Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 20 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №20

Сабақ тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсты: 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу;

Оқушылаарды сапқа тұрғызып сәлемдесіп алған соң сабақтың мақсаты тақырыбы және күтілетін нәтижемен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Тапсырмаларды орындамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске салып кетіңіз.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Бағдаршам».

Жасыл, сары, қызыл түсті қағаздар пайдалынылады. Балалар пойыз сияқты бірінің соңынан бірі тұрып жүреді. Оқушылар зейін аударулары керек, мұғалім қай қағазды көрсетеді сол кезде тапсырманы орындау керек. Жасыл түсті көтергенде – қорсылдау керек, бірақ жүру жалғаса береді. Сары түсте – тоқтайды, сол орнында қатып қалады. Қызыл түсті көргенде – орындарындажерді тебіну керек.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Оқушылар жұптарда «тоғызқұмалақ» ойынын ойнайды, әріптестерімен ауысады.

«Тақия тастамақ»

Ойнаушылар шеңберге тұрады және жүргізушіні таңдайда. Оның қолында төбетей болады. Ол келесі сөздерді айтып, балаларды айналады: «Бір ой бар («Тақия тастамақ»). Асықпай ойынды бастаймыз: шеңбер құрап отырамыз». Осы сөздерден кейін балалар отырады да, жүргізуші жалғастырады: «Жаймен, асықпай сендерді айналамын. Осы кезде төбетейді білдіртпей бір ойыншының жанына қоямын. Егер ол байқамаса, төбетеймен ұрамын. Сол ойыншыға ойынды жалғастыруға тура келеді». Осы сөздерді айтып, жүргізуші алдымен біреудің артына төбетейді білдіртпей еденге қояды. Сөз аяқталғаннан кейін балалар айналасынан қолдарымен төбетейді іздейді; төбетейді артынан тапқан оқушы жүргізушіні қуып жетіп, басына төбетей кигізеді. Егер ойыншы жүргізушіні қуып жетпесе, онда жүргізуші ойыншыны қуып жетіп, ақырын төбетеймен ұруы тиіс. Осылай бір шеңбер айналады.

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады.

(Футбол, волейбол, баскетбол т.б)

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу

Берілген сілтеме бойынша ұлттық ойындарға қысқаша мағлұмат беріп өтіңіз. http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/235-madeniettanu/2742-azati-ltti-oyindari.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу