBvJjg
| ||||
Сабақтың ортасы 10-30 | (Т.Ж.ҚБ) Оқушылар топта суретте берілген тактикалықәрекетті орындайды . Сурет әр топқа жеке беріледі. Тапсырмаларды орындап болған соң әр топ өз тапсырмаларымен алмасады. 1 топ 2 топ Дескриптор -қауіпсіздік ережесін сақтайды. -суретте берілген әрекетті орындайды; -топта көшбасшылық әрекетті көрсетеді; - доппен дұрыс қозғала алады; -қақпашының іс әрекетін орындайды; Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы. Мұғалім сұрақ қояды: Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар туындады? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш, конустар, қақпа. Ғаламтор ресурсына сілтеме: Ойын тактикасы https://www.youtube.com/watch?v=dYotZHEltxM Тактика игры https://www.youtube.com/watch?v=w6kg1ZBvJjg | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру