Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 67 сабақ.
Дидактикалық материалдар №67
Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту
Ойын жаттығуларында баскетбол техникасына үйрету.
Қосымша мәлімет
Допты жұлып алу
Егер қорғаушы допты алу мүмкіндігіне ие болса, ең дұрысы оны қарсылас қолынан жұлып алу болып табылады. Бұл үшін допты екі қолмен тереңдей қамтып ұстап, сосын тұлғаны кілт бұрып допты өзіне тартып алу керек. Допты көлденең ось бойымен айналдыру қажет, ол қарсыласының кедергісін бағындыруды жеңілдетеді.
Допты түсіріп алу
Қазіргі кезде бұл амалдарды орындауда бір мезгілде қорғаушы қолымен шабуылшы қолының доп арқылы байланыстыратын ойын ережелерінің жеке бөліктерін жаңаша түсіндіруге байланысты допты түсіріп алудың қорғаушы әдістерінің тиімділігі мен әсерлілігі біршама артты.
Қарсылас қолынан допты түсіріп алу. Қорғаушы шабуылшыға жақындап, оның доппен әрекетіне белсенді бөгет жасайды. Бұл үшін ол қолын допқа созып, жартылай құлайды, сосын бастапқы қалыпқа келеді. Түсіріп алуды қолайлы сәтте саусақты қимылданып орындайды (жоғарыдан немесе төменнен).
Жүргізуден допты түсіріп алу. Добы бар шабуылды өтуді жүргізумен бастаған сәтінде қорғаушы қарсыласына торға қарай тура жол қалдырып, артқа қарай сәл секіре шегінеді және оны қаптал сызығына қарай шығыстыра соңына түседі. Сосын қорғаушы шабуылшы жылдамдығындай жылдамдық алып жүргізу ырғағын айқындап, алаңнан ұшып шыққан доп қолға тиер сәтте қарсыласына жақын қолмен допты түсіріп алады (48-сурет).
Шабуылшының арт жағынан келіп, өту сәтінде де допты түсіріп алуға болады (49-сурет).
49-сурет. Допты артынан түсіріп алу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру